Лекция Жиын ұғымы, элементі



бет20/37
Дата03.11.2023
өлшемі1,35 Mb.
#121530
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Бақылау сұрақтары:
1. Нақты сандар.
2. Нақты сандардың сан осінде кескінделуі.
3. Оң рационал сан.
4. Ақырсыз ондық бөлшек.
5.Ақырсыз периодсыз ондық бөлшек.
6. Оң нақты сандар жиыны.
7. Оң нақты сандарға қолданылатын амалдар.
8. Комплекс сандар.
9. Түйіндес комплекс сандар.
10.Комплекс сандарды тригонометриялық формада жазу.


Жаттығу:
1.Комплекс сандарды дәрежелеу.
2.Комплекс санды тригонометриялық формада жазу.
3.Комплекс саннан түбір табу.
4.Түйіндес комплекс сандардың жазылуы.
5.Комплекс сандарға малдар қолдану.


Лекция 14.


Ауызша және жазбаша есептеулер.
Тиімді және тез есептеу тәсілдері.
Стандартты емес және қызықты жаттығулар
Лекция мақсаты
1. Стандартты және қызықты жаттығуларға түсінік
2.Логикалық ойын түріндегі есептерға тоқталу.

Халық ойындары тәрбие құралы ретінде туған. Тәрбие-сан салалы. Демек, ойынның атқаратын қызметі сан алуан болады. Атқаратын қызметіне қарай ойын жұмбақ, жаңылтпаш, ермек, айтыс, құрақ, оралым, ою-өрнек, мозаика, шытырман, жарыс, интермедия, дұзақ, қара есеп, сұрақ, алмастыру, қозғалыс, жаттығу және дидактикалық ойындар болып бөліне береді. Бұлардың әрқайсысы да жіктеледі. Мысалы, тарихи қалыптасқан жұмбақтар қоғамның талаптарына қарай мағынасы кеңейіп, ребус, шарада, анаграмма, чайнворд, кроссворд, метаграмма т.б. болып өзгеріске енді.


Дүниежүзілік мәдениеттен сырт қалып, томаға-тұйықта қалмау үшін оларды да орнымен, құрылымын пайдаланып, салт-дәстүрлік мағына беріп, оқыту процесіне пайдалану діттегеніңе дәл тиіп, көмегін беретініне күмән жоқ.
Білім мен тәрбие – егіз. Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, танымын кеңейткен. Білім бере отырып, тәрбиелеген. Сондықтан болар ғұлама ұстаз әл-Фараби ілім мен тәрбиені қатар ұстап, тәлім сөзін пайдаланған. Мұның да жанды себебі бар. Халық математикасы практикалық қажеттіктен туған. Осыдан да қазақ халқының ауыздан ауызға тараған есептері оның тыныс-тіршілігін, табиғатпен, қоғаммен қарым-қатынасын, ойлау жүйесін білдіреді.
Әр заманның өзінің көтерер жүгі бар. Осыдан да кейбір халық ойындары түрленіп, кемелденіп отырады. Оны біз жұмбақ мысалынан көрдік. Алайда оның түп мақсаты біреу. Ол - өз ұрпағының келешегі, көгеруі.
Ұлттық ойындар – адамды тәрбиелеудің сындарлы да сазды құралдарының бірі болғандықтан, оны оқу-тәрбие процесінде пайдаланбау ағаттық.
Қазіргі педагогикалық психология ілімі бойынша оқушының танымдық қызығуы мен ізденімін тудыратын буындардың бірі – математикалық ойындар.
Халық тәрбиесі – үздіксіз процесс. Және ол ерте басталады. Бала ана құрсағынан тәрбиеленетіндігін қазақ атам заманнан байқаған. Немересі әдемі, әрі сезімтал болсын деп, енесі екіқабат келінін айлы түнде көлге шомылдырған. Мұндай тәрбиені қазіргі ғылым да растайды. “Шешесін көріп қызын ал” деген мақал да бір нәрсені аңғартса керек-ті.
Демек, бастауыш мектептен бастап сабақ кезінде немесе сабақтан тыс уақытта баланы ойын арқылы өмірге тәрбиелеу – осы үздіксіз процестің жалғасы.
Ұғым – заттың негізгі сипаттары туралы ой түйіні. Ойды білдіретін негізгі құрал – тіл. Тіл – ой көркі деп бекер айтылмаған. Демек, ойын - өмір терезесі. Осыдан да ойынды үлкендер де, жастар да ойнайды. Ғылымда ойындар теориясы әртүрлі ахуалдағы мәселесі шешудің тиімді жолы қайсысы деген сұраққа жауап берумен айналысады. Өмірдің тиімдісі мен тиімсізін айыра білуге үйрету – даналыққа баулу. Қазақтың қай биін алсақ та дауыл мәселені шешу үшін, екі жақты шақыртып, ақ-қараны ашу сұрақтар қойып, проблемалық ахуалға, әртүрлі математикалық ойындарға, есептерге тіреген емес пе?! Олай болса, баланы тәлімге үйрететін дидактикалық ойындар мен логикалық есептерді мұғалімнің пайдалануға бет бұруы қуанарлық іс. Осылай болғанымен, мұғалімнің басшылыққа алатын әдістемелік құралы жоқ. Біз осының орнын иненің жасуындай болса да толтыруды осыдан он жыл бұрын ойластырғанбыз. Бірақ түрлі әкімшіл-әміршілік әрекеттердің қырсығынан еңбегімізді шығара алмадық.
Балаға әрбір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырып, ойын ережесін түсіндіріледі. Сондай-ақ, пайдаланылатын құрал-жабдықтары айтылады. Халық ойындары қолға түскен қарапайым заттармен ойнала береді. Олай болса, оның дидактикалық құралдарын даярлау онша күрделі емес, оны әрбір мұғалім даярлай алады.
Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.
Ана тілі – барлық тәрбиенің, білімнің бастауы. Олай болса, ойын тілі – ана тілі. Сонда ғана ол балаға түсінікті болып, бойына судай сіңеді.
Біздер дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептерді, ермектерді, әртүрлі сұрақтарды қарастыратындықтан, бірлі-жарым басқа ел сөздері кездесіп қалады. Мұғалім олардың мағынасын түсіндіріп отыруы керек. Онсыз бала тастай қараңғы үйге кіріп кеткендей болады. Көрмеген жердің ой-шұқыры көп демей ме халқымыз. Демек, мұғалімнің де аңдап сөйлеуіне тура келеді.
Ойын таным әдістерімен бірге, іскерлікке, тапқырлыққа, жігерлілікке, белсенділікке, саналылыққа, бірлікке, зейінділікке, ұстамдылыққа, әділдікке, қажырлыққа, қиялға тәрбиелеумен бірге, санауға, өлшеуге, беттестіру әдісіне, тең шамалылыққа, тең құрамдылыққа, топтауға, жіктеуге, біріктіруге, қатысқа т.б. сияқты математикалық ұғымдарға алдын ала тәрбиелейді. Ойын үстінде бала тілі дамиды.
Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз әрі жеңіл, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет.
Ойындар сыныптар бойынша топтастырылуы керек, олардың кейбіреуін бірнеше рет пайдалануға болады. Мәселен, 3 пен 4-ті пайдаланып сан жаз десек, оны бастауыш сынып оқушылары 34, 43 десе, ондық бөлшекті білетін бала 3,4 не 4/3 деп те мысал келтіреуі мүмкін. Ал жоғары сынып оқушысы 34 деп жазса оның бұл білімділігін ғана көрсетеді.
Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, жалпыланып, қорытындыланып отырылса оқушыларға пайдалырақ болады.
Қазақ халық ойындарының күрделі тәрбие мәселесін қоятындығын жас баламен ойналатын “Қуырмаш” ойнынан да байқауға болады. Ойын тура және кері санауға, рет қатынасына, саусақ-санау құралы екендігіне, саусақ бірлікте өмір сүретіндігіне (жиын), нәрсені сипаты арқылы ажырататындығымызға, сезімін тәрбиелеуге (алақанын қытықтау арқылы нерв ұшы-сіркесіне тию арқылы) бала мен ана (үлкен) мейірімділігіне, жан рахатына (күлу), еңбек түрлеріне, азық даярлау әдісіне (қуыру) баулиды.
Мұғалімнің келесі бір басты міндеті – жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды, яғни себепсіз ешнәрсе пайда болмайды қағидасын басшылыққа алу. Оқу әрекеті себепті байланысты деп қарайтын болсақ қана, соған үйрете алсақ, бала ойы ұштала түседі.
Адамның ой-өрісінің өзгеруіне сай, ұғым мазмұны да бірте-бірте ашылады. Демек, бұрын қарастырылған мәселелер-ойындар, есептер қайта қаралып, толықтырылып отырылса ғана өз діттегеніне жетеді. Мұны біз ұлы Абайдың қара сөздерінен үйренуіміз керек. Ғылыми көзқарас та осы.
Сонымен, оы сияқты күрделі оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жүргізе алуы үшін, оқушыны жасытпай, жігерлендіре отырып сенімге үйрету керек. Қызықтауын еліктеуге айналдырып, оны тұрақтандыруға ықпал ету керек. Тұрақты қызығу ғана білмекке құмарлықты тудырып, таным ізденісіне бастайды. Қызықтауды тудыру үшін, ойын жаңа, тітіркенгіштері ала-құла, диалектикалық қайшылықта болып, есепті шығаруға оқушының күші келетіндей болуы дұрыс. Бұл жерде сөз құдіреті, екпін, тақырып қою, астын сызу немесе ерекшелеп жазу, бояуды пайдалану мәйектік мәселені ажырату, проблемалық ахуалға тіреу ерекше маңыз алады. Сөйтіп, мұғалім оқушыны өзіне қаратып, еліктіреді де ойынды орындауға әзірлейді. Әрбір ойынның өз ережесі бар. Мұғалім ойын ережесін бірден баяндап меңгертеді. Ойын мақсаты түсіндірілгеннен кейін оқушыға күш-жігер беріп, ойынды бастайды. Көңілмен-ынтамен кіріскен ойын ғана нәтижеге жеткізуі мүмкін. Ойынды дұрыс аяқтау ғана ойынның түпкі мақсатына жетуге көмектеседі. Қорытынды кезінде жетістіктер аталып, кемшіліктер көрсетіледі. Келешекке нұсқау беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет