Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе


а-дәріс. Ғылымның философиялық негіздері және әлемнің ғылыми бейнесі



бет30/44
Дата30.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46294
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
10а-дәріс. Ғылымның философиялық негіздері және әлемнің ғылыми бейнесі

1. Ғылымның философиялық негіздемелері


2. Дүниенің ғылыми бейнесі және оның негізгі типтері


Өзекті ұғымдар: әлемнің ғылыми үлгісі, философия, дүниетаным.

Ғылымның философиялық негіздерін бірнеше тұрғыдан қарастыруға болады. Мәселен, әлемнің онтологиялық негіздеріне белгілі бір уақытта қабылданылған әлем үлгісі, материалдық жүйелердің сипаты, көзқарас түрлері, олардың байланыстары жатады. И.Ньютон механикасының онтологиялық негізі кеңістік пен уақыттың субстанциялды сипаты мен олардың бір-бірінен тәуелсіздігі туралы көзқарас болып табылады.


Ғылымның гносеологиялық негіздерін белгілі әлем аясында өріс алған тек таным процесінің сипаты, сезімдік таным рационалдықтың өзара қарым-қатынасы, теория мен тәжірибенің байланысы құрайды.
Мәселен, Э.Мах өз уақытында теориялық ұғымдарды түсіндірудің сол кездегі дәстүріне сүйеніп, Л.Больцманның газдың молекулалы-кинетикалық теориясын жоққа шығарды. Э.Мах көрнекті теориялық ұғымдар тәжірибе жүзінде дәлелденуі керек деп есептеді. Бұл уақытта Л.Больцман қолданған «атом» ұғымы осы талапқа сай емес еді, яғни оны прибордың көмегімен басқару мүмкіндігі ашылмаған болатын. Осындай гносеологиялық негіздерге сүйеніп, Э.Мах, И.Ньютонның абсолютті кеңістік пен уақыт ілімін де жоққа шығарды.
Ғылымның логикалық негіздеріне ғылымда қабылданылған абстрактілеу, бастапқы және туынды ұғымдарды жасау, қорытындылау ережелері жасалды.
Ғылымның методологиялық негіздеріне ғылыми білімді алу мен жаңалықтарды ашудың әдістері мен жолдары туралы ұстанымдар жатады. Бұлар әртүрлі ғылымдар және әрбір дәуір үшін әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, көне грек мен египет геометриясының методологиялық негіздері бір-біріне ұқсамады. Осы пікірді Аристотель физикасы мен Галилей-Ньютон физикасы туралы да айтуға болады.
Сонымен қатар, ғылымның құндылықтық, аксиологиялық негіздері де бар. Ғылымның қоғам дамуындағы маңызы, мәдениетпен, прогреспен байланысы оның аксиологиялық сипатын анықайды.
Көрсетілген факторлардың бәрі философия мен ғылымның арасында өте тығыз, мағыналы, іргелі байланыстар бар екендігін дәлелдейді. Философия ғылымда ашылған жаңалықтарды жалпы ұғымдар мен принциптер тұрғысынан түсіндіреді. Сөйтіп, әрбір ірі дәуірге, тарихи кезеңге тән бағыттарды анықтайды, қандай дәуірден ғылымның қай саласы алдыңғы қатарға шығатынын айқындайды, оның нәтижесін бағалап, себебін түсіндіреді.

Философияның функциялары


Философия негізінен екі маңызды функцияны орындайды; дүниетанымдық және методологиялық. Дүниетанымдық функциясында философия дүниетанымдық сұрақтарды шешудің, саналы дүниетанымның қалыптасуының теориялық негізі болып табылады. Философияның дүниетанымдық функциясының іске асырылуы барысында адамда болмыс, адам, қоғам туралы белгілі концепция пайда болады.
Философияның дүниетанымдық функциясы онтологиялық, гносеологиялық, әлеуметтік-тарихи функциядан құралады. Соңғысы алдыңғы екеуіне де кіре алады, бірақ оны жеке бөліп қарастырған тиімді. Өйткені әлеуметтік шындықтың ерекшелігі бар және ол болмыс пен танымның жеке бөлігі. Бірақ бұл жеке бөлік адам үшін өте маңызды. Ол адамды қоғамдық өмірдің мәселелерін және болашағын ойластыруға жетелейді.
Философияның методологиялық функциясы оның практикалық мақсатты іске асырудағы және жаңа білімді игерудегі мүмкіндігін көрсетеді. Адам іс-әрекетінің шаруашылық, саяси, ғылыми, педагогикалық салаларының әрқайсысының өзіндік методологиялық ұстанымдары, сонымен қатар, жалпы ұстанымдар да бар. Философия іс-әрекеттің әр түрлі саласындағы нақтыланатын жалпы методологиялық идеяларды ұсынады.
Өзінің дүниетанымдық функциясында философия болмыс пен танымның жалпы қасиеттері мен заңдылықтарын тануға ұмтылса, методологиялық функциясында танымдық және практикалық іс-әрекеттің бағдарламасын жасауға негіз болуға тырысады.
Философияның методологиялық функциясына аксиологиялық функцияны да жатқызады. Аксиологиялық функция адамның құндылық бағдарының, идеалдардың, сенімдерінің қалыптасуымен байланысты.
Ғылым философиясында ғылымның негізін ғылыми танымның идеалдары мен нормалары, философия, әлемнің ғылыми үлгісі құрайды.
Әлемнің жалпы ғылыми үлгісі – белгілі бір дәуірде ғылымда үстемдік ететін жеке ғылыми әлем үлгілерінің біреуі. Мысалы, классикалық ғылымдағы механикалық принцип барлық ғылымдарға әсер етті, тіпті социология мен саясаттану да осы принципке сүйенді. Сонымен қатар, бірқатар картиналарда көрініс тапты, көркем шығармалардың жекелеген композициялық құрылымдарында, классицизм әдебиетінде қайта дәуірлеу кезеңінде тұрақты қолданыста болды. Бірақ, бұл ғылыми білімнің белгілері өнер үшін соншалықты маңызды болмайды, міндетті деп қарастырылмайды, тек көркемдік шешімдерді жүзеге асыру құралдары ретінде қолданылады.
Классикалық емес жаратылыстану ғылымдарында әлемнің жалпы ғылыми үлгісіне кванттық механика мен салыстырмалы теорияға сүйенген әлемнің физикалық үлгісі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет