Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе


Адамның ақыл-ойы дүниенің терең байланыстары



бет32/44
Дата30.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46294
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Байланысты:
ҒТФ., лек.жинағы (1)

Адамның ақыл-ойы дүниенің терең байланыстары мен қатынастарын танып білу негізінде оның біртұтас ғылыми үлгісін қалыптастыруға тырысады. Қ.Р.Рахматуллин, Б.А.Тұрғынбаев «Дүниенің қазіргі заманғы ғылыми картинасы» деген еңбегінде «дүниенің ғылыми картинасы» ұғымына жан-жақты талдау жасай отырып, оның құрамына ғылыми білімнің бәрі бірдей емес, тек ең жалпы сипаттағы обьективтік ақиқат дәрежесіне жеткендері ғана енетінін көрсетеді. Оған жаратылыстанумен қатар қоғам мен адам жайлы білімдерде де кіреді. «Осы тұрғыдан алғанда дүниенің ғылыми картинасын пирамида түрінде өрнектеп көрсетуге болар еді: пирамиданың негізін жалпы, принциптер мен заңдар, орталық шегін жалпы ғылымдық ұғымдар құрайды, ал жоғарғы жағында жеке ғылымдардың жалпы картинасын, бәлкім, негізі судың астында болып, тек үстіндегі жағы ғана күн сәулесінен жалтырап тұратын айсбергке ұқсатуға болар». Осындай ой білдіре отырып, К.Х.Рахматуллин мен Б.А.Тұрғынбаев: «дүниенің ғылыми картинасы деп обьективтік дүние және адамның өзі жайлы принциптер негізінде біртұтас системаға келтірілген жиынтығын ұғынамыз» деп жазды.
Қорыта айтқанда, дүниенің ғылыми картинасы ұғымы:
1) біртұтас дүние жайлы біртұтас білімді білдіреді;
2) олар фундаменталдық сипатта болады;
3) жалпы заңдар мен принциптер негізінде бір жүйеге келтірілген;
4) ол өлі табиғат пен тірі табиғатты да, әлеуметтік өмір мен адамның өзін де қамтиды; 5) ол практикада әбден тексерілген, обьективтік ақиқатты білдіретін білімдер;
6) айтарлықтай тұрақты;
7) ғылыми танымның алдағы дамуында соның негізінде жаңа білімдердің тууында эвристикалық рөл атқаратын білімдер.
Әлемнің ғылыми картинасына жақын ұғым – әлем үлгісі. Әлем үлгісі дегеніміз – белгілі дәстүр ішінде әлем туралы жүйелі және операциялық аспектілерде алынған түсініктердің барлық жиынының қысқа және қарапайым бейнесі».
Үлгі жасау – әлемді игерудің көне әмбебап тәсілдерінің бірі.
Әлем үлгісін қоса алғанда, өмірде бір заттар мен құбылыстардың үлгісін құру мен игеру адам санасының көне формасына да, қазіргі формасына да тән.
Адам өмірінде әлем үлгісі ерекше маңызды орын алады. Оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны түйсініп, қатынас, байланыстық заңдылықтарын қалыптастырады, білімі мен тәжірибесін жйүеге келтіріп өзінің сезімі мен қажетін білдіреді.
Әлем үлгісінің негізгі қызметі – өмірді үзбеу, өмірдің үзілмеуі, ұдайы жаңарып отыруы. Адам әлемнің бөлшегі ретінде бұған жан-тәнімен мүдделі. Әлем үлгісі арқылы адамзат өздерінің парасат – пайымын, дүниедегі орнын, әлеуметтік болмысын айғақтайды.
Мифологиялық сипаттағы әлем үлгісін натурфилософия алмастырады. Мұнда әлем жүйесі математика және логика заңдылықтарына негізделеді. Осы көзқарастар аясында геоцентрлік және гелиоцентрлік әлем үлгісі қалыптасты.
Геоцентрлік ұстаным жерді әлемнің орталығы деп есептеп, жер мен аспан денелерінің қозғалысын бір-біріне қарсы қойды. Ал гелиоцентризм жердің күнді айналуы туралы және жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы заңдылықты көрсетті.
Қазіргі заманғы ғылыми әлем үлгілерін жасауда мынадай негізгі методологиялық принциптенр қолданылады.
Біріншіден, бұл натурализм, яғни ғылыми методтардың көмегімен тануға болмайтын тылсым және рухани себептердің болмауы.
Екіншіден, жаратылыстану ғылымдарының принциптеріне негізделмейтін әлем үлгісі болуы мүмкін еместігін мақұлдайтын принцип.
Үшіншіден, толық аяқталған абсолютті әлем үлгісін жасауға болмайтындығын көрсететін фаллибилизм принципі. Әрбір нақты теорияның өзінің әрекет ету аясы бар және жетілдірілуі немесе өзгеруі мүмкін.
Төртіншіден, кез-келген теориялық ұстаным ережелерінің тәжірибеде теріске шығуы мүмкіндігін ұсынатын фальсификация принципі.
Бесінші методологиялық принцип – тарихилық принципі. Оның мәнісі кез-келген әлем үлгісіне ол қалыптасқан уақыттағы тарихи дәуірдегі танымдық және идеологиялық факторлары ықпал ететінін көрсетуінде.
Тарихилық принципімен модернизм деп аталатын алтыншы методологиялық прицип тығыз байланысты.
Қалыптасқан әлемнің ғылыми үлгісіне жаңа қатынастар, өзгерістер, дүниетанымдық ұстанымдар әсер етіп отырады.
Осы уақытқа дейін әлемнің үлгісінің мынадай кезеңдері белгілі:
1. Әлемнің заттық – субстраттық үлгісі (көне дүние мен орта ғасырлар);
2. Әлемнің механикалық үлгісі (ХҮІІ-ХІХ ғғ.)
3. Әлемнің физикалық үлгісі электродинамикалық және квантты механикалық (ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың ортасы)
Әлемнің синтетикалық үлгісі (ХХ ғасырдың соңы). Оның негізінде жүйелілік, өзін-өзі ұйымдастыру, жаһанды эволюционизм принципі жатыр.
Қазіргі әлемнің ғылыми үлгісі екі бөлімнен тұрады. Оның құрамына, бір жағынан, классикалық әлем үлгісінің элементтері, екінші жағынан, қазіргі классикалық емес білім элементтері кіреді.
Әлемнің классикалық ғылыми үлгісі жер қабатындағы зерттеулер нәтижесінде алынған физикалық, химиялық, биологиялық заңдылықтарға, ал әлемнің қазіргі ғылыми классикалық емес білімнің нәтижесіне сүйенеді. Микро және мегаәлемді жан-жақты зерттеуге мүмкіндігі мол қазіргі ғылымда жер қабатындағы заңдылықтар жеке немесе ерекше сипаттағы заңдылықтар ретінде қарастырылады.
Әлемнің классикалық ғылыми үлгісінен классикалық емес ғылыми үлгісіне өту процесін түсіну үшін ғарышты зерттеу мәселесіне назар аударуымыз керек.
ХІХ ғасырдың аяғына дейін адам баласы өзінің өндірістік және ғылыми, практикасында жер қабатына жақын табиғи мүмкіндіктерді, яғни қуаттың көзі ретінде адам мен жануардың қара күші, судың, ауаның, будың механикалық күшін пайдаланды. ХІХ ғасырдың аяғында адам электр қуатын, ал ХХ ғасырдың ортасынан бастап атом қуатын игере бастады. ХХ ғасырдан бастап адамның тікелей қабылдауынан тыс нәзік және күрделі обьектерді игеру басталды. Математика, физика және астрономия ғылымдарының дамуы арқасында атом және ғарыш әлемі жан-жақты зерттелді.
Ғарышты зерттеу қажеттігі ғылымда ХІХ ғасырдың ортасында, ал практика жүзінде ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырдың басында пісіп жетілді.
Н.Ф.Федоров «ортақ іс» теориясын жасау барысында адам табиғатты игеріп, өзіне бағындыра отырып, өзінің организмін өзгертуді, ғарышты игеруді және ғарыш процестерін басқаруды мақсат етеді деген пікір қорытады.
К.Э.Циолковский осы идеяны одан әрі дамытып, жер төңірегі кеңістігін игеру және ғарышқа адамды қоныстандыру мүмкіндігін айта отырып, оны өзінің ғарыш философиясында дәлелдеді.
Әлемнің ғылыми үлгісінің динамикасындағы жаңа дәуір білімнің пәндік синтезі күшейе бастаған классикалық емес ғылымның одан әрі тереңдей түсуімен сипатталады. ХХ ғасырдың аяғындағы ғылымнығ дамуындағы негізгі ерекшелік – ғылымдар арасындағы жіктің жойыла бастауы.
Нақты ғылымдардың арасындағы айырмашылықтардың жойылып олардың бір-біріне жақындай түсуі әртүрлі ғылыми әлем үлгілерінің де біртіндеп жойыла бастауына әкеледі.
Әлемнің ғылыми үлгісі көпқабатты құрылымға айналады. Бір жағынан, әлемнің жалпы ғылыми үлгісі арнайы ғылыми үлгілерді бір ортаға тоғыстырып бүтіндік түрінде дами бастайды. Сонымен қатар, екінші жағынан, арнайы әлем үлгілерінің өзі белгілі білімнің жүйесі ретінде әлемнің жалпы ғылыми үлгісінің ықпалымен ғана пайда бола алады. Өйткені кез-келген арнайы әлемнің ғылыми үлілерінде әлемнің жалпы ғылыми үлгісінің элементтері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет