Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет93/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   113
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Қорытынды 
Сонымен, қорыта айтқанда, тұлғааралық қақтығыс дегеніміз – «
Адамның ішкі сезім 
дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның 
қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі» (А. Я. 
Анцунов, С. Б. Баклановский «Конфликтология») 
Ғылыми-әдістемелік, 
педагогикалық-психологиялық 
әдебиеттерде 
ғылыми 
халықаралық термин – 
конфликт 
қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-
жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер 
оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, 
олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі. 
Оқушылардың даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-психологиялық 
ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің 
келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұнытпаған жөн. 
№14 семинар 
Тақырыбы:
Қақтығыс заңдылықтары. 
Жоспар: 
1.
Манипуляторлардың түрлері. 
2.
Манипуляцияның негізгі әдістері. 
3.
Манипуляция процесіндегі жеке тұлға. Жасырын хабар ретіндегі манипуляция. 
4.
Еңбек ұжымындағы қақтығыстарды басқарудың тетіктері мен әдістері. 
1.
Манипуляторлардың түрлері. 
Эверетт Шостром өзінің «Анти-Карнеги, немесе адам-манипулятор» кітабында 
манипулятор деп аталатын әлеуметтік мінездің түріне сипаттама берді және 
манипуляторлардың сегіз түрін анықтады. Әр адамда бір түр басым болады. 
Э.Шостромның айтуы бойынша адам манипулятор болып туылмайды. Нарықтық 
қатынасқа икемделу барысында әр адам өзін қоршағандарды қулықпен алдап-арбап, өзіне 
бағынышты етіп алуға тырысады. Сондықтан, қарым-қатынастағы манипулятордың 
негізгі мақсаты басқаларға өзін беделді етіп көрсету және оларға өз өкімін жүргізу.
Манипулятор типтері: 
Өктемшіл (диктатор) - өз айтқанын орындатқысы келеді, бұйрық беруге, 
беделділердің сөздерін келтіруге құмар. Оның түрлері: Бастық, Босс, Шеф... 
Жігерсіз – (өктемшілге қарама-қарсы) өзіне өзі басшылық жасай алмайтын адам (тряпка) – 
диктатордың құрбаны, көлеңкесі. Оның түрлері: «Хамелеон», Ақымақ, Конформист, 
Ұялшақ, Жасқаншақ. 
Есепшіл - өзгелерді алдап, алдап, өтірік айтып күн көреді. Түрлері: Аферист, 
Пысықша (деловой, тек өз пайдасына шешетін), Құмарпаз, Рекламщик, Бәлеқор. 
Жабысқақ – (есепшілге қарама-қарсы) тәуелді болғанды ұнатады, беделділермен 
байланыстары бар екеніне мақтанады, өзгелер жетелеп, алдап, арбап жүргенді 
қажетсінеді. Түрлері: Арам тамақ (жатып ішер, паразит), Уайымшыл, Басқаларға арқа 
сүегіш (иждивенец), Дел-салдық (ипохондрия – дене көтере алмайтын ауру), Дәрменсіз 
(беспомощный). 
Хулиган - өзінің агрессивтілігін мақтанышпен көрсеткісі келетіндер. Түрлері: 
Қорлаушы, Жексұрын, Гангстер, Қауіп төндіретін, әйелдерде – қазымырлық (тілі сүйектен 
өтетін) 
Жарқын жүзді – (хулиганға қарама-қарсы) ізеттілігіне көңіл аудартады, барлық 
уақытта утысқа ие болады, оның ақ көңілділігінен жексұрынның тікмінездігі жақсы. 
Түрлері: Жағымпаз, Өкімет адамы, Өсиетші, Тілектес. 


Әділ қазы (судья) – ешкімге сенбейді, баршаны кінәлайды, кешіруі өте қиын. 
Түрлері: Білгір, Бағалаушы, Әшкерелегіш (обличитель), Кекшіл, Дәлел жинағыш, Кінәны 
мойындатқыш, Айыптағыш. 
Қорғаушы - әділ қазыға қарама-қарсы көрсеткіштермен сипатталады. Кешірімді 
екендігін анық байқатады, жұмсақ мінезді және түсінгіштігімен басқалардың тәртібін 
төмендетіп, өзіне бағыныштылардың өсуіне кедергі жасайды. Өз жұмысын орындаудың 
орнына өзгелерге қамқор болып жүреді. Түрлері: Ұябасар (шөжелі тауық), Жұбатушы, 
Жебеуші (құпия қамқор), Жәрдемші, Шәкірт, Жанкешті (самоотверженный). 
Тұлғааралық қатынаста манипуляторлардың осы типтердің біреуінің көрсеткіштері 
аса дамыған, кейде бірнешеунің көрсеткіштері қатар келеді. 
Манипулятордың өмірлік философиясын келесі төрт ұғымдармен жеткізуге 
болады: өтірікшілік, жете түсінбеушілік, қадағалаушылық, шектен шыққан арсыздық. 
Манипуляторға 
қарама-қарсы 
сипаттағы 
тұлғаны 
актуализатор 
деп 
атайды. 
Актуализатордың кредосы: шыншылдық, түсінгіштік, бостандық және сенім білдіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет