Влияние масштаба проявляется в том, что при переходе от более крупного изображения к более мелкому сокращается площадь карты. Выше уже говорилось, что показать в мелком масштабе все детали и подробности невозможно, и поэтому неизбежны их отбор, обобщение, исключение
Генерализация содержания топографической карты с уменьшением масштаба от 1:10 000 до 1:50 000.
Картаның тақырыбы және типі қандай элементтердің жоғары дәльдікпен, ал қай элементтерді жалпыластыру қажет екенін анықтайды. Мысалы, геологиялық және топырақ карталарында гидрографиялық торды толық көрсетуге болады, бірақ жолдар торын және елді мекендерді күшті жалпыластыруға болады, ал әкімшілік шекараларын көрсетпесе де болады.
Керісінше экономикалық тақырыптарға сай карталарда барлық елді мекендер, жолдар, әкімшілік бөлінуі жоғары дәльдікпен көрсетіледі, ал өзен желісін қысқартуға болады, тек кеме жүретін өзендерді сақтап қалуға болады.
Әртүрлі типтегі карталарда жалпыластыру деңгейі де әртүрлі болып келеді. Ең жоғары дәльдікпен жасалынатын карталар инвентаризациялық типтегі аналитикалық карталар, ең күшті жалпыластырылған карталар синтетикалық карталар (мысалы, аудандастыру карталары) (в особенности карты-выводы, карты-умозаключения).
Картаға түсірілетін объекттің (немесе территорияның) ерекшеліктері. Бұл фактордың ықпалы картада объекттің немесе территорияның өзіндігін (своеобразие) көрсету қажеттілігінде, оның ең сипатты элементтерін, типтік белгілерін бейнелеуде байқалады. Мысалы, құрғақ дала немесе жартылай шөл және шөл аудандарында ұсақ көлдерді көрсету аса маңызды, кейбір жағдайда ұсақ көлдерді үлкейтіп көрсетеді. Тундра зонасында мыңдаған көлдер таралған, сондықтан кейбір көлдерді көрсетпейді, ең маңыздысы бұл территорияның көлділік сипатын дүрыс бейнелеу қажет.
Объекттің зерттелу деңгейі. Объекттің зерттелу деңгейі картаның берілген масштабына және тақырыбына сәйкес болған жағдайда картограиялық бейнелеу өте жоғары дільдікпен болады, ал нақты материал аз болғанда бейне жалпыластырылған және схема түрінде болады (гипотезалық немесе болжау карталары).
Картаны безендіру (бейнелеу шаралары)Оформление карт (средства изображения). Көп түсті карталар бір түсті картамен салыстырғанда көбірек шартты белгі көрсетеді. Басылымның жақсы деңгейінде және фондық бояуларды, изосызықтарды, шартты белгілерді дүрыс таңдағанда бір картада бір-біріне жабу жолымен оқу үшін күрделі емес өзара жабатын алты белгісін көрсетуге болады. (При хорошем качестве печати и правильном подборе фоновых окрасок, изолиний, значков на одной карте путем наложения можно совместить до шести взаимно перекрывающихся обозначений без ущерба для ее читаемости). Бір түсті картада мұндайды жасау күрделі болады, аса маңызды жалпыластыру қажет болады.
Картографиялық бейнелеу белгілерінің жүйесі карта мазмұнының көлемін және картаның жалпы нагрузкасын шектейді. Себебі картаға түсірілетін объектілердің көлемі картографиялық белгілердің көлеміне сәйкес емес. Әдетте белгілердің көлемі картаның масштабында бейнеленетін объектілерден үлкен болады. Мысалы, масштабы 1:1 млн картада жол белгісінің ені жолдың негізгі енінен бірнеше рет жоғары болады (мысалы, осы картаның 0,1 мм 100 м тең). Географиялық атамалардың жазулары кейбір карталарда пайдалы ауданның жартысынан көп бөлігін алады.
Сонымен, белгілі бір карта үшін жасалынған картографиялық шартты белгілер жүйесі бейнелеудің дәльдігін, көрсеткіштердің дүрыс болуын, таңдаудың нормасы мен цензін анықтайды, жалпы картографиялық шартты белгілері картаның мазмұнынан ықпал етеді. Белгілердің ірі көлемі, әсіресе масштабтын тыс белгілер картаның геометриялық дәльдігін және объектілердің негізгі орнын көрсету мүмкіндігін төмендетеді. Шрифт ірі болған сайын аттары жазылған объектілердің саны кемиді.