Лекция жоспары: картографиялық жалпыластыру. Тақырыптық карталардың ерекшеліктері


Шектелген (локализденген) диаграммалар тәсілі



бет8/9
Дата19.11.2022
өлшемі2,06 Mb.
#51185
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Шектелген (локализденген) диаграммалар тәсілі. Шектелген диаграммалар тәсілімен үлкен территорияда тұтас таралған құбылысты көрсетуге арналған. Мұндай тәсілмен жер бетінің бөлек нүктелеріндегі карталастырылатын құбылыстың абсолюттік немесе салыстырмалы размерін бейнелейді. Құбылыстың размерін белгілі бір шкалада құрылған және таңдалған нүктелерде орналастырған диаграммалармен көрсетеді. Шектелген диаграммалар тәсілін территория бойынша құбылыс көрсеткшінің түгелдей таралуын көрсетпей, тек берілген жердің белгілі бір пункттерін сипаттау үшін қолданады. Мысалы, локализденген диаграммалар тәсілімен жел кестелерін (карта розы ветров) көрсетуге болады.

Применение локализованных диаграмм для характеристики повторяемости и скорости ветра

Различные виды «роз» - графиков повторяемости направлений и величин явлений




Картодиаграмма және картограмма. Картодиаграмма тәсілімен, белгілі бір шектелген территорияда құбылыстың жиынтық көлемін бейнелейді (басым абсолюттік көрсеткіштерін). «Картодиаграмма» деген терминімен карталастыру тәсілін және сол тәсілімен жасалынған картаны атайды. Бұл тәсілді қолданғанда территорияның саяси және саяси-әкімшілік бөлінуін пайдаланады, яғни картада мемлекеттік немесе мемлекеттің әкімшілік бөлінуінің шекараларын көрсетеді. Сонымен қатар территорияның экономикалық, табиғи немесе басқа белгілер бойынша бөлінуін көрсетеді. Картда әрбір территориялық бірліктің ішінде (территориясында), картаға түсірілетін құбылыстың шамасын көрсететін бір диаграммалық белгісі орналастырылады.

Құрылымдық және мамандандырылған картодиаграммалар

Картодиаграмма тәсілімен үлкен территорияда тұтас таралған (мысалы, егістік көлемін, ормандардағы ағаш қорын) немесе елді мекендерде шоғырланған (тұрғындардың, өнеркәсіптік өнімдері бойынша мөлшерлі көрсеткіштерін) құбылыстарды бейнелейді. Картодиаграмма құбылыстың территорияның жеке бөліктері бойынша таралуының мөлшерлі көрсеткіштерін салыстыруға мұмкіндік береді, бірақ құбылыстың нағыз географиялық орналасқан жерін көрсетпейді.
Картодиаграмманың шартты белгілері әдетте геометриялық фигуралар түрінде, квадрат, ұш бұрыш, шеңбер т.с.с. болады. Сонымен қатар шартты белгілер суреттелген формада, әріптік формада болу мүмкін. Картодиаграмманың фигуралары құбылыстың шамасын биіктігімен, ауданымен, көлемімен бейнелейді. Барлық шартты белгілер ұздіксіз немесе сатылы, абсолюттік немесе салыстырмалы (шартты) шкалаларда жасалынады. (употребляют также диаграммные фигуры, каждая из которых представляет лишь часть суммарной величины явления – по принятому соотношению. Например, для показа числа тракторов (по адиминистративным районам) устанавливают, что один рисунок трактора символизирует 100 тракторов. Затем в каждом из показанных на карте районов изображают нужное число одинаковых рисунков тракторов).
Картодиаграмма тәсілімен территорияның әрбір бірлігінде, құбылыстың суммарлық абсолюттік шамасын көрсетуімен қатар құбылыстың құрылымын да көрсетуге болады, яғни құбылыс қандай сапалы бөліктерден тұратындығын. Мұндай құрылымдық деп аталатын картодиаграммаларда құбылыстың құрамдас бөліктері арасындағы мөлшерлі ара қатынасын көрсетеді. Ол үшін картодиаграмма белгісін құрамдас элементінің үлесіне сәйкес келетін бөліктерге бөледі. Ол бөліктер легендаға сәйкес бояды, немесе штриховкалармен белгілейді. Бояу мен штриховканың мәні картаның легендасында көрсетіледі.
Картодиаграмма тәсілімен, құбылыстың белгілі бір мерзіміндегі мөлшерлі көрсеткіштерінің өзгеруін көрсетуге болады. Мұндай жағдайды бірнеше фигураларды сәйкестірілінген түрде бейнелейді. Әрбір фигура белгілі бір мерзімге (датаға) құбылыстың мөлшерін көрсетеді.
Кейбір жағдайда, ажыратылыған аудандарды бір емес, бірнеше өзара байланысты құбылыстармен сипатталатын профильдік картодиаграммаларды құрастырады. (берілген аудан территориясында бағаналы диаграммаларды құрастырады, әрбір бағана шаруашылықтың белгілі бір саласы – профильдік картодиаграмма болып табылады).
Картограмма тәсілімен белгілі бір территория үшін орта болып келетін құбылыстың салыстырмалы көлемін бейнелейді. Картодиаграмма сияқты картограмма әрі карталастыру тәсілі, әрі картаның өзін атайды. Картограммамен басым әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды бейнелейді: тұрғындардың тығыздығын, барлық тұрғындар санына қатысты бір белгісі бойынша ажыратылған тұрғындардың үлесін (жас, жастық-жыныстық, кәсіптік бойынша); ажыратылған ауданның түгелдей территориясына қатысты белгілі бір түрінде жерді пайдалануына қатынасын (орманның, егістік жердің, шабындықтың т.с.с.). Картограммада барлық егістік жерден белгілі бір дақылға ажыратылған жер үлесін көрсетеді.

Картограммада құбылыстың көлемін бояумен және штриховкамен көрсетеді. Ажыратылған ауданда құбылыстың көрсеткіші жоғары болған сайын бояу немесе штриховка тығыздау болады. Картограмма жасауда, ажыратылған ауданда құбылыстың көлемін сипаттайтын сандар қатары сатылы шкалада өсетін немесе азаятын түрінде орналастырады. Мысалы, 1981 жылы шыққан Дүние жүзінің географиялық атласында түрғындар тығыздығы карталарында шкаланың мынадай сатылары қабылданған: 1) 1 км2 1 адамға дейін, 2) 1 км2 1 адамнан – 10 адамға дейін, 3) 1 км2 10 адамнан – 50 адамға дейін, 4) 1 км2 50 адамнан – 100 адамға дейін, 5) 1 км2 100 адамнан жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет