Лекция жоспары: картографиялық жалпыластыру. Тақырыптық карталардың ерекшеліктері



бет7/9
Дата19.11.2022
өлшемі2,06 Mb.
#51185
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Изосызықтар тәсілі. Карта бетінде ұзындығы бойынша белгілі бір құбылыстың мөлшерлі көрсеткіші өзгермейтін тұйықталған қисық сызықтарды изосызықтар деп атайды. Изосызықтар тәсілі құбылыстың жиілігі белгілі бір деңгейде өзгеретін маңызды территорияда үздіксіз және тұтас таралған құбылыстардың мөлшерлі көрсеткіштерін көрсету үшін қолданылады. Изосызықтар тәсілінің мысалы, жер бедерін горизонтальдармен және изогипстермен көрсету.


Стратоизогипстер – шөгінді тау жыныстыраның жер астындағы белгілі бір қабатының, геологиялық карталарда жер асты жер бедері. Климаттық карталар: изотерма – тең температуралар сызығы, изобара – атмосфералық қысымның бірдей көрсеткіштерімен сызық, изогиета – жаңбырдың тең мөлшері, изохрона – құбылыс басталуыдың бір мерзімі. Изосызықтар картасын пайдалануда құбылысты карталастыруда қандай көрсеткіш негіз ретінде алынған, қандай өлшем бірліктерінде өлшенген және есептеудің басталуын (начало отсчета) анықтау аса маңызды болып табылады (при использовании карты с изолиниями очень важно установить, какой именно показатель взят за основу при картографировании явления, в каких единицах оно измерено и что служит началом отсчетов).
Картаның легендасында және картаның бетінде картаға түсірілетін құбылыстарға қысқаша сипаттама беріледі. (В легенде и на самой карте даются краткие характеристики картографируемых явлений. Напр., на учебных климатических картах показаны изотермы, обозначенные в легенде как изотермы июля или изотермы января.).
Картаның көрнектілігін жақсарту мақсатында изосызықтар арасындағы кеңістікті бояйды, боядуң қоюлығы изосызықтар көрсеткішінің жоғарлауымен өседі. Мұндай картаның легендасы бойынша тұйықталған изосызықтар аралығындағы кеңістікте құбылыстың мөлшерлі көрсеткіші жазылмаған жағдайда да анықтауға болады. Изосызықтар тәсілімен қозғалмайтын, статикалық құбылыстарды бейнелеумен қатар динамикалық процестерді көрсетуге болады, құбылыстардың басталу мерзімін тіркеуге (фиксировать), материалдық массалардың орнын ауыстыру және зерттеу процестердің жылдамдығын көрсетуге болады. Мысалы, изосызықтар тәсілімен жер қыртысының көтерілу және түсу (поднятия и опускания) жылдамдығын, өзендерде мұз қатуының мерзімін, ауыл шаруашылық жұмыстарының басталуын т.б.
Изосызықтар тәсілімен құбылысты картаға түсіргенде жер бетінің жеке пункттерінде тіркелген шамаларға сүйенеді (негізденеді). Карта бетінде изосызықтардың орнын интерполяция әдісімен шамалап анықтайды, яғни құбылыстың көрсеткіші тіркелген нүктеден келесі тіркелген нүкте арасында тең түрде таралады деп есепке алады.
Бірақ, нақтылықта құбылыс мөлшерінің бір орыннан екінші орынға өтуде және уақыт бойы өзгеруде абсолюттік тең таралулық (равномерность) байқалмайды. Сондықтан изосызықтар тәсілі қартаға түсірілетін құбылысты нақтылыққа жақын, бірақ жоғары дәрежеде жалпыластырған деңгейде бейнелейді. Өлшеу пункттердің саны көп болған сайын изосызықтар картасының дәльдігі жоғары болады.
Изосызықтар тәсілін кейбір жағдайда мөлшері тең емес өзгеретін және тұтас таралмаған құбылыстарды бейнелеуде қолданылады, мысалы, ауыл тұрғындарының картасы. Мұндай картада ауыл округінің территориясында орналасқан тұрғындар тыңыздығы негізгі көрсеткішкі болып табылады. Әр бір бастапқы сан құбылысты нүктеде емес, аудан бойынша сипаттайды, негізінен оларды изосызықтар деп атамайды, оларды жалған изосызық деп атайды.
Таңбалар тәсілі. Таңбалар тәсілімен картаның масштабында көрсетуге мүмкіндігі жоқ кішкене аумақта орналасқан құбылысты бейнелейді. Таңбаны осындай орналастыруы пункттер бойынша немесе нүктелерде локализациялау деп атайды, себебі берілген құбылыс карта бетінде нүктемен ғана көрсетуге болады. Мұндай жағдайдағы құбылыстар өте көп, сондықтан тақырыптық карталарда таңбалар тәсілі кең қолданылады. Мұндай тәсілмен, мысалы, елді мекендерді, өнеркәсіптік кәсіп орындарн, олардың мөлшерлі көрсеткіштерін т.с.с. карта бетінде көрсетіледі.
Таңбалар тәсілінің мәні құбылыс орналасқан нүктеде масштабтан тыс шартты белгісін орналастырады, оның көлемі картаға түсірілетін құбылыстың шамасын көрсетеді. Шарты белгілердің үш түрін қолданады: геометриялық, көркем (өнерлік) және әріптік.
Ең көп қолданылатын шеңбер, квадрат, тік бұрыштық, жартылай шеңбер т.с.с. геометриялық белгілер. Геометриялық фигураларды карта бетінде сызуға және оны оқуға жеңіл болып келеді. Сонымен қатар геометриялық фигураның ортасын анықтауға, жеке бөліктерге бөлуге болады.

Құбылыстың абсолюттік шамасын шартты белгінің сызықтық мөлшерімен (размерімен), оның ауданы және көлемімен көрсетеді. Картада құбылыстың шамалар айырмашылығын анықтау үшін сызғыш немесе өлшеуіш-циркульді қолдана отырып шартты белгілердің сызықтық белгілердің көлемін салыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет