Тақырып 12 Заң тәжірибесінде арт-терапия техниканы пайдалану тиімділігі
Арт-терапия – бұл өнерге, ең алдымен бейнелеу және шығармашылық іс-әрекетке негізделген психотерапияның мамандандырылған түрі. Арт-терапия (ағылшын тілінен art – өнер, therapy – терапия, емдеу, күтім жасау, қамқорлық) – өнер мен шығармашылыққа негізделген психотерапия және психологиялық түзету түрі. Тар мағынадағы арт-терапия – пациенттің психоэмоционалды күйіне ықпал ету мақсатында бейнелеу шығармашылығына негізделген терапия.
«Арт-терапия» ұғымын 1938 жылы суретші Адриан Хилл санаторийдегі туберкулезбен ауыратын аурулармен жұмыстарын суреттеу кезінде енгізген. Бұл әдіс АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік лагерьлерден әкелінген балалармен жұмыс жасауда қолданылған. Арт-терапия өзінің даму кезеңдерінде З.Фрейд, К.Г.Юнгтың психоаналитикалық көзқарастарын бейнеледі, психоаналитикада клиенттің көркемдік іс-әрекеті (сурет, мүсін, инсталляция) оның ұғынылмайтын психикалық процестерін бейнелейді. 1960 жылы Америкада Америкалық арт-терапиялық ассоциация құрылды.
Арт-терапия – бұл өнермен емдеу немесе өзін шығармашылық арқылы көрсетумен емдеу бағыттарының бірі. Арт-терапия – әртүрлі психикалық, физикалық аурулармен ауыратын адамдарға, тәуекелдік топтар (девиантты жеткіншектер, сотталған адамдар, ауыр қылмыс жасаған тұлғалар) өкілдеріне көмек көрсету, сондай-ақ ауырмайтын адамдарға тұлғалық өсу, потенциалын арттыру мақсатында бейнелеу құралдарын қолданады. Арт-терапия әдістері мазасыздықпен, агрессивтілікпен, қорқыныштармен және т.б. жағымсыз күйлермен күресуге көмектеседі.
Арт-терапияда шығармашылық үрдіс басты терапиялық механизм болып табылады, ол айрықша символикалық түрде шиеленіскен жарақаттаушы жағдаяттардан шығуға, оның шешімін табуға мүмкіндік береді. Сурет, ертегі, ойындар арқылы арт-терапия ішкі шиеленістерден және күшті эмоциялардан шығуға, өз сезімдері мен толғаныстарын ұғынуға көмектеседі, өзіндік бағалаудың артуына, босаңсуға, еркінсуге және күштенулерді, қысымды түсіруге мүмкіндік жасайды, шығармашылық қабілеттердің дамуына да игі ықпалын тигізеді. Арт-терапиялық әдістер қорқыныш мәселесімен жұмыс жасауда тиімді. Қорқыныш суретін салғызу тапсырмасының өзі балаларды өз қорқыныштарымен жұмыс жасауға жұмылдырады.
Психолог Эдит Крамердің айтуынша арт-терапия – бұл адамның шығармашылық потенциалын ашумен және өзінің ішкі әлемін танумен байланысты әдіс .
Арт-терапия – өнердің адамның эмоциялық және тұлғалық-мағыналық өрісіне, қатынастар жүйесіне күшті әсеріне негізделген психотерапияның мамандандырылған түрі.
Арт-терапия вербалды жеткізу қиын, терең проблемалық материалдың ашылуына және емделуіне көмектеседі. Арт-терапевтік техникалар эмоциялық қолдауға бағытталған.
Арт-терапияның негізгі мақсаттары:
катарсистік (тазартушы, жағымсыз күйлерден босатушы);
реттеуші (нервтік-психикалық күштенулерді түсіру, психосоматикалық үрдістерді реттеу, жағымды психоэмоционалды күйлерді үлгілеу;
коммуникативті-рефлексивті (қарым-қатынас бұзылыстарын түзетуді қамтамасыз ету, дұрыс тұлғааралық мінез-құлықты, өзіндік бағалауды қалыптастыру).
Арт-терапияда мақсатты оқытуға емес, көркемдік іс-әрекеттің қандай да бір түріне (музыкалық, бейнелеу, театралды ойын, көркем сөйлеу) дағдылар мен ептіліктерді меңгертуге баса мән беріледі.
Арт-терапия міндеттері:
топта жағымды эмоциялық күйді қамтамасыз ету, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;
толғандыратын проблемаларды түсінуіне көмектесу;
өзіне және өзге адамдарға сенуді үйрету;
құрбы-құрдастармен, тәрбиешілермен, үлкендермен коммуникация үрдісін жеңілдету.
К. Рудестам бойынша арт-терапия міндеттері:
агрессиядан және басқа да жағымсыз сезімдерден шығуға көмектесу;
қосымша әдіс ретінде емдеу (психотерапия) үрдісін жеңілдету;
психодиагностика үшін материал алу;
басылып (тұншықтырылып) тасталған ойлар мен сезімдермен жұмыс жасау;
клиентпен байланыс орнату;
өзін-өзі бақылауды дамыту;
өз түйсіктері мен сезімдеріне назар аударту;
шығармашылық қабілеттерді дамыту және өзіндік бағалауды жоғарылату .
Арт-терапия түрлері:
библиотерапия (соның ішінде, ертегі терапия) – әдеби шығармалар және әдеби туындыларды шығармашылық оқу- пенитенциарлы мекемедегі сотталғандарға қолдануға болатын әдіс;
музыкотерапия;
драматерапия;
би терапиясы;
мүсіндеу терапиясы.
Арт-терапияны жүргізу көрсетілімдері:
Эмоциялық даму қиындықтары, стресс, депрессия, көңіл-күйдің болмауы, селқостық, эмоциялық тұрақсыздық, эмоциялық реакциялар импульсивтілігі, өзге адамдардан эмоциялық шеттетуін уайымдау, жалғыздық сезімі, тұлғааралық қақтығыстар, отбасылық қатынастарға қанағаттанбау, қызғаныш, аса мазасыздық, қорқыныштар, фобиялар, жағымсыз «Мен-концепциясы», өзіндік бағалаудың төмендігі.
Достарыңызбен бөлісу: |