Төртінші жаттығу бір қалыпты және іштей тыныс алу қабілетін тудырады. Мұның алдында алдыңғы үш жаттығу қайталанады.
Бесінші жаттығу – қарынның жылынуын сезіну. Мұнан бұрын төрт жаттығу қайталанады.
Алтыншы жаттығуда әуелгі бес жаттығу қайталанады. Алтыншы жаттығуда әуелгі бес жаттығудан соң маңдайдың біраз салқындағаны сезіледі. Осы алты жаттығуды игеру 12 аптаға созылады.
Өзін - өзі жаттықтыру әдісі жүрек – қан тамырларымен невроз, есекжем және басқа тері ауруларына қолданылады. Бұл әдіс емтихан, спорт жарыстары алдында, ми мен дене шаршағанда, психогигиеналық және психопрофилактикалық мақсатта жүргізіледі. Мұндай жаттығулар арқылы ауру адам ішкі мүшелерін, вегатативтік жүйке жүйесін, өзінің сезімі мен ойын басқара алады. Зақымданудың ерекшелігіне, ұйқыға шейінгі психотерапия және кейде дәрлерді қабылдауға байланысты жаттығулар өзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |