2. Мультимедия құралдарын пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамыту үрдістері. Оқушыларға мультимедия-ресурстарын қолдануды үйрету бұл мектеп пәндерін оқыту және де болашақта кәсіби іс-әрекеттерінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің даму әдістеріне және белсенді оқытуға бағытталуы қажет.
Мектептің оқыту үдерісінде әртүрлі әдістер қолданылатыны барлығына мәлім. Көп жағдайларда оқыту мұғалім берген ақпаратты жаңғырту принципіне негізделіп қолданылады. Нәтижесінде көпшілік оқушыларды жаңғырту ойлауы басым болады. Бұл жылдам және өзбетінше жаңа ақпаратты қабылдауға кедергі болады, онда ақыл-ойының өсу потенциалы болмайды. Бұдан басқа мультимедия технологияны оқытуда қолдану спецификациясы оқу сағатының компьютер алдында көп өткізуімен байланысты, яғни монологті сөйлеудің дамуына септігін тигізбейді.
Белсенді оқыту әдістері бар, олар оқушыларды оқыту үдерісінде белсенді қатысушы болуға итермелейді, бұл тек қана мұғалімнен алған ақпаратты пассивті түрде қабылдау емес.
Көп жағдайда кең түрде тараған оқыту әдісі бұл көрнекілі –түсіндірмелі әдіс, мұнда белгілі бір жүйеде, көрнекі және қолайлы түрде, оңайдан қиынға білімдерді мазмұндауға негізгі көңіл бөлінеді. Мұғалім дайын ақпаратты әртүрлі жолдармен айтады, ал оқушылар бұл ақпаратты қабылдайды, түсінеді және ойларын да түйіндейді. Әрбір педагог ең бастысы керекті ақпаратты беруге және оның дұрыс қабылдауына көз жеткізу үщін, оқушыларда білік пен дағды пайда болуы үшін, мұғалім тапсырмалар жүйесімен оқушылардың әрекеттерін олардың алған білімдерін және көрген тәсілдер әрекеттерін бірнеше рет жаңғыртуын ұйымдастырады. Мұғалім тапсырма береді, ал оқушылар оларды орындайды, ұқсас тапсырмаларды шығарады, яғни бірнеше рет ұқсас әрекеттерді жүзеге асырады. Жаңғырту мен қайталау тәсілдердің әрекеттік тапсырмалары мұғалімнің басты репродуктивті деп атанған әдістің белгісі.
Дәстүрлі түрде оқушыларға оқу материалдарын беру-үнемді тәсілдердің бірі оқушыларға білімдерді беру. Бұл әдістің тиімділігі көпжылдық тәжрибиемен тексерілген және ол барлық елдердегі мектептерде барлық оқыту деңгейлерінде берік орын алған. Бірақта бұл әдіспен шамадан тыс және қажетсіздіктен қолдануға болмайды. Басқа да оқыту әдістерін қолдану қажет. Бұл сөздерді, бірінші кезекте мультимедияны қолдану арқылы оқытуды айтуға болады.
Оқу материалын беруді ұйымдастыруда, мұғалім оқушылардың танымдық әрекеттерінің белсендіруіне әсер етеді, бірақ бұл тікелей емес. Сабақта барлық оқушылардың белсенді әрекеттері іске қосылады. Мақсатты түрде бұл әрекетке әсер ету үшін оқытудың белсенді әдістері бар. Әдістің аты айтып тұрғандай жәй есте сақтау емес, оқушылардың белсенді ақыл-ойларының әрекеті.
Белсенді оқыту әдістері мультимедия-технологияларын қолдану арқылы байланыстыра білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушыларды белсенді оқу-танымдық әрекетке еліктіру арқылы. Оқушылар алдын ала болатын жұмысты жоспарлауды, рациональді түрде оның орындалуын ұйымдастыруды, өзін-өзі бағалауды және белгілі бір темпте жұмыс істеуді үйренеді.
Пассивті түрде ақпаратты қабылдау кезінде оқушыларда:
-оқығаны 10 пайызы;
-Естігенінің 20пайызы;
-Көргенінің 30 пайызы;
-Көрген мен естігенінің 50 пайызы естерінде қалады.
Сонымен қоса белсенді ақпаратты мультимедия ресурстарын қолдану арқылы қабылдау оқушылардың есінде өздерінің айтқандары 80% және өздері жасаған нәрсенің 90% қалады. Белсенді оқыту әдістері тек қана материалды тез әрі жылдам есте сақтауға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар оның күнделікті өмірде жүзеге асуына да әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |