Лекция Кіріспе. Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер


Ақпараттың жіктелінуінің себептердің (критерийлердің) бір неше түрі бар



бет6/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19055
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Ақпараттың жіктелінуінің себептердің (критерийлердің) бір неше түрі бар. Бірінші көрсеткіш бойынша ақпаратты қабылдаудың ең қарапайым түрін айтуға болады, ол адамның көру, есту, дәмін сезу сияқты ақпарат қабылдау қасиеттері. Ақпараттық көзқарас бойынша адам компьютерлік және коммуникациялық техниканы қолданғанда алатын әсерін анықтауға болады. Оны барлық ақпаратты қабылдау түрі бойынша негізгі үш түрге бөле аламыз:

1. Адамның көру қабілетімен қабылданатын ақпарат, яғни көрермендік немесе визуалды ақпарат. Бұл ақпарат түріне мәтін, графикалық суреттер, фотосуреттер, мультфильм және бейнефильмдер жатады.

2. Адамның есту аппаратымен қабылдайтын ақпараты, яғни дыбыстық ақпарат. Бұл ақпараттарға сөйлеу, музыкалық шығармалар, шумдар жатады.

3. Адамның сенсорлы (сезгіштік) жүйесімен қабылдайтын ақпараты, яғни сенсорлы немесе такттік ақпарат. Бұл арнайы техникалық құрылғылар көмегімен алынатын ақпарат.



Қазіргі уақытта гипертекст – ақпараттар көрсетілімінің жаңа түрі пайда болды және әдістеме ретінде кірістіріліп жатыр, оның кеңінен тарауы негізгі компьютерлік және телекоммуникациялық оқыту жүйелерінің (басқаша электрондық оқулық, интернет және т.б.) дамуына байланысты. Гипертекстілік ақпараттар көрсетілімі негізінде кеңейтілген дәстүрлі текст түсінігі алынады, ондағы текстілік фрагменттер арасына ауыспалы байланыстар орналасады және олардың арасындағы бір текстіден екінші бір текстіге ауысу тәртіптері анықталады. Гипертекст (сызықты емес текст) негізінде қарапайым мазмұндалған бір беттен екінші бір бетке ауысатын кітаптан көп ерекшеленбейді, өзгешелігі тек оның желі сияқты көрсетілуінде ғана болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет