Ішекқуыстылар типі - Coelenterata (Cnidaria)
Гидрозоа класы Сцифозоа класы Маржан полиптер класы Нуdrozoa Scyphozoa Anthozoa.
Гидроидтылар класс тармағы - Сифонофоралар -
Hydroidea Siphonophora
Жалпы сипаттамасы
Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды.
1. Ішекқуыстылар екі қабатты (Diploblastica) жануарлар тобына жатады.
2. Энтодерма кабатындағы клеткалары қуыс ішіне аскорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген.
3. Сәулелі симметриясының болуы.
4. Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі - полиптер және еркін жүзіп жүретін -медузалар болып топтасады.
5. Ішекқуыстылардың тағы да бір ерекшелігі - атқыш (күйдіргіш) және нерв клеткаларының болуы.
Полиптердің денесі көбінесе цилиндр тәрізді. Табаншасымен субстратқа бекінеді, ал оған қарама-қарсы жағында гастраль қуысына ашылатын қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі болады.
Полиптер тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кездеседі, негізінде олар колонияльды формалар. Колониядағы особьтары құрылысы және қызметі жағынан әр түрлі болса, ол - полиморфты, ал бірдей болса - мономорфты колония болады.
Медузалар - жеке, шарықтап жүзіп тіршілік ететін организмдер. Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Колония құрмайды.
Ішекқуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000-ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге дейін. Ірі түрлері де кездеседі. Мысалы, Суапеа arctica-ның көлденеңі 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге дейін жетеді.
Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы -метагенез арқылы дамиды.
Ішекқуыстылар типі үш класқа бөлінеді: гидрозоа класы - Нуdrozoa, сцифозоа - Scyphozoa және маржан полиптері - Anthozoa.
ГИДРОЗОА КЛАСЫ – HYDROZOA
Гидроидтылар класс тармағы - Cифонофоралар класс тармағы -
Hydroidea Siphonophora
Гидрозоа класының 2700 түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы суларда тіршілік ететін қарапайым құрылысты жануарлар. Олардың полиптер мен медуза формалары - гидрополип және гидромедуза деп аталады. Жыныссыз, жынысты жэне ұрпақ алмасуы арқылы дамиды. Личинкалары - планула деп аталады.
Гидрозоа класы екі класс тармағына бөлінеді: гидроидтылар -Hydroidea және сифонофоралар - Siphonophora.
Достарыңызбен бөлісу: |