Жануартектес талшықтылар класс тармағы - Zoomastigina
Гетеротрофты талшықтылар, еркін немесе паразиттік тіршілік етеді. Олар құрылысы мен тіршілік әректіне байланысты көптеген отрядқа бөлінеді: 1. Жағалы талшықтылар отряды-Choanoflagellata
2. Тамыраяқты талшықтылар отряды-Rhizomas
3. Кинетопластидалар отряды-Kinetoplastida
4. Көпталшықтылар отряды-Polymastigina
5. Гипермастигиналар отряды-Hypermastigina
6. Опалинина отряды-Opalinina
Жағалы талшықтылар отряды-Choanoflagellata
Жеке (Codosiga) және колония (Sphaeroeca) түзіп тіршілік етеді. Талшығы біреу, оның түбін цитоплазмадан құралған жұқа жаға қоршап жатады. Талшықтың қозғалу әсерінен ұсақ органикалық қоректік заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар т.б.) жағаға жабысып, бірте-бірте цитоплазмаға және ас қорыту вакуоліне өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |