Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы


Тамыраяқты талшықтылар отряды-Rhizomastigina



бет10/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70
Тамыраяқты талшықтылар отряды-Rhizomastigina

Бір немесе бірнеше талшықтары болады. Олар талшықтарымен қатар жалған аяқтарын да (псевдоподияларын) шығара алады, сондықтан да екі кластың Sarcodina және Mastigophora-ның аралық иесі болып саналады. Бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен қоректенеді. Жыныссыз жолмен ғана көбейеді. Тұщы суларда жиі кездесетін өкілдері: Mastigamoeba aspera, Actinomonas mirabilis және басқалары.



Көпталшықтылар отряды-Polymastigina

Өкілдерінің 4-6, одан да көп талшықтары, кейде толқын тәрізді жарғақ мембранасы және бүкіл денесін бойлап өтетін тығыз тірек таяқша-аксостильдері болады. Ядроның қасында ірілі-ұсақ түйіршіктерден құралған парабазальды денешіктер орналасқан. Көпталшықтылардың бәрі де паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Адамда трихомонас (Trichomonas) және лямблия (Lamblia) туысының өкілдері кездеседі.



Trichomonas chominis адамның тоқ ішегінде, Tr. vaginalis жыныс жолдарында тіршілік ететін сопақша келген кішкене 5-15 мкм-ді талшықтылар. Денесінің алдыңғы жағында төрт талшығы болады, олардың үшеуі бос күйінде алға қарап шығып тұрады, ал төртінші талшығы артқа қарай бағыттылып толқын тәрізді жарғақтың шетіне бекініп, толқынды (ундуляция) мембранасын түзейді.

Сурет Лямблия (Lamblia intestinalis). 1 – ядро, 2 – сорғыш, 3 – парабазальды дене, 4 – оксостиль, 5 – талшық.
Лямблия (Lamblia intestinalis) адамның ащы, он екі елі ішегінде және өт жолдарында тіршілік етеді. Денесі екі жақты симметриялы, екі ядросы, 8 талшығы және парабазальды түйіршіктері болады. Ішек эпителиіне жабысатын сорғышы болады. Лямблия ішек ауруын туғызады, кейбір жағдайларда өт жолына, бауырға өтеді. Ауру циста арқылы жұғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет