Опалинина отряды-Opalinina
Өкілдерінің негізгі ерекшелігі-көп ядролы, денесі түгел кірпікшелермен қапталынған, осыған байланысты біраз уақыт бойы опалининаларды кірпікшелілер, яғни Protociliata класс тармағына жатқызған. Олардың кірпікшелі инфузориялардан басты айырмашылығы-ядролары бірдей болып келеді, жынысты жолымен көбею кезінде ұсақ бір ядролы гаметалар пайда болып, копуляция процесі жүреді. Қосмекенділердің артқы ішегінде паразиттік тіршілік етеді, сапрофитті жолымен қоректенеді. Басты өкілі- бақа опалинасы.
№2 Лекция. Төменгі және сәулелі- симметриялы деңгейдегі көп клеткалы жануарлар-Metazoa
Достарыңызбен бөлісу: |