Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы


Гидроидтылар класс тармағы - Hydroidea



бет14/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Гидроидтылар класс тармағы - Hydroidea

Бұларға жеке немесе колония құрып тіршілік ететін гидроидты полиптер жатады.

Гидра (Hydra oligactis) - қарапайым құрылысты полиптің бірі. Биіктігі 1 см-ге жуық, ұзына бойы созылған қапшық тәрізді, табанымен субстратқа бекініп өмір сүреді. Өзендер мен шалшық суларда жиі кездеседі.

Гидраның денесі эктодерма және энтодерма қабатынан кұралған. Олардың арасындағы мезоглея қабаты өте жұқа құрылымсыз қоймалжың заттан тұрады. Денесінің алдыңғы жағында  6-12 қармалауышпен қоршалған ауыз тесігі орналасқан. Ол, энтодермалық клеткаларымен астарланған гастральдық қуысына ашылады.

Гидраның эктодерма қабаты алты түрлі клеткалардан құралған. Олар: 1.жабынды эпителиальды клеткалары,

2. эпителиальды-бұлшықет клеткалары,

3. интерстициальды немесе аралық,

4. атқыш,

5. жыныс

6. нерв клеткалары.

Эпителиальды-бұлшықет клеткалары цилиндр немесе призма тәрізді, олар жиырылғанда гидраның денесі тартылып қысқарады. Ал клеткалардың негізгі цилиндрлік бөлігі бір қабатты жабынды эпителиді құрайды. Сонымен эпителиальды-бұлшықет  клеткалары жабынды эпителидің және жиырылу қызметін атқарады.

Эпителиальды-бұлшықет клеткалардың арасында ұсақ аралық немесе интерстициальды клеткалар орналасқан, олардан жыныс және атқыш клеткалар пайда болады.

Атқыш немесе қалақай клеткалары алмұрт тәрізді, ішінде қатты қабықты сопақша атпа капсуласы орналасқан. Капсула улы затқа толы және оның ішінде іші қуыс спираль тәрізді оралған жіпше жатады. Атқыш клетканың  сыртында қылтанақ тәрізді - книдоциль деп аталатын сезгіш талшығы болады, оны ұсақ түктер айнала қоршаған. Егер сезгіш талшыққа бір организм тиіп кетсе, онда ол ауытқып, клетканы қоздырады да, капсула ішіндегі спираль тәрізді жіпше атылып денеге шаншылады. Жіпшемен бірге капсуланың ішіндегі күйдіргіш немесе улы сұйық затта қоса бүркіледі.

Құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты капсуланың бірнеше түрі кездеседі. Пенетранттар - капсуласы ірі, атқыш жіпшесін жауының немесе қорегінің денесіне сұғып жіберіп, улы заттарымен оны жансыздандырады. Вольвенттер - капсуласы ұсақ, атқыш жіпшесі қысқалау, қорегін жіпшемен шырмап алады. Глютинанттар - капсуласы созылыңкы, атқыш жіпшесі ұзын, жабысқак, өз қорегіне кілегейленіп калады. Осындай құрылысты атқыш клеткалар қорғаныс және қорегін аулау қызметін атқарады. Атқыш клеткалар көбінесе қармалауыштарда және ауыз тесігінің айналасында шоғырланып орналасады.

Жыныс клеткалары аралык, (интерстициальды) клеткалардан қалыптасып, аталық клеткалары - сперматозоидтары ауыз полюсіне, ал аналық - жұмыртқалары табанына жақын орналасады. Гидралар дара және қос (гермафродиттер) жыныстылар.

Гидраның эпителиальды - бұлшықет клеткаларының астында жұлдыз пішінді нерв клеткалары жатады. Олар өздерінің тармақ ұштары арқылы бір-бірімен сабақтасып нерв торын түзеді. Осындай кұрылысты жүйені диффузия типті нерв жүйесі деп атайды. Гидраларда екі нерв шоғырын байқауға болады, олар ауыз аймағында және табанында. Гидраны тітіркендірсе денесі түгелімен жиырылады.



Гидраның энтодерма клеткалары ауыз шетінен бастап гастральды қуысын түгел іштей астарлап жатады. Энтодерманың негізін үш түрлі клеткалар түзейді, олар эпителиальды-бұлшықет, талшықты және без клеткалары. Эпителиальды-бұлшықет клеткаларының құрылысы эктодерма қабатындағы эпителиальды-бұлшықет клеткаларына ұқсас, тек олардың жиырылғыш өскіншелері сақина тәрізді көлденең орналасқан, олар жиырылғанда гидраның денесі жіңішкеріп созылады. Эпителиальды- бұлшықет клеткаларының призмалық немесе цилиндрлік бөлігі гастральды қуысына бағытталып, жалған аяқтарының немесе 2-3 талшығының жәрдемімен гастраль қуысына түскен ұсак жәндіктерді ұстап, клетканың ішінде қорытады.

Гастральдық қуысқа түскен ірі қоректер (дафния, циклоп, балықтардың шабағы) энтодерманың безді клеткаларынан бөлініп шыкқан ас қорыту сөлдерінің әсерімен қорытылып, қорытылмаған қалдықтар ауыз тесігі аркылы сыртқа шығарылып отырады. Сонымен гидраньң ас қорытуы клетка ішілік және қуыс ішілік болып келеді. Осыған байланысты гидраның ішкі қуысы гастраль немесе ішек қуысы деп аталады.

Губкаларда сияқты, гидраларда да регенерациялык қабілеттілігі күшті дамыған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет