Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


«ІХ-ХІ ғасырлардағы Германия, Италия, Испания»



бет18/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

«ІХ-ХІ ғасырлардағы Германия, Италия, Испания»


Жоспар:
1 Германиядағы феодалдық қатынастар дамуының ерекшеліктері.
2 ІХ-ХІ ғғ. Италия. Инвеститура үшін күрестің нәтижелері.
3 Испания.


Германиядағы феодалдық қатынастар дамуының ерекшеліктері. 843 жылғы Верден бөлісі болашақ үш мемлекеттің – Франция, Германия, Италия – негізін қалап кеткен еді. Бұлардың ішіндегі іргелісі “батыс франктердің” елі, болашақ Франция болды. Халықтардың негізгі бөлігін қалыптасып келе жатқан француздар құрап, олар негізінен Солтүстік роман диалектісінде, яғни ерте француз тілінде сөйледі. Сена өзенінің бойында орналасқан Париж ел астанасы болды. ІХ -ғасырдың соңында Францияда феодалдық бытыраңқылық барынша жүрді. 877 -жылғы Кьерсий капитулярий і бойынша жерлік бенефицийдің мұралығы, сондай – ақ граф лауазымының мұралығы заңдастырылды. Бенефиций осы уақыттан бастап мұралық иелікке – феод, леннге айналды. Жергілікті жерлерде князъдық династиялар құрылды. Шын мәнісінде олар жергілікті территориялық мемлекеттер болды.
Вердень бөлінісі бойынша “Шығыс Франктердің жерлері”, яғни болашақ Германияның негізгі территориялары Людовик Немецкийге (Людвиг) өткен еді. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай герцогтықтар төмендегідей орналасты: Саксония, Франкония, Швабия (бұрынғы Аллемания) Бавария. Бұларға кейіннен – Лотарвингия герцогтығы қосылды.
Германиядағы феодалдық қатынастардың дамуы Францияға қарағанда баяу жүрді. Х ғасырдың басында да салыстырмалы түрде Германияның феодалдануы төменгі дәрежеде еді. Неміс қауымы – маркасы - өзінің тәуелсіз жағдайын ұзақ уақыт сақтап қалды. Дегенмен Х-ХІ ғасырларда Германияда феодализация процессі едәуір ілгеріледі. Марка – қауым – ыдырай бастады. Ірі светтік және шіркеу феодалдарының жер иелігі өсті. Жерге деген жеке меншіктің дамуымен шаруалардың бір бөлігі жерлерінен айырылды. Шаруалардың арасында коммендация, яғни өзін ірі феодалдың қарамағына өткізу процесі барынша қарқын алды. Ірі феодалдардың иммунитеттік құқтары кеңейтілді. “Батыс франк мемлекеті” - Францияға қарағанда “Шығыс франк мемлекеті” - Германияда феодалдану процессі кешеуіл жүрді. Оның себебі Герман тайпалары арасындағы романдану деңгейінің төмендігімен және әлі де болса әлеуметтік қатынастардағы архайкалық формаларының ұзақ сақталғандығымен түсіндіріледі.
Герман герцогтары мен феодалдары да викингтердің шапқыншылығына ұшырады. Алайда, неміс жерлері үшін қауіптісі Дунай жағалауына бір жолата қоныс тепкен көшпенді мадьяр (венгр) тайпалары болды. Славян тайпаларының ірі саяси бірлестігі – ұлы Маравия державасы венгрлердің шабуылынан құлады. Венгрлердің тұрақты қауіп төндіруі үлкен нұқсан келтіргенімен неміс герцогтарының бір корольдыққа бірігуіне мәжбүрледі.
919 -жылы неміс феодалдары корль етіп Саксония герцогы Генрих I ні сайлады.Саксония династиясының өкілдері 1024-жылға дейін басқарды. Герман корольдығының тарихын Генрих І бастау тарих ғылымында қабылданған. Генрих І белсенді сыртқы саясат жүргізді. Оның тұсында батыс және шығыс бағытта да Германияның шекарасы кеңейді. Француз каропингтерінің әлсіздігін пайдаланып, Генрих І олардан Лотарингияны тартып алды. Бұдан кейін Генрих І Эльба өзені бойын мекендеген батыс славяндардың жеріне басып кіріп, Бранибар бекінісін алды. Кейіннен бұл бекініс Бранденбург болып өзгертілді. Осы жерден болашақ шығыс славян халықтарына шабуыл жасайтын плацдарм жасалынды. Генрих І славяндардан бөлек, венгрлерге қарсы күресте де үлкен табыстарға қол жетті. 933- жылы Мерзебург түбінде венгрлер талқандалды. Славяндар мен венгрлерге қарсы күресте Генрих І рыцарлық әскерлердің санын көбейтуге ұмтылды, олардың қатарында ауқатты шаруалар да болды. Елді қорғаудың тиімді құралдарының бірі сан жағынан көп бекіністер (бургтар) салу болды. Кейіннен бұл бекіністер қалаларға айналды.
Кәмелетке толған Оттон ІІІ (992-1002) саяси романтикалық қиялдың жетегінде болды. Әкесі жағынан сакс шешесі жағынан византиялық грек Оттон ІІІ өз заманы үшін жақсы білім алды. Өзінің миссиясын ол Рим империясын қалпына келтіруден көрді. Оттон ІІІ Біртұтас христиандық рим империясын құрып, оның орталығы етіп Рим немесе Ахен, тіпті, Константинополь қаласын таңдап алғысы келді. Алайда, Оттон ІІІ – нің саяси жобалары Германияда да, Италияда да қолдау таппады. Императордың славяндарға қарсы саясаты да Италиян саясаты да ақырғы соңында сәтсіздікке ұшырады. Герман императорының негізгі күштерінің Италияда екендігін пайдаланып Полаб славяндары бодричтер мен лютичтер 983 -жылы көтеріліске шықты. Неміс феодалдары Эльбаның батыс жағалауына ығыстырылып тасталды. Осы оқиғалардан кейін неміс рыцарларының “шығысқа шабуылы” бір жарым ғасырға тоқтатылып тасталды.
Герман императорларының италиян саясаты да баянды бола алмады. 997- жылы Римде Оттон ІІІ – ге қарсы ірі заговор ұйымдастырылды. Бірақ ол дер кезінде ашылып, оны ұйымдастырушылар түгелдей өлтірілді. 1001 -жылы Оттон ІІІ Италияда бір жолата болу үшін Римге келді, бірақ өзін қауіпсіз сезінбеген ол Равенна қаласындағы резиденциясында тұрып, осында 1002 -жылы қайтыс болды. Сонымен Оттон ІІІ – нің ұлы державалық саясаты толығымен күйреді. Саксония династиясының соңғы өкілі – Генрих ІІ (1002 – 1024) өте сақ саясат ұстанды. Ол италиян феодалдарының вассалдық тәуелділігін қанағат тұтып, өзі Германияда отырып басқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет