Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Реформацияның ең ұзаққа созылғаны



бет31/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

Реформацияның ең ұзаққа созылғаны1526 жылдан 1555 жылға дейін- үшінші кезеңі болды. Ұлы шаруалар соғысының талқандалуы – халықтық реформацияның ғана емес, бюргерлік реформацияның жеңілісі еді. Феодалдық бытыраңқылықтың күшейе түсуі тұрғысынан алып қарағанда ұтқан ірі феодалдар мен князьдар болды. Сондықтан үшінші кезеңді – князьдің реформация кезеңі деп атайды. Шаруалар соғысының бастапқы кезінде Лютерь екі жақты шаруалар мен феодалдарды сабырға, өзара жеңілдіктерге шақырды. Өз әрекетінің нәтижесіздігіне көзі жеткен Лютерь князьдар лагерьіне біржолата шықты. 1525 жылдан кейін феодалдық- католиктік лагерь Германияда католик шіркеуінің үстемдігін толығымен қалпына келтіруге ұмтылды. Бірақ бұл уақытқа дейін шіркеу мүлкін секуляризациялаудың есебінен әбден байып алған империялық князьдар – кері секуляризациялау жүргізуге қарсы шықты. Сөйтіп бір жағынан император мен оны қолдаған католиктік князьдар және екінші жағынан жаңа Лютерьлік дінді қолдаған князьдардың арасында соғыс болды.
Швейцариядағы реформациялық қозғалыс. Реформация тек Геманиямен шектелген жоқ. ХҮІ ғасырдың 20- 30 жылдары лютерлік діни ілім Скандинавия елдеріне- швеция, норвегия, дания- тарады, Англия, Франция, Польша, Венгрияда да жақтастары көп болды. Алайда, реформация үшін қолайлы жағдай көрші Швейцарияда жақсы еді. Нақ осы елде буржуазиялық реформация идеологиялық жағынан болсын, ұйымдық жағынан болсын алға қарай бір қадам ілгеріледі (Германиядан кейін). Осы елде протестантизмнің жаңа жүйелері жасалынып жаңа реформациялық шіркеулік ұйымдар құрылды. Саяси жағынан ХҮІ- ғасырда Швейцария өте ала- құла ел болды. Қалалық және деревнялық кантондардың Швейцария одағы ХІІІ ғасырдың соңында – ақ пайда болған еді. Қалалық кантондар экономикалық жағынан дамыған кантондар болса (Берн, Цюрих т.б.),деревнялық- “орманды” кантондар экономикалық жағынан артта қалды. Бай қалалық кантондар өздеріне тәуелді “орманды” кантондарды экономикалық жағынан біржолаға бағындырғысы келді. Бұл кантондар арасындағы алауыздықты күшейтіп жиі-жиі қақтығыстар туғызды, конфедерацияның ішкі бірлігіне нұқсан келтірді. Швейцария қоғамының ішкі кеселдерінің бірі – азаматтардың шетел армиясында жалданып қызмет етуі болды. Швейцария үкіметі бұл тенденцияны қолдап, өз азаматтарының қанымен саудаласты.
Германиядағыдай сияқты Швейцарияда Реформация тек діни мәселелерді емес, сондай-ақ әлеуметтік–саяси қайшылықтарды шешуге тиіс еді. Швейцария реформациясының көсемі Ульрих Цвингли (1484- 1531) ауқатты шаруа отбасында дүниеге келіп Берндегі латын мектебін бітірді. Цвингли мен Лютерьдің ілімдерін салыстыра отырып, олардың бір догматтан қаншалықты әртүрлі практикалық тұжырымдар жасағанын байқауға болады. Цвингли Лютерьдің догматтарын неғұрлым рационалисттік тұрғыда түсіндірді: ол Лютерьдің құдаймен тілдесу – причастие шарасын түсіндірумен келіспеді. Цвингли үшін Иса пайғамбардың қаны мен тәні деп түсіндірілетін шарап пен нанның тек символдық қана мәні бар. Діни шара ретінде оның ешқандай мәні жоқ. осылайша, Цвингли діни шараларды мистикадан тазартты.
Діни ақиқаттың көзі ретінде қасиетті жазулар туралы догматтардан Цвингли неғұрлым дәйекті тұжырымдар жасады. Лютерь “қасиетті аңыздардан” , “қасиетті жазуларға” қайшы келетін тұстары ғана алынап тасталуы керек деп есептесе, Цвингли көне және жаңа өсиеттен басқаның барлығын теріске шығарды. Оның шіркеуінің құрылымы да неғұрлым демократиялы келіп буржуазиялық “арзан шіркеу” өмірде жүзеге асырылды (Цюрихте). Бұл шіркеулік иерархияның жойылып, дін басыларды сайлау принципінің жүзеге асқандығынан ғана емес, шіркеулік жиһаздардың, безендірулер мен діни жоралардың онан әрі қарапайымдандырылып, арзандатылуынан көрінді иконалар ғана емес, алтарлар, мүсіндер, исаның дарға асылған бейнелері т.б. безендірулер алынып тасталды, хормен өлең айтуға, органда ойнауға, салтанатты мессаға тиым салынды, діни уағыздарды пасторлар ана тілінде оқитын болды. Цвинглидің көзқарастары Лютерь мен Кальвин позицияларының арасындағы аралық көзқарастарға жақындады: оның теологиясы Лютерге, шіркеулік ұйымы - Кальвиндікіне жақын болды.
Цвинглидің реформациясын қалалық кантондар (Берн, Базель, Сен- таллен т.б.) қабылдап, жүзеге асыруға ілешала кірісіп кетті. Бірақ ескі деревнялық “орманды” кантондар жаңа нанымды қабылдаудан батыл түрде бас тартты. Кантондардың арасында діни негізде соғыс басталып, оның барысында Цвингли қаза тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет