Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


ХҮІ-ХҮІІ ғасырдың І жартысындағы Франция



бет39/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

ХҮІ-ХҮІІ ғасырдың І жартысындағы Франция. ХҮІ ғасырдың ортасында басталған тауарлы-ақша қатынастарының дамуы, “бағадағы революция” шаруалардың жіктелуін тездеткенімен, олардың жаппай экспроприациялануы туралы айту әлі ерте еді. Англияға қарағанда, француз дворяндарының шаруалардың жерлерін жаппай тартып алуға елеулі себептері де болған жоқ. Өйткені, мұнда ірі тауарлы ауылшаруашылығын ұйымдастыруға іштей де, сырттай да импульстар жоқ еді. Сондықтан француз шаруаларына жерінен айырылу қаупі төнген жоқ. Бірақ француз шаруаларының өз ауыртпалықтары болды, атап айтқанда, шаруалардан алынатын алым салықтар өте жоғары еді. Феодалдық рентадан (чинш) бөлек, шаруалар үлкен мөлшерде мемлекеттік салықтар төледі. Өсіп келе жатқан мемлекеттік аппаратты ұстаудың негізгі көзі осы шаруалардан алынатын алым салықтар болды. Шын мәнісінде, француз шаруалары помещиктерге феодалдық рентаны екі рет төледі, бұған қоса католик шіркеуінің пайдасына десетина төлеу сақталынды. Бұлардан да бөлек француз шаруалары өсімқорларға да жем болды.
Жоғарғы мемлекеттік лауазымдар мен поместьелерді, дворяндық титулдарды сатып ала отырып, буржуазияның бір бөлігі дворянданды.Осылайша, “мантияның адамдары” дейтін\дер пайда болды. Егер Англияда дворяндардың буржуазиялануы процессі жүрсе, мұнда керісінше буржуазияның дворяндануы жүрді. Мұндай “мантияның адамдары” кәсіпкерліктен қол үзумен шектелмей, өздерінің “тектерінде” ұмытуға тырысты. Қызметтегі дворяндар мен буржуазияның король өкіметіне тәуелділігі абсолюттік монархия үшін кең әлеуметтік негіз болды. Француз абсолюттімінің ерекшелігі басқарудың бюрократиялық аппараты мен тұрақты армияның болуы:
Францияда реформацияның дамуы үшін Германия мен Швейцариядағыдай қолайлы жағдай болған жоқ. Францияда реформациялық идеялар гуманистік топтардың арасында пайда болды. Алғашқы реформациялық идеяларды таратушы Лефеврь де Этапль болды. 1512- жылы оның “Апостол Павелдің жолдауы” жарыққа шығып, Лютерьдің “наныммен құтқарылу” идеясы қызу қолдау тапты. Алайда, халық бұқарасы оның ішінде буржуазия да, Париж тұрғындары да католицизм позицияларында нық тұрды. Өйткені, король сияқты католизмде ұлттық бірліктің символы болды. Францияда католик шіркеуі Германиядағыдай папаға бағынышты жағдайда болған жоқ. Ол түгелдей корольге бағынды. Ақырғы соңында, француз дворяндарының көпшілігі Италияда соғысып жатқандықтан, оларда алғашында реформацияға қызығушылық таныта қойған жоқ.
Соған қарамастан реформациялық идеяларда францияда дами түсті. Әсіресе, дворяндар мен елдің оңтүстік батыс облыстарындағы қол өнерші тұрғындардың арасында реформациялық идеялар танымал болды. Италия соғыстары кезіндегі сәтсіздіктер король үкіметіне қарсы оппозициялық көңіл күйлерді күшейтті. Наразылық формаларының бірі католицизмнен кальвинистік нанымға қарай ауысу болды. Калвинистер (гугеноттар) әсіресе, елдің оңтүстігінде 30-40 – жылдары өте көп болды.
ХҮІ-һ ғ. 50-60-жылдары француз монархиясы ауыр дағдарыстарды бастан кешті. Италиян соғыстары сәтсіз аяқталды. Француз феодалдарының Италиядан дәметкен әскери олжаға, жер мен қызметке кенелеміз деген үміті ақталмады. Дворяндар оның ішінде жоғарғы аристократияда бұған наразы болып, король мен оның маңайындағыларға барлық кінәні арта бастады. Оның үстіне басталған “бағадағы революция” француз дворяндары үшін ауыр тиді. Ендігі жерде шіркеу жерлерін секуляризациялау мәселесі дворяндар үшін өзектілене түсті.
ХҮІ-- ғасырдың ортасында дворяндардың бір бөлігінің кальвинизмге өтуі “гугеноттық партияның” құрылуына алып келді. (Гугенот – неміс тіл “бірігіп ант бергендер”). Онда үстемдік еткен Бурбондар басқарған феодалдық топтар – билікке айқын ұмтылды. Өйткені билік құрып отырған Валуалар әулетінен ұрпақ қалмай бара жатты. Католиктік күштерді герцог Гиз әулеті басқарды. Гиздердің де саяси мақсатының Бурбандордан айырмашылығы аз болды. Гугеноттар – елдің оңтүстігі мен оңтүстік батысына арқа сүйеді. Католиктік лагерьді елдің солтүстігі мен орталығы қолдады. Франциядағы азамат соғысын кейде гугенот соғыстары немесе діни соғыстар деп атайды. Алайда, мәселеге байыптап қарасақ, бұл католиктер мен гугеноттардың қақтығысынан көрі, абсолюттік монархия мен феодалдық тәртіпсіздіклердің арасындағы соғыс болды. Абсолютизмнің жаулары алғашында гугеноттар партиясы жағында соғысса, ал кейінірек католиктік лагерь жағында соғысты.
Гугенот соғыстары 36 жылға (1562-1598) созылып, үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде (1562-1572) негізгі абсолютизмге қарсы күш ретінде гугеноттар көрінді. Валуалардың король өкіметі гугеноттар мен католиктердің арасында тепе-теңдік ұстауға ұмтылды. Осындай тактиканың нәтижесінде 1570- жылы бітім жасалынып, гугеноттардың діни нанымына еркіндік берілді. Кепілдік ретінде гугеноттарға елдің оңтүстігінен төрт бекініс берілді.
Екінші кезең 1572 жылдың 24 тамызындағы “Варфоломей түнінен” басталады. Бұл кезең 1576- жылға дейін созылды. Оның барысында гугеноттар өздерінің конфедеренциясын құрды, сөйтіп, шын мәнісінде, елдің оңтүстігінде дербес республика құрды. Орталықтанған ел ретінде Францияның бөлініп кету қаупі төнді. Бұған жауап ретінде католиктер өздерінің ұйымдарын- Гиздар басқарған “католик лигасын” құрды. Гиздар “еркіндік пен бостандықтың көне құқтары артықшылықтарына”, яғни, феодалдық бытыраңқылыққа ашықтан – ашық шақырды. Генрих ІІІ өзін католик лигасының басшысымын деп жариялауға мәжбүр болды, сөйтіп күштердің арасындағы теп теңдікті зорға ұстап тұрды. 1576- жылғы Блуа қаласындағы бітім бойынша гугеноттардың құқтары кеңейтілді, елдің оңтүстігі – солтүстіктен бір жолата бөлініп кетті.
Ең ұзақ күрделісі - үшінші кезең болды (1576-1594). 1576- жылғы бітімнен кейін он жылға созылған тыныштық орнады. Ол нақ осы жылдары айрықша күшті қарқынмен жүрген төменгі әлеуметтік топтардың күресімен түсіндіріледі. Азамат соғысының шырқау шыңы 1585-1589 жылдарға келеді. (“Үш Генрихтің соғыстары”). Анти абсолюттік қозғалыс оған Париж бастаған католиктік қалалардың қатысуымен күшейе түсті. Қалалықтардың ұйымы, 1585- жылдан жұмыс істеп келе жатқан - Париж лигасы болды. Осылайша, астана мен басқада католиктік қалалардың қолдауы Генрих Гиздардің тобына үлкен көмек пен абырой берді. Өздерін сенімді сезінген католиктік лига басшылары король Генрих ІІІ-ні гугеноттарға қарсы соғыс жариялауға мәжбүр етті. Корольдің қалалар лигасын тарату әрекеті 1588- жылдың 12 мамырындағы Париждегі көтеріліске алып келді (“баррикадалар күні”). Елдің астанасы, 1589- жылдан бастап басқа қалалардың көпшілігі (бүкіл солтүстік, оңтүстіктің бір бөлігі) лигистердің қолына өтті. Өздерінің позициясын нығайту үшін лигстер ұлттық мүдделерді тікелей сатуға дейін барудан тайынған жоқ, атап айтқанда, олар көмекке испан әскерлерін шақыртып жағдайды одан әрі шиеленістірді.
Оңтүстікте де және солтүстікте де елдің одан әрі бөлшектенуі қаупі төнді. Ұрыстардың бірінде католиктік лиганың басшысы Генрих Гиз қаза тапты. Король Генрих ІІІ өзінің жағдайын ірі феодал Генрих Наваррскиймен (бұлда Бурбон) одақ құру арқылы сақтап қалуға тырысты, сөйтіп, оны өзінің мұрагері етіп жариялады. Алайда, бұдан кейін Генрих ІІІ-і Доминикан орденінің монахы Жак Клемонның қолынан қаза тапты (1 тамыз 1589). Генрих ІІІ-нің өлімімен Валуалар династиясы тоқтатылды.
Генрих Бурбон Наварский – Генрих ІҮ-і деген атпен корольдық таққа отырып, жаңа Бурбондар династиясының негізін қалады. Алайда, ол өз династиясының өміршеңдігін көрсету үшін бес жыл тоқтаусыз күрес жүргізуге мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет