Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


«ХҮІ ғ – ХҮІІ ғ. бірінші жартысындағы Еуропадағы халықаралық қатынастар»



бет41/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

«ХҮІ ғ – ХҮІІ ғ. бірінші жартысындағы Еуропадағы халықаралық қатынастар»


Жоспар:
1. ХҮІ ғ. Европадағы халықаралық қатынастардың дамуы.
2. ХҮІ-ХҮІІ ғ. бірінші жартысындағы Еуропа мен Осман империясы.
3. Еуропа отыз жылдық соғыс жылдарында.
4. Вестфаль бітімі қорытындылары.


ХҮІ ғ. Европадағы халықаралық қатынастардың дамуы. ХҮ – ғасырдың соңынан бастап Европа халықаралық қатынастардың жаңа сатысына көтеріліп, ол негізінен ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы ерекшеліктерімен айқындалады. Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік жүйесі қалыптаса бастады. Европа мемлекеттері мүдделерінің Азияда, Африкада және Америкада қақтығысуы – Европа саясатына ықпал етті. Ұлы географиялық ашулар халықаралық байланыстарды кеңейтті, рынокты жаңа өнімдермен толықтырып, Европадағы өндірістің дамуын ынталандырды.
Европаның саяси картасы да үнемі өзгеріс үстінде болды. ХҮІ–ғасырдың басында Англия, Франция, Испания, Португалия, Дания мен Швеция ұлттық мемлекеттік біртұтастығы түрғысынан алып қарағанда елеулі табыстарға қол жеткізді. ХҮІ– ғасырдың екінші жартысында ұлт–азаттық қозғалысының нәтижесінде Нидерландыда – Құрама провинциялардың республикасы пайда болды. Мұнымен бір уақытта нақ осы ХҮІ – ғасырда классикалық орта ғасырлық империя – Карл Ү- ің Габсбургтердің державасы пайда болды және ыдырады. Орта ғасырлық саяси мәдениеттің, саяси түсініктер күнінің өткендігін бұл фактор көз жеткізе көрсетті. Карл Ү өзін католиктік әлемнің ең жоғарғы діни және светтік императорымын деген түсініктің жетегінде кетіп, ұлы гегемониялық түсініктің тұтқынында қалып қойды. Қалған Европа мемлекеттері ұлттық мемлекеттік нақты саясат жүргізуге көшкен кезде, Габсбургтар мән–мағынасыз гегемониялық саясатын жалғастыра берді. Ақыр соңында, бұл саясат елді апатқа ұшыратты.
ХҮІ ғ. сыртқы саясатта конфессиялық фактор екінші кезекке ығысты. Саяси негізде коалициялардың құрылуы Европа саясатын секулеризациялауды дайындады. 1648 жылғы Вестфаль бітімінен кейін европа дипломатиясы біржолата секулеризацияланып, Жаңа заманның дипломатиясына айналды. Дипломатиялық қызмет саласы, тұрақты елшілік институты қалыптасты. Бұл жүйе ХҮ – ғасырдың 60 – 70 жылдары Италияда пайда болды. ХҮІ– ғасырдың ортасына қарай бұл жүйеге Европа елдерінің көпшілігі тартылды.
ХҮІ–ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық құқықтық қатынастар қалыптаса бастады. 1582- жылы жарыққа шыққан Бальтазар Айаланың “Соғыс және әскери істер құқы туралы” еңбегінде елшілік құқыққа ешкімнің қол сұқпайтындығы туралы ілім дамытылды. Ал Альберико Джентилидің “Елшілер туралы” (1585) еңбегінде дипломатиялық практика мен оның нормалары жүйеге келтірілді.
ХҮІ – ғасырдағы саяси және әскери жанжалдардың негізгі себебі, жаңа мемлекеттер “ұлттық мүдде” тұрғысынан саясат жүргізіп, ол орта ғасырлық династиялық принцип дәстүрлеріне қайшы келді. Орта ғасырлық династиялыұ принцип бойынша, некелік немесе мұралық жолмен бір мемлекеттің иелігі, этникалық және территориялық алшақтығына қарамай екінші мемлекетке өте беретін. Жаңа жағдайларда – жас ұлттық мемлекеттер бұған көнгісі келмей, үлкен саяси - әскери жанжалдар тудырып отырды. (Мұны Карл Ү – нің империясынан көруге болады).
Ең бірінші кезекте үлкен мемлекеттердің арасындағы қарама–қайшылықтар алға шығып, оған ұсақ және орта мемлекеттер объективті түрде тартылып отырды. Ірі мемлекеттердің арасындағы қақтығыстар асқына келіп, жалпы европалық жанжалдарға ұласып отырды. Олардың қай қайсысы болсада басқа бір мемлекеттің үстемдік етуіне жол бергісі келмеді. Бір монархиялық елдің басқа біреудің есебінен күшейіп кетуі, қалған мемлекеттер тарапынан қарсы қозғалысты туғызды. Осылайша күштердің орналасуының бастапқы жағдайы қалпына келтірілді. Бұл үрдіске ене бастап бірте бірте халықаралық қатынастардың басты принципі – саяси тепе теңдіктер жүйесін қалыптастырды. ХҮІ ғасырда Европада үлкен соғыстарды туғызуға қабілетті халықаралық қайшылықтардың үш негізгі түйіні қалыптасты: 1. бір жағынан Испанияның, екінші жағынан Франция мен Англия мемлекеттерінің арасындағы сауда және отарлық мүдделердің қақтығысуы. Бұл ХҮ– ғасырдың соңы мен ХҮІ– ғ. бірінші жартысында “Итальян соғыстарына” алып келсе, ХҮІ– ғасырдың екінші жартысында Испания–Англия соғыстарын туғызды. 2. Европа елдері мен Осман империясының арасындағы қарым қатынастар. 3. Солтүстік Европа елдерінің арасындағы Балтық теңізіндегі үстемдік үшін күрестері.
Европа елдерінің арасындағы сауда бәсекелестігі түптеп келгенде әлеуметтік– экономикалық даму деңгейімен анықталды. Англияның жеңіске жетуі күш алып келе жатқан ерте капиталистік қатынастардың салтанат құруының басы еді. ХҮІ – ғасырдың соңына қарай батыс европадағы халықаралық қатынастарда күштердің жаңаша орналасуы айқын көрінді.Италиян мемлекеттері мен Испанияның рольі төмендеп екінші кезекке ығыстырылды. Ұлттық мемлекеттер мен ыдыраған Габсбургтер державасының арасындағы жаңа қарама қайшылықтар ХҮІІ – ғасырда жаңа қақтығыстарды туғызды.
Халықаралық қайшылықтардың үшінші түйіні Солтүстік батыс Европада – Балтық теңізіндегі сауда үстемдігі үшін жүрді. Алғашында Скандинавия елдері “ганза” - неміс қалаларының сауда одағына қарсы бірігіп күресті. Бұл күресте Скандинавия елдері Дания мен Швеция жеңіске жетті. Алайда, бұдан кейін екі ел арасында Балтық теңізі үшін күрес шиеленісіп отырды. Саудадағы бәсекелестік Дания мен Швецияның арасында үлкен соғысқа әкеліп тіреді (1563-1570). Оның барысында саяси аренаға жаңа күштер –Поляк – Литва және Москва мемлекеттері шықты. Европа саясатының субъектілері кеңейе түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет