Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»



бет37/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

Кітап басудың басталуы. Жаңа қайта өрлеу немесе капиталистік мәдениеттің дамуында кітап басып шығарудың пайда болуы орасан зор роль атқарды. ХҮ– ғасырдың басында– ақ батыс Европада көпшілік–шіркеулік әдебиетті тарату (дұғалар т.б.) үшін айрықша ксилографиялық әдіспен кітапшалар шығарылатын. Ағаш тақтаға суреттер мен жазулар ойылып жазылып, олар қағазға мөр басқандай бастырылатын (жазу парақтары Европада ХІҮ ғасырдан пайдаланылатын). Басып шығарудың ксилографиялық әдісі кітап таратылуы мәселесін шеше алмады. Бұл бағыттағы жұмыстар, техникалық жетілдірулер өте баяу жүрді.
Кітап басып шығаруды ойлап тапқан неміс өнертапқышы Иоган Гуттенберг болды (1445). Майнц қаласында дүниеге келген Иоган Гуттенберг (1400-1468) көп ұзамай Страсбург қаласына қоныс аударды. Гуттенбергтің еңбегі сонда ол жылжымалы әріптерді ойлап тапты, яғни бұрын бір пайдаланылған тақтайша - әріптер қайта пайдаланылмайтын. Енді бір әріпті үнемі пайдалануға болатын болды. Көп ұзамай ағаш әріптер металл әріптермен алмастырылды. И.Гутенберг, ақырғы соңында, парақтың екі жағында пайдалануға мүмкіндік беретін айрықша пресс – станок ойлап тапты. Сөйтіп, кітап басып шығару мүмкіндігін барынша жақындатты. Алғашқыда И.Гутенбергтің жаңалығы аса құпия ұсталды. Алайда, 15 жыл өткен соң Европа үшін кітап басып шығару құпия болудан қалды.
ХҮ – ғасырдың соңында кітап басып шығару ісінен Европада айрықша танымал болған Венеция баспагер – гуманисі Альд Мануций (1448 – 1515) еді. 1490 жылы ол өзінің жеке баспаханасын құрып көптеген антик авторлардың шығармаларын, сондай – ақ аса ірі гуманист жазушылар – Данте, Петрарка, Боккаччоның еңбектерін басып шығара бастады. ХҮ – ғасырдың соңында танымал болған Париждегі Этьен баспахана фирмасы болды. Фирманың негізін қалаған Анри Этьен (1460 – 1520) философия, математика мен астрономия бойынша 120 еңбекті басып шығарды. Кітаптардың жартысы латын, жартысы француз тілінде жарыққа шықты. Кітап басып шығарудың орасан зор маңызы болды. Европа өркениеті жаңа көкжиектерге шығу үшін өте үздік техникалық мүмкіндіктерге ие болды.


Әдебиеттер:
1. Право в средневековом мире. М., 1996.
Документы по истори университетов Европы ХІІ – ХҮ вв. Воронеж, 1973.
Заподно европейский эпос. Л., 1977.
Баткин Л. М. Данте и его время. Поэт и Политика. М., 1965.
Гуревич А.Я. Категорий средневековой культуры. 2 – изд. Е. М., 1984.
Гуревич А.Я. Проблемы средневековой народной культуры. М., 1981.
Гуревич А.Я. Средневековый мир: культура безмольствующего большинства. М., 1990.
Карсавин Л.П. Культура средних веков. Киев. 1995.
Университеты Западной Европы. Средние века. Возрождение. Просвещение. Иванова, 1990.
Хейзинга И. Осень средневековья. М., 1998.
13. ЛЕКЦИЯ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет