Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


ХҮІ-ХҮІІ ғ. бірінші жартысындағы Еуропа мен Осман империясы



бет42/44
Дата13.10.2022
өлшемі112,8 Kb.
#42747
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)

ХҮІ-ХҮІІ ғ. бірінші жартысындағы Еуропа мен Осман империясы. ХҮІ ғ. басында Осман империясы аса күшті әлемдік державалардың бірі болды. ХҮІІ – ғасырдың ортасына дейін Порта (Осман имп-сы) Европаға жаулаушылық соғыстар жүргізіп отырды. Осман империясы Европа мемлекеттері өміріндегі маңызды фактор болды. Европа саяси фразеологиясында Осман мемлекеті Европа елдерінің “табиғи жауы” ретінде қаралды. Соғыстар мен бірге дипломатиялық қарым қатынастарда жүріп отырды. ХҮІ – ғасырдың соңына дейін Стамбулда неғұрлым дамыған Европа елдерінің тұрақты дипломатиялық миссиялары пайда болды.
Европа мен Порта дипломатиясының қалыпты қызмет етуіне кедергі жасаған тағы бір нәрсе, түріктер өздеріне бітім сұрап келген елдердің барлығын бағынғандық, мойынсұнғандық деп білді, сөйтіп тұрақты алым салықтарды талап етті. Бұл көптеген келіссөздердің шырқын бұзып отырды. Осман дипломатиясы бір елмен келіссөз жүргізіп жатқан кезде үшінші бір елдің кепіл болуында қаламады. Тек Сүлеймен І Кануни (1520-1566) тұсында ғана түрік дипломатиясында уақытша ілгерілеушілік болды. Стамбулдағы шетел елшілерінің қауіпсіздігіне де ешқандай кепілдік берілмеді. Ал бұл уақытта Европада елшілердің жеке басының қауіпсіздігі үрдісі барынша қалыптасып жатқан еді. Сондықтан Европа елдері түрік сұлтандарына да, дипломатиясына да ешқандай сенімі болған емес. Европаның христиандық елдерінде бүгінгі тілмен айтқанда түрік әлемінің имиджі төмен болды.
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. түріктерге қарсы көптеген іс-шаралардың ұйымдастырушысы Габсбургтер мен Рим папалары болды. Бірақ Европа елдерінің арасындағы қарама қайшылықтардың күшті болғаны сондай, олар арғы замандардағыдай түріктерге қарсы біріккен крест жорықтарын ұйымдастыра алмады. Бұл әсіресе, Италиян соғыстары кезінде айқын көрінді. Ол олма европа корольдықтары түрік сұлтандарын басқа бір Европа елдеріне қарсы соғысу үшін көмекке шақырып одақ құрып отырды. Мысалы, 1510- жылы император Максимилиан І Венецияға қарсы соғысу үшін түрік сұлтаны Селим І ұсыныстар жасаумен болды. Ал, 1513-1514 жылдары Венеция Европалықтарға қарсы күресу үшін түрік сұлтанынан көмек сұрады. Сонымен ХҮІ – ғасырдың басынан бастап түріктер Европалықтар үшін табиғи жау ғана емес, европадағы жанжалдарда потенциальды одақтасы болды.
Фердинанд І Габсбург түріктерге қарсы бірігіп күресу үшін, тіпті бауыры император Карл Ү көндіре алмады. 1529- жылы түріктер Венаны қоршады, ал 1541- жылы Венгрияны жаулап алды. Бұл оқиғалар Европалықтарға қатты әсер еткенімен, олардың ішкі қайшылығы бірігіп күресуге мүмкіндік бермеді. Фердинанд І-і 1547- жылы сұлтанмен келісім жасап оған Венгрияны беруге мәжбүр болды. Мұнымен қоса Фердинанд жыл сайын 30 мың алтын флорин төледі. 1547- жылғы бітім Сүлеймен Кануни мен Карл Ү-нің арасындағы соғысты тоқтатып европалық маңызға ие болды. Император бұл бітімді ішкі Шмалькельден соғыстары үшін пайдаланды. 1568- жылы Габсбургтар мен Портаның арасында бітім жасалынды, алайда бұл түрік агрессиясын тоқтата алмады. 1570-1572 жылдары және 1593-1604 жылдары түріктер мен европалықтардың арасында ірі соғыстар жүрді. Папа Пи Ү-нің инициативасымен түріктерге қарсы халықаралық одақ – “Қасиетті Лигасы” құрылып, оның негізін Венеция, Испания, Папа, Мальта ордені және Италиян қалалары құрады. Дон Хуан Австрийский басқарған одақтастар әскері Коринф шығанағындағы Лепанто деген жерде (1571) түрік флотын талқандады. Алайда, европалықтар жеңісін пайдалана алмай, олардың арасында жік пайда болып “Лига” ыдырап кетті. Кипр аралы Түріктердің қарамағына өтті.
ХҮІІ – ғасырдың екінші жартысында Түркияның Европа елдерінен, Ресейден жеңіліске ұшырауы, оның құлдырауын Осман әскери – казармалық империясының артта қалғандығын білдірді. Тек, Европа елдері арасындағы қарама қайшылық Осман империясының уақытша орасан зор территорияда орналасуын қамтамасыз етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет