2. «Индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарының арақатынасы. Тұлғаның әлеуметтiк-психологиялық талдауын жасау үшiн, «индивид», «тұлға», «даралық» деген ұғымдардың шекарасын анықтап алу керек. «Адам» деген ұғым жалпылама ұғым болып табылады, яғни айқын сөйлейтін, саналы, (абстрактiлi - логикалық ойлаумен, логикалық есте сақтаумен) жоғарғы психикалық функциялары бар, құралдарды құру, оны еңбектiң процесiнде пайдалану қабiлетi бар биоәлеуметтік тірі ағза.
Индивид - бұл биологиялық түрдiң ортақ генотипиялық тұқым қуалаған қасиеттерiн тасымалдаушы биологиялық ағза. Бұл «Homo sapiens» түрінiң өкiлi. Леонтьев А.Н. ойынша бiрiншiден, индивид ұғымы осы биологиялық түрдiң жеке түрлерінiң бүтiндiгін және бөлiнбейтiндiгiн, екiншiден, осы түрдiң басқа өкiлдерінен ерекшеленетін нақты өкiлiнiң артықшылықтарын бiлдiредi. Индивидтің қасиеттерi тұлғаның қасиеттерiне өтпейдi.
Тұлға – ол индивидтің қоғамдағы ерекше «жоғарғысезімді» қасиеті болып табылады. Индивидтің сезініп қабылдайтын қасиеттерiнен айырмашылығы: дене бітімі, мiнез-құлық, сөз, ымның жеке ерекшелiктерi, жалпы, өз тәртібімен, келбетімен және т.б. бейнеленедi. Тұлға ол әлеуметтiк байланыстар жүйесінен ажырамайды. Тұлғаның әртүрлі қасиеттерінің қалыптасуын жетік түсіну үшін, оның қоғамдағы өмірін, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қозғалысын зерттеу қажет. Қоғамдық қатынастар - индивидтің әлеуметтiк қасиетi ретінде тұлғаның бөлiгі, бір жағы, аспектiсi. Кез-келген қоғамға индивидтің қосылуы, орындалатын әрекеттердің мазмұны мен сипатын, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсiлдерi мен шеңберін, яғни оның өмір сүру, әлеуметтік тұрмыс ерекшеліктерін анықтайды. Бiрақ қайсыбір адамдар қоғамының, сонымен қатар жалпы қоғамның жеке индивидтерінің өмiр сүруі, тарихи дамып келе жатқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады.
Тұлға түсінігін, нақты мазмұнымен, құндылықтарымен, әрбір қатысушының мағыналы біріккен әрекеттерімен жанамаланған, тұлғааралық тұрақты қатынастар жүйесінде ғана түсінуге болады. Осы тұлға аралық байланыстар топқа, ұжымға кiретін адамдардың нақты дара қасиеттерінде және амалдарында көрінедi. Әр адам тұлғасына басқа адамдардан оның өзiндiк ерекшелiгiн, оның айырмашылығын құрайтын адамдардың психологиялық ерекшелiктерiнiң үйлесімін - оның даралығын қалыптастыратын ерекшелiктерi мен қасиеттері ғана тән. Кон И.С. ойынша, даралық бұл әр жеке адамның қайталанбауы ретінде биология айғақ. Даралық танымдық процестердiң қасиеттерiнде, қабiлеттiлiктерінде, дара қызмет ету стилінде, мінезінде, темпераментінде, әдеттерінде, басым болып келетін қызығушылықтарында көрінедi. Осыған сәйкес, тұлға және индивид түсініктері барабар емес, ал даралық және тұлға ұғымдары тең емес, бiрлiк құрады. Демек, даралық - адамның тұлғасының тек бір жағы. Психикалық процестердiң даралық ретінде тұлғаға тәуелдiлiгі, ең бастысы, жеке - дифференциалды айырмашылықтарда байқалады. Даралықтың жалпы құрылуына байланысты адамдар, қабылдау және бақылау, есте сақтау, көңіл бөлу түрлерi, сонымен қатар қабылданатын заттың мазмұны бойынша бөлінеді. Өз кезегiнде есте сақтау және ұмыту таңдау сипатына ие.