4. Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, слайдтар, презентациялар.
5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: шолу лекция, проблемалық оқыту технологиясы.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі: 1-деңгейдің сұрақтары (1-5 ұпай) 1. Тарих ғылымында андрон мәдениетінің пайда болуы туралы қандай болжамдар бар?
2. Андрондықтардың этникалық шығу тегіне қатысты қандай болжамдар бар?
2-деңгейдің сұрақтары (1-7 ұпай) 1. Далалық қола дамуының үш кезеңін кім көрсетті?
2. Қазақстанның қай аймақтарын ежелгі металлургияның орталықтары деп атайды?
3-деңгейдің сұрақтары (1-8ұпай) 1. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің өмір сүрген уақытын атаңыз?
2. б.з.д. Х ғ. жерлеудің қандай дәстүрі қалыптасты?
3. Андрон тайпаларында отқа табынушылықтың болғанына не дәлел?
7. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайдардың үлестері (1-15 ұпай):Беғазы-Дәндібай және Андронов мәдениеті тайпаларының территориясын анықтап, контурлық картаға түсіру.
8. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К. Древняя культура Центрального Казахстана. – А-А., 1966.
2. Ахинжанов С.М. Макарова О.А. К истории скотоводства и охоты в Казахстане. А-А.,1992.
3. Ткачев А.А. Культура населения Центрального Казахстана в эпоху развитой бронзы. Автореф.... – М., 1991.
4. Варфоломеев В.В. Сарыарка в конце эпохи бронзы. Автореф. ... – АА., 1991.
Лекция №7. Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы материалдық мәдениет және оның белгілері, өнері және діни нанымдары.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қазақстандағы қола дəуірінің өзіндік мəдениеті болғандығын, олар өз ерекшеліктерін сақтай отырып, Қазақстан аумағында таралып, белгілі бір даму сатыларынан өткенін байқаймыз. Осы дəуірде аридтық табиғи-географиялық жағдай көшпелі тұрмыс пен көшпелі мал шаруашылығына өтуге өз əсерін тигізді. Осы сұрақтарды жан-жақты қарастыру.
Лекция мазмұны. Қола дəуірінің тайпалары табиғат күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып, қол-аяғы бүгіп жатқызылған. Бұл жер-ана құшағына барған сəби қалпындағы адам түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға сыйынған. Ерте қола дəуірінде жерлеу салтында кремация, яғни мəйітті өртеу басым болған. Бұдан андроновтықтардың отқа табынғанын байқаймыз. Кейінгі қола дəуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі болған. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған.
Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Сүт ішіліп, ет желініп болған соң, құмыралар мен сүйектер болашақ үйдің ошағының басына, оның табалдырығының астына көмілген. Үйдің ошағы отбасының киелі орны есебінде қатты құрметтелген. От пен күлге байланысты жөн-жоралғылардың бəрі құдайдың рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, құт-береке болса деген тілекпен жасалған. Мəйітті көкке əкететін от құдайы — Агнияға арнап құрбандыққа ешкі сойған. Қола дəуірінің соңына қарай күнге, айға жəне жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сиыну жəне о дүниеге сену кең тарады. Қола дəуірінің жартастар бетіне салынған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл —адамның рухани мəдениеті жəне оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан — жартастағы суреттер-петроглифтердің саны мен əралуандығы жөнінен əлемдегі ең бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мəдениеттің қорына қосылады.