Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін


Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы. - ХІ ғ. басы)



бет24/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы. - ХІ ғ. басы). Кимектер тарихының ертедегі кезеңі қытай деректемелерінде ҮІІ ғасырдағы батыс ортасында болған оқиғаларға тікелей қатысты яньмо тайпасына байланысты айтылған. Яньмолар ҮІІ ғасырдың бас кезінде Солтүстік батыс Моңғолияны мекендеген. Олардың оғыздар болып, оңтүстігінде Түргештер қарлұқтар қоныстанған. ҮІІ ғасырлар ортасына таман қимақтар Ертіс өңіріне көшіп келіп 656 жылы Батыс түрік тайпалары құлағаннан кейін оқшауланады.
ІХ ғ. аяғында тарихи-жағрафиялық еңбектерге қарағанда Қимақ мемлекеті өзінің территориялық жағынан ұлғайғандығын көрсетеді. Қимақ тайпаларының бірлестігі Орал тауының қыраттарынан Арал теңізінің далалы аудандарына дейінгі жерлерді, Орталық және Шығыс Қазақстан мен Жетісудің солтүстік шығыс аудандарының арасындағы ұланғайыр кең алқапты алып жатты. Кимектер қағанның орталығы, оның ордасы Имекия (немесе Кимекия) қаласында болды, ол темір қақпалы дуалмен бекітіліп қоршалды. Қалада оның сансыз көп әскері мен қазынасы болды. Қаған билігі мен мемлекеттік өкімет арасында айырмашылық болған жоқ. Кимек мемлекетінде алым-салықтың болғандығын түріктердің өндіріліген алтынынан билеушінің міндетті түрде үлес алу фактісіне қарап топшылауға болады.
Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Қыпшақ хандарының орталық билікке бағынбауы және өз мемлекеттігін құруға ұмтылғандығы ішкі сиппаттағы себеп болды.
Сонымен қатар ХІ ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің құрылуы болды. Қыпшақ хандары оғыздардың жерін басып алғаннан кейін едәуір күшейіп күш қуаты жағынан басым болады. Осы оқиғалар кимектерді саяси үстемдігінен айырып қана қойған жоқ, сонымен қатар олар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. Ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордадбектің (ІХ ғ.) жылнамалық жағынан ҮІІІ ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі. ІХ-Х ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді.
Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті қыпшақ тайпаларының қоныстық-өрістік жерін едәуір кеңейтуге себепші болған және Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетімен, Орта Азиядағы Салжықтар, Хорезмшахтар және Қарахандар әулеттерімен соғысқа және соғыстарға әкеліп жеткізген ХІ ғ. бірінші жартысындағы буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың объективті себебіне айналды.
ХІ ғ. екінші жартысында ХІІ бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарды. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық-әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет