Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін



бет26/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы

Лекция № 18:
Қарахан мемлекеті
Жоспар:

  1. Қарахан мемлекетінің құрылуы және Сатух Боғра Қараханның кезеңі.

  2. Қарахандардағы жер иелену жүйесі және «Ихта» институты.

  3. Қарахандардың Мауранахрға жорығы және саяси билік үшін көршілерімен күресі.

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қарахан мемлекеттінің құрылуы оның саяси-мәдени тарихы, Түркілердің Ислам дінің қабылдауы, ұлы Түрік ойшылдары және олардың еңбектері, Қарахандардағы жер иелену формасы, мемлекттің ішкі-сыртқы байланыстары, Қидандардың шабуылы және Қарахан мемлекетінің құлау туралы түсіндіру, талқылау, талдау жасау.
Лекция мазмұны: X ғасырдың бас кезінен бастап Қазақстанда феодалдық
қатынастар дами бастады. Қазақстанның территориясында феодалдық қатынастардың дамуы барлық аймақтарда, аудандарда біркелкі болмады. Халықтың өмір сүруіне қолайлы,
егіншілік пен отырықшылық ерте қалыптасқан сауда жолы басып өтетін Орта Азиямен
көптен бері экономикалық байланыста болған оңтүстік ауданда феодалдық қатынастар тез
дамыды. Басқа аудандарда көшпелі мал шаруашылығы үстем болды. X ғасырдың орта
шенінде Жетісу мен Қашғардың /Шығыс Түркістан/ бір бөлігін қамтыған Қарахан
мемлекеті пайда болды. Қарахан деген сөзден шыққан карахан халқы түрік тұқымдас
халық. Қарахан мемлекеті 942 жылы орнады. Қарахан билеушілері Исламды мемлекеттік
дін деп жариялады. Мұсылман діні, түрік тұқымдас халықтарды біріктіруде едәуір роль
атқарды. Қараханның астанасы - Қашқар. Қарахан ханы Тараз бен Баласағұн қалаларының
да билеушісі деп есептелді. XI ғасырдың басында Қарахан мемлекеті Саманидтер қарамағындағы Орта Азияның Испиджаб, Бұхара, Самарканд сияқты қалаларын басып алып, едәуір күшейе түсті. Сөйтіп бүкіл Сырдария өңірі Қарахандардың қолына өтті.
Қарахандар тұсында түріктердің шаруашылығының негізгі түрі Оңтүстік аудандарда егіндік, Батыс, Солтүстік, Шығыс аудандарда мал шаруашылығы болды. Аң аулау көшпелі және жартылай көшпелі халықтың тіршілік ету негізінің бірі болды. Өзендерден балық аулау кәсібі халық өмірінде елеулі орын алды. Егіншілік аудандарының халқы отырықшы болды. Қарахан мемлекеті жер иелену саласындағы феодалдық қатынастарды дамыта отырып саяси-әлеуметтік жаңа жүйе енгізді. Хандар өздерінің туыстарына халықтан мемлекеттің пайдасына алынатын сияқты тарту етті. Бұл "Иқта" деп аталды. Иқтаның бірнеше түрі болды. Иқта арқылы оны иеленуші жер иеленуге ерікті болды. Әскери ихта салықтың ең көп тараған түрінің бірі. Ихта иегері тек салыққа ғана емес, салық төлейтін адамға, оның жеріне де ие бола бастады. Ихта иелері алған жерлерін өмір бойына иеленуге мұрагерлік иелікке айналдыруға ерікті болды. Сөйтіп ихта иелері жер иеленушілерге айналып, ихта феодалдық жер меншігінің бір түріне айналды. Феодалдардың шаруаларды қанатын /отырықшы аудандарға/ ең кең тараған формаларының бірі үлескерлік болды. Мемлекеттің немесе феодалдың меншігіндегі жерлер шаруаларға жалға берілді. Ол жердің түсімінің көпшілігін үлескер жер иесіне беруге міндетті болды. Үлескерлерге өз меншігінде жері жоқтар немесе отырықшылыққа айналған көшпелілер еді. Жерлерді қамқорлыққа беру деген феодалдық жер иеленудің түрі болды. Ұсақ жер иелері өз жерін бай немесе ықпалды жер иесінің қамқорлығына берді. Ол ұсақ жер иеленушінің мүддесін қорғауға міндетті болды. Бұл аухатты феодалдардың қолына жер меншігінің топтасуына әкеп соқты. Малшыларға өздерінің баласын барымтадан т.б. зорлық-зомбылықтардан қорғау үшін, бай-феодалдардың қамқорлығына тапсырды. Бұл да феодалдардың бар әдісінің бір түрі еді. Қарахан мемлекетінде үкіметті хан басқарды. Оның кеңесшісі және көмекшісі уәзір болды. Карахан мемлекеті бұрынғы феодалдық мемлекеттердің жәй ғана жалғасы болып қана қоймай, феодалдық мемлекеттердің дамыған жалғасы болып табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет