4. Оқытудың техникалық құралдары: слайдтар, презентациялар, видеоролик.
5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: ақпаратты лекция, проблемалық әдіс.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі:
1-деңгейдің сұрақтары (1-5 ұпай)
1. Ғұндар, үйсіндер, қаңлылардың шаруашылығы. Қолөнер кәсібі?
2. Ғұндар, үйсіндер, қаңлылардың археологиялық ескерткіштері.
3. Ғұндар, үйсіндер, қаңлылардың материалдық және рұхани мәдениеті?
2-деңгейдің сұрақтары (1-7 ұпай)
1. Үйсіндердің шаруашылығы: жартылай көшпелі малшаруашылығы мен егіншілік?
2. Үйсіндердің қолөнері және кәсібі.
3-деңгейдің сұрақтары (1-8 ұпай)
1. Ғұндар, үйсіндер, қаңлылардың рухани мәдениеті.
2. Ғұндар, үйсіндер, қаңлылардың материалдық мәдениеті.
7. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайдардың үлестері (1-15 ұпай): Тақырып бойынша әдебиетпен танысып, рухани және материалдық мәдениет ұғымдарына аса назар аудару қажет. Баспана, қаружарақ, еңбек құралдарының жетілдірілуіне, керамика, тігіншілік және т.б. рухани мәдениетті ашу барысында мифология мен тілдік топқа көңіл аудару қажет.
8. Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов Қ. Түркі халықтарының тарихы. І, ІІ т. А., 2002ж.
2. Қани М. Қазақтың көне тарихы. А., 1993ж.
3. Күлтегін. Көне түркі жазба ескерткіші. (көне түркі тілінен аударған М. Жолдасбеков).- Алматы, 1986.
4. Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері.- Алматы, 1995.
5. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1994.
Лекция №15.
Ұлы Жібек жолы.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қазақстан аумағындағы ІX-XII ғасырлардағы мемлекеттер туралы деректерді қарастыру, мемлекеттердің құрылу, даму, ыдырау процесстерін көрсету, феодалдық қатынастардың қалыптасуын аша отырып талдау.
Лекция мазмұны. І-ші ғасырдағы Жібек Жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін. «Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған. Жібек Жолы географиясы Еуропадан басталып Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Java-Индонезия, және Виетнам елдері арқылы, ақыры Қытай келіп жетеді. Жер бетіндегі жолдары қызыл, ал теңіз беті жолдары көк түспен көрсетілген. Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барғанал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
Достарыңызбен бөлісу: |