Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін



бет32/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта
Лекция өткiзу тәртібі:
1. Топтық жұмыс 2. Теориялық мәліметті дәлелдеу 3. Кеңесу 4.Қортындылау
Бақылау сұрақтары:

  1. Алтын Орда мемлекеті кімнің тұсында едәуір күшейді?

  2. Исламды күшейткен Алтын Орда билеушісі?

  3. Куликово шайқасы нәтижелері?

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

  1. Алтын Орданың этникалық құрылымы және мәдениеті.

  2. Алтын Орданың билеушілері

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Оссон. От Чингизхана до Тамерлана. А., 1996

  2. Қинаятұлы З. Шыңғыс хан және Қазак мемлекеті. Т. 1: Шыңғыс хан.:- Алматы, «Арда», 2008.- 430 б.

  3. Ювалы А. Шыңғыс хан және XIII ғ. Орта Азия: Қарақұрымнан Тебризге дейін. Түркістан
    2004.

  4. Аманжолов Қ. Түркі халықтарының тарихы. I, II т. А., 2002ж.

  5. Қани М. Қазақтың көне тарихы. А., 1993ж.

  6. Күзембайұлы А. Әбіл Е. История Республики Казахстана. Астана., 2000.


Лекция №22
Әмір Темір Империясының құрылуы
Жоспар:
1.Темірдің көрші мемелекеттерге жасаған жорықтары
2.Империяның құрылуы және ішкі саясаты
3.Мемлекеттің сыртқы саясаты.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Темір мемлекетінің құрылуы, ішкі-сыртқы саяси жағдайы, қалаларды басып алуы, жақын және ұзақ көршілерімен соғыстары, Темірдің ұлы қолбасшы ретінде тарихи тұлғасы туралы пікір қалыптастыру, оқиғаларға объективті түрде қарап, анализ жасауға бейімдеу.
Лекция мазмұны: XIV ғасырдың екінші жартысында Шағатай мемлекеті Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді.Шағатай әулеті іс жүзінде Батыс иеліктегі Мауеренахрда үстемдік етуден қалды. Билік түркі-монғолдық әмірлердің қолында болды.Олардың ішінде түркіге айналған Моңғолдың шағатайлық барлас тайпасынан шыққан Әмір-Темір алға шықты.
Бұрынғы Шағатай ұлысының жерлеріне толық билікті жүргізуді көксеген Тоғылық-Темір Мәуеренахр өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтірді. Бір жыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуеренахр бірнеше тәуелсіз облыстарға бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір оларды бағындыруға кірісті. Ал осы кезде Орта Азияның болашак әміршісі Ақсақ Темір өзінің шағын шоғырымен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрген болатын. Тоғылық әскерлері Кешті алып, оның өмірі Хожа-Барлас жөнді қарсылық көрсете алмай қашканда Темір оған ілеспеді. Ол Тоғылық әмірге қызметке кіріп, Шахрисяб түменінің қолбасшысы болып тағайындалды. Мұнын өзі оған барлас тайпасына көсем кұқығын берді. Бұл тұста ол 25 жаста еді. 1361 жылы Мәуеренахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық әмір оған билеуші етіп баласы Ілияс-қожаны қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәу-Оренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Осы тұста қарындасына үйленіп Хұсайынмен дос болған Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуеренахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Осындай тынымсыз шайқастардың бірінде оның екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылды. Аяғы емір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған сол, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирледг, "ленг" парсыша - ақсак) Ақсак Темір атанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет