Моңғол жаулаушылығы кезіндегі Қазақстан Жоспар: 1. Монғол мемлекетінің құрылуы және Темуджин.
2. Шыңғыс ханның көрші елдер мен халықтарға жаулаушылық соғыстары. Отырар апаты.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:Монғол империясының негізін салушы - Шыңғысханның жорықтарын, мемлекет құрылысы мен саясатымен студенттерге жүйелі түрде, ғылыми негізде таныстыру.
Лекция мазмұны: Монғолияда тұңғыш феодалдық мемлекетті құрушы оның негізін салушы Есугей Баһадурдың баласы Темучин болды. Ол Монғолияда түратын бытыраңқы тайпалардың басын қосып қуатты феодалдық монғол мемлекетін құрады. 1206 жылы Онон өзенінің жағасында Монғол ақсүйектерінің жиналысы болып, онда Темучинге Шыңғысхан деген атақ беріліп, ол монғол мемлекетінің әміршісі болып сайланды. Шыңғысхан мемлекет билігін өз
қолына алғаннан кейін көрші мемлекеттерді жаулап алып, соғыс олжалары арқылы
мемлекетті күшейтуді көздеді сонымен қатар соғыстар монғол ақсүйектері үшін қоғамдағы
әлеуметтік қайшылықтарды бәсеңдету құралы болып қызмет етті. Осы жағдайларды ескере
отырып Шыңғысхан өз мемлекетін әскери тұрғыдан құрды. Осының нәтижесінде
Шыңғысхан құрған әскери система жаулап алу жорықтарында өте маңызды рөл атқарды.
1207-1209 жылдары монғолдар Шығыс Түркістан территориясындағы тұрған ұйғырларды
бағындырып алып Цзинь мемлекетінің астанасы Чжундуды (Пекин) басып алды.
Шыңғысхан бұдан кейін Европа мен алдыңғы Азияға жол ашатын Қазақстан мен Орта
Азияны жаулап алуға ерекше мән беріп даярланды.
1211 жылы Қүбылай бастаған монғол әскері Жетісу жеріне, одан соң Оңтүстік
Қазақстанға, Орта Азияға баса көктеп кірді. 1219 жылы күзде Шыңғысхан 150 мың
әскерімен Отырарды қоршауға алды. Нәтижеде "Отырар апаты" деген қайғылы оқиға болды.
Отырар әміршісі Қайырханның басшылығымен отырарлықтар бар күш-жігерін салып
қорғанды. Кейбір деректерде Қайырханның 20 мың әскері болды десе, басқа бір деректерде
50 мың әскері болған деген пікірлер бар. Отырар 5-ай бойы қоршауда болды. Тек әскер басы
болған Қараджы-Қаджибтің монғолдарға Отырардың қақапасын ашып беруі (сатқындығы).
Монғолдардың қалаға баса көктеп кіруге мүмкіндік берген.
Алайда Отырар бүдан кейін де бір ай бойы монғол басқыншыларына қарсылық көрсетіп қорғана білген. Тек қаланы қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін барып, 1220 жылы февральда алынды. Отырар әміршісі Қайырхан қолға түсіп Шыңғысханның әмірімен көмейіне қорғасын құйылып өлтірілген. Отырар қаласы жермен жексен етілді. Сыр бойындағы басқа қалаларды да Монғол әскерлері басып алды. Сонымен Шыңғысхан әскерлері 1221 жылы Хорезмді жаулап алумен Орта Азиядағы соғысты аяқтады.
1219-1229 ж.ж. аралығында Монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына кірді.
Орасан зор империя құрған Шыңғысхан басып алған жерлерді өзінің 4 баласына ұлыс етіп әрқайсына үлестіріп бөліп берді. Қазақстанға жасаған монғол шапқыншылығының монғол жаулап алушылары көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік және этникалық дамуын ұзақ уақытқа шегереді. Монғолдардың жаулап алу салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырғынға ұшырады. Өркендеп тұрған қалалар жер бетімен жексен болып күйреді. Материалдық және мәдени байлықтар жойылды, экономиканың дамуы ұзақ уақытқа артқа шегініп кетті. Ондаған мың тамаша қолөнер шеберлері құлдыққа айналды. Ел ішінде індет меңдеді, ашаршылық, жоқшылық кең орын алды. Бағындырылған халық хан үйіне тиесілі деп саналып оларға ауыр салықтар мен міндеткерліктер жүктеліп отырды. Хан сарайы мен өзінің әміршілерінің пайдасы үшін көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданатын халық құшыр (ұшыр) салығын төлеуге тиісті болды.
Шыңғысханның және оның ізбасарларының соғыстары жаулап алынған елдердің ғана емес сондай-ақ бүкіл Монғолияның өздерінің де өндіргіш күштерін күйзеліске үшыратып қүлдыратты.