Оқытудың техникалық құралдары:проектор
Лекция өткiзу тәртібі: 1. Жеке жұмыс 2. Өзекті материалдар 3. Қортындылау 4. Бағалау
Бақылау сұрақтары: 1. Қазақстанның қай фумағында отырықшы мал шаруашылығы дамыды?
2. Егіншіліктің ірі ошактары атап көрсетіңіз.
3. ХІҮ-ХҮ ғғ. керуен жолдарын ашып көрсетіңіз.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Мал шаруашылығы және оның түрлері.
Егіншіліктің дамуы.
ХІҮ-ХҮ ғғ. қалалар, қалалық және селолық қоныстар.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғғ. рухани мәдениет. Ауыз және жазба әдебиет шығармалары. Түркі халықтарының ескі наным-сенімдері және Ислам дінінің тарауын саралау.
Лекция мазмұны:Қалалар мен қала мәдениетінің монғол шапқыншылығынан кейін қайта жандануы ХІІІ ғасырдың ортасында басталды. ХІІІ ғасырдың ортасында монғол шапқыншылығынан кейін қала мәдениетінің жандануына Отрарда теңге сарайының жұмыс істей бастағандығы дәлел бола алады. ХІІІ ғасырдың ортасына Қазақстан мен Орта Азияда теңгенің дәстүрлі үш түрін (динар, дирхем, мыс теңге) шығарған мекен - Отырар қаласы. ХІV-ХV ғасырларда Қазақстан аумағындағы ең елеулі сәулет ғи-мараты Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. Тарихшы Руз-бихан Ахмет Яссауи кесенесі туралы “дүние жүзіндегі ең ірі құрылыстардың бірі, кесенеде адамзаттың сәулет өнеріндегі жетістіктері таңғажайып дәрежеде берілген”-деп жазды. Орталық Қазақстанда орналасқан Алаша хан мен Жошы кесенелері ХІV-ХV ғасырлардағы сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері болып табылады. Осы кезде Сырдарияның оңтүстік жағалауындағы мәдени-экономикалық ірі орталық Сайрам қаласы болды.