Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта
Лекция өткiзу тәртібі:
1. Топтық жұмыс 2. Толықтыру 3. Қортындылау
Бақылау сұрақтары:
Шыңғысхан мемлекеттінің құрылым ерекшелігі?
«Отрардағы сауда керуен «саудагерлерінің» өлтіруі Қазақстан және Орта Азия жеріне жорық жасауға сылтау болды» - деген пікірге не айтасыз?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Шыңғысхан - тарихи тұлға.
Шыңғысхан және оның жорықтары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Аманжолов Қ. Түркі халықтарының тарихы. I, II т. А., 2002ж.
Қани М. Қазақтың көне тарихы. А., 1993ж.
Күзембайұлы А. Әбіл Е. История Республики Казахстана. Астана., 2000.
Қозыбаев М.К. Тарих зердесі. Алматы, 1998 т.1 т., 2
Оссон. От Чингизхана до Тамерлана. А., 1996ж.
Ювалы А. Шыңғыс хан және XIII ғ. Орта Азия: Қарақұрымнан Тебризге дейін. Түркістан, 2004.
Абдрахманов С.А. Тәуелсіздік шежіресі. - Астана: «Елорда», 2001. - 325 б.
Лекция №21
Алтын Орда дәіріндегі Қазақстан
Жоспар:
1. Алтын Орданың құрылуы және дамуы.(Батый хан тұсы).
2. Берке хан тұсындағы Алтын Орда.
3. Алтын Орданың ішкі саяси жағдайы.
4. Алтын Орданың Өзбек хан тұсында күшеюі.
5. Алтын Орда мен Орыс кнәздіктері арасындағы қатынастар.
6. Алтын Орданың әлсіреуі және оның құлауы.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Алтын Орда саяси тарихын қарастыруда мәселеге қатысты деректерді, олардың түрлерін меңгеруге үйрету.
Лекция мазмұны: Алтын Жошының мирасқоры оның баласы Батый болды. Батый қолының Руське және Волгадан батысқа қарай басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы үлысының Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан төменгі Волгада орналасқан үлкен мемлекетке айналдырды. Алтын Орда деген атқа ие болды. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату (қазіргі Астрахань маныңда) болды. Кейінірек Сарай -беркеге көшірілді.
Алтын Орда үлысы бір текті емес. Бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді яғни Повольже мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір жерде түгелдей Жошы ұлысы айтылған Батый 1227-1255ж Алтын Ордаға билігін жургізуде көп беделге ие болды (баласы өзінің мирасқоры Мөңкемен бірге) биледі. Алайда Батый да оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында бір түтас мемлекетті басқарушылар болмады.
Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады. Алтын Ордада, өз кезегінде, ұлыс жүйесі қалыптасты. Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласында болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды.
Алтын Орда ХІП-ХІҮ ғасырларда күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекет ретіндегі беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезеңдерде Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдет салалары өсті. Оған, біріншіден, түркі текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениеті, әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Беруни, Ас-Сығанақи, Ибн Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмет Ясауи, т.б. ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оң әсерін тигізсе, екіншіден, көрші елдер мәдениетінен үйренудің ізгі ықпалы болды.
Алтын Орда хандары Батый (1256 ж. өлді), Берке (1257-66 ж), Мөңке-Темір (1266-80 ж.), Туда-Мөңке (1280-87 ж.); Төле-Бүқа (1287-91 ж.), Тоқты (1291-1312 ж.), Өзбек (1312-42 ж.)5 Жәнібек (1342-57 ж.) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошы мен Батый Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттығы өркендеді, әр түрлі кәсіпшілік пен қолөнері дамыды. Берке тұсында Алтын Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек түсында ол үстем дінге айналды. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған әскери феодалдық алпауыт-бектердің құрылтай шақырылып тұрды. Мемлекетгік құрылыс әскери негізде болды, шет аймақтарды әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-оғландар: түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерді атқаруға билеуші топтың өз адамдары - оғландар, әмірлер, даруға-бектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері - бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, диуан бітікшілері, талғамшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін губернаторлар - жаруғашылар, басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау – әскер күшімен алым-салық жинау еді. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әр келкі болды. Көшпелі халықтарда (кыпшақ, монғол, татар тайпалары) жартылай патриархтық, жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдайы мейлінше ауыр болды - олар екі жақтан бірдей қаналды: ханға да, жергілікті ірі алпауыттарға да алым-салық төледі. Бастапқыда салықтың дені хан қазынасына түсті. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді кеңінен қолданды. Мұның өзі феодалдардың бағынышты халықты шексіз билеуіне және салықты өз қалауынша жинауына ерік берді. Егінші шаруалар өңделген жерден заттай алынатын салық төледі. Серіктес шаруалар феодалдарға еріксіз жұмыс істеп, салықтарын өтеді. Бұлардың үстіне жол, көпір, көлік, арық, жүзім т.б. салықтары болды. Жеке меншікті қорғау үшін мемлекеттік заң және мемлекеттік идеология қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |