Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін


Қазақстанның ежелгі дүние курсының мақсаты мен міндеттері, кезеңдері және тарихи маңызы. Қазақстанның ежелгі дүние тарихының тарихнамасы мен дерек көздері



бет2/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы

Қазақстанның ежелгі дүние курсының мақсаты мен міндеттері, кезеңдері және тарихи маңызы. Қазақстанның ежелгі дүние тарихының тарихнамасы мен дерек көздері.


Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қазақстанның ежелгі дүние тарихы туралы мәлімет беріп, оны кезеңдерге бөліп қарастыру және ерекшеліктерін атап өту. Ежелгі Қазақстан аумағындағы өркениеттің даму тарихын қарастыру.

Лекция мазмұны. «Тарих» - (араб сөзі-«зерттеу, оқиғалар жөнінде әңгіме») адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өскен өлкенді, еліңді оқып – уйренуден басталады. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы азаматтық даму тұрғысынан қарастырамыз.

Адамзат тарихы бірнеше қоғамдық құрылыс сатысынан өткен: Алғашқы қауымдық құрылыс, Құл иеленушілік құрылыс, Феодалдық құрылыс, Капиталистік құрылыс, Социалистік құрылыс. Бүгінгі қазақ халқы өзінің өсіп - өнуін алғашқы қауымдық құрылыстағы ру–тайпалардан бостандығын ешбір жоққа шығаруға болмайды. Археологиялық деректер негізгінде дәуірлерді сипаттайтын мәдениеттер арқылы өзіндік мерзімдер жасалған. Осы мерзімдеу бойынша адамзат тарихы тас, қола, темір және орта ғасыр дәуірлеріне бөлінеді. Ол еңбек құралдарының мен оны жасаудың дамуымен дәйектеледі.

Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне және орта ғасырлардағы тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер қажет. Археологиялық зерттеулер дегеніміз не? Ол қандай ғылым? Археология гректің екі сөзінен құралған, archailos-ескі, logos-ғылым, яғни көне ғылым. Археология - тарих ғылымының көне дәуірлерін, оның ескерткіштерін зерттейтін басты бір саласы. Ол қандай ескерткіштер: алғашқы адамдардың тастан құрал-сайман жасайтын жерлері немесе олар тұрған үңгірлер, қоныстар, зираттар, орта ғасыр дәуіріндегі қыстақ-кенттер, қалалар, қорғандар, қыстаулар, т.б. Адамдардың тіршілік әрекетінен қалған қалдықтарды археологиялық ескерткіштер деп атайды. Оларды зерттейтін ғалымдарды археологтар, қазақша айтсақ, көне дәуірдің мамандары дейді. Тарихшылар сол археологиялық деректерді пайдаланып, жерімізде өмір сүрген алғашқы қауымның өмір тіршілігінің тарихын жазады. Адамзаттың даму эволюциясын зерттейтін ғылым - антропология деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет