Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін



бет9/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы

3-деңгейдің сұрақтары (1-8 ұпай)

  1. Не себепті қола дәуірінің мәдениеті андрон атауын иеленді?

  2. Андрон мәдениетінің басты этнографиялық белгісі не болып табылады?

7. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайдардың үлестері (1-15 ұпай): Қола дәуірінің әр кезеңдеріне шаруашылық (малшарушылығы мысалында) және материалдық мәдениет (әсіресе баспана) дамуының белгілі бір деңгейі сәйкес келеді. Бақылау жұмысында міндетті түрде ерте қола мәліметтерін орта қола материалдарымен салыстыра отырып, қола дәуірі қоғамының дамуын көрсету қажет. (1-15 ұпай).
8. Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К. Древняя культура Центрального Казахстана. – А-А., 1966.
2. Ахинжанов С.М. Макарова О.А. К истории скотоводства и охоты в Казахстане. А-А.,1992.
3. Ткачев А.А. Культура населения Центрального Казахстана в эпоху развитой бронзы. Автореф.... – М., 1991.
4. Варфоломеев В.В. Сарыарка в конце эпохи бронзы. Автореф. ... – АА., 1991.
Лекция № 6 .
Қола дәуіріне тән ескерткіштер: Андронов және Беғазы-дәндібай мәдениеттері.


2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қазақстан территориясындағы зерттелген қола дәуірінің мәдени ескерткіштері Андронов және Беғазы-дәндібай мәдениеттері туралы түсіндіру, талқылау, талдау жасау.
3. Лекция мазмұны. Адамдардың металл қорыту ісін меңгеруі қоғам дамуының алға
басуына жол ашты. Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал
шаруашылығы мен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды өндіру тас пен сүйекті
ұсату аса маңызды рөл атқарды. Археологтардың қола дәуірінде мыс, алтын, қалайы,
күміс қорытылып одан әрі түрлі қару-жарақ, зергерлік бұйымдар жасалды.
Қазақстан территориясындағы зерттелген қола дәуірінің мәдени ескерткіштері Андронов мәдениеті деген атаумен аталды. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда шартты түрде Андронов мәдениеті" - деп аталды.
Қола дәуірінің ерте кезеңі Солтүстік Қазақстанда Феодоров кезеңі деп аталған, ал Орталық Қазақстанда бұл кезең Нура кезеңі деп аталды. Б.э.д. ХҮІП-ХҮІ ғғ. қамтыды. Қола дәуірінің орта кезеңі Солтүстік Қазақстанда Алтасу кезеңі б.э.д. XII ғғ. қамтыды. Б.э.д. XII ғасырдың Андронов мәдениеті тайпаларының экономикасында түрмысымен мәдениетінде өзгерістер болды. Бұл өзгерістер қоғамның жаңа шаруашылық негізіне байланысты.
Қола дәуірінің тайпалары кешенді түрде мал шаруашылығы және жер шаруашылығымен айналысқандықтан негізінен өзен, көлдердің жағаларында мекендеп, жер үйлерде түрды. Қола дәуірі тайпалары мал, жер шаруашылығы мен қатар тау-кен ісімен де айналысып металл қорытты. Қола дәуірі кезінде Қазақстан дүние жүзіндегі ең алғашқы қола қорытушы ел болды. Өте көп көлемде металл қорытылды. Атап айтсақ Жезқазған өңірінен жалпы көлемі 100 мың тонна мыс өндірілген.
Орталық Қазақстаннан 130 тонна қалайы өндіріліп, 15 мың тонна таза күміс алынған. Бұлар тек қана зерттелгені ғана.
Андронов мәдениетінің тағы бір ерекше жетістігі құмыраларды кең көлемде пайдалануы қола дәуірінде құмыра жасау ісі бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Құмыраның әр түрлі формалары жасалды. Мысалы, горшок, банкі, т.б. тектес түрдегі құмыралар жасалынды.
Андроновтықтар бірнеше үлкен патриархтың туыс семьялары бірлесіп, рулық қауым болып өмір сүрді. Бірнеше туысқан қауымдар тайпаны құрады. Бұған мысал ретінде б.э.д. I ғасырдағы Қазақстанның кеңбайтақ территриясындағы және Орта Азия жерлерінде өмір сүрген: арим, тур, дана сайрима, сайна, даха тайпаларын айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет