Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін



бет11/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
4. Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, слайдтар, презентациялар.
5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: “Миға шабуыл” лекциясы.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі:
1-деңгейдің сұрақтары (1-5 ұпай)
1. Күнге, айға және жұлдыздарға табыну салты немен байланысты?
2. Қола дәуірінде Орталық Қазақстан андрон тайпалары дамудың қандай үш кезеңін өтті?
2-деңгейдің сұрақтары (1-7 ұпай)
1. Нұра кезеңі тайпаларына жерлеудің қандай дәстүрі тән?
2. Андрон мәдениеті дамуының қай кезеңінде Орталық Қазақстан тайпаларында мәйітті өртеу дәстүрі кеңінен таралды?
3-деңгейдің сұрақтары (1-8 ұпай)
1. Атасу кезеңінің ескерткіштерін атаңыз?
2. Қазақстанның қай аймағында тырнақпен ою салу сипат алды?
7. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайдардың үлестері (1-15 ұпай): Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениеті Беғазы –Дәндібай уақыты (б.з.д. 10-8 ғғ.) дамудың: өтпелі, дамыған және кейінгі кезеңдендіру.
(1-5 ұпай).
8. Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К. Древняя культура Центрального Казахстана. – А-А., 1966.
2. Ахинжанов С.М. Макарова О.А. К истории скотоводства и охоты в Казахстане. А-А.,1992.
3. Ткачев А.А. Культура населения Центрального Казахстана в эпоху развитой бронзы. Автореф.... – М., 1991.
Лекция №8
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы археологиялық ескерткіштер.


Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қазақстанның ежелгі көшпенділері (сақтар, аримаспылар, аргипейлер, савроматтар) Археологтар темір деп атаған дәуірде Қазақстан аумағында және оған шекаралас елдерде сақ тайпалары туралы мағлұмат беру.
Лекция мазмұны: Өзіндік орын алатын қола дəуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер əкелген кезең б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы жəне көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді. Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия жəне Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең-байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) жəне басқа ертедегі тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп атаған. Сақ бірлестігі туралы мəліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антик дəуірінің авторлары (гректер) — Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей жəне т.б.; 2) Ахеменидтер əулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Парсы жазбалары «сақ» атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды «Азия скифтері» деп атайды. Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені бойын мекендеген скифтердің жəне төменгі Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың жəне Александр Македонский дəуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ—V ғасырларда Ахеменидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет