2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Адамдардың металл қорыту ісін меңгеруі қоғам дамуына алып келген өзгерістер туралы түсіндіру, талқылау, талдау жасау.
3. Лекция мазмұны. Қазақстандағы қола дəуірінің зерттелуі Кеңес өкіметінің
кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылады. 1933 жылы КСРО Ғылым академиясы Орталық Қазақстанды зерттеу үшін ұйымдастырған «Нұра экспедициясының» көрнекті
мүшелері П.С.Рыков, М.И.Артамонов, М.П.Грязнов, К.Арзютов, И.В.Синицин сияқты ғалымдардың сіңірген еңбектері айтарлықтай. Қола дəуірін зерттеуде бұлардың ашқан басты жаңалықтарының бірі Шерубай-Нұра өзенінің аңғарынан қола дəуірінің атақты Дəндібай ескерткіштерін табуы. Қазақстанның батыс бөлігінде қола дəуірін зерттеуде ғалым О.А.Кривцова-Грекованың еңбегі зор. Əсіресе, Тарих, археология жəне этнография институтының жанынан ұйымдастырылған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының меңгерушісі Ə. Марғұланның жүргізген жұмыстары орасан зор. Ғалым Атасу, Бұғылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы, Дəндібай сияқты ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстарының нəтижесінде Ə.Марғұланның қола дəуірі туралы екі үлкен монографиясы, көптеген ғылыми мақалалары жарық көрген. Шығыс Қазақстанның жерінде қола дəуірінің ескерткіштерін зерттеуде жемісті жұмыс жүргізген көрнекті ғалым С.С.Черников. ХХ ғ. 50-жылдары қола дəуірін зерттеуде үлкен еңбек сіңірген археолог ғалымдар К.А. Ақышев, А.М. Оразбаев, А.Р. Максимовалар болды.
4. Оқытудың техникалық құралдары:интерактивті тақта, слайдтар, презентациялар.
5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: ақпаратты лекция, проблемалық оқыту технологиясы.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі: 1-деңгейдің сұрақтары (1-5 ұпай) 1. Қола дәуірінің негізгі кезеңдері.
2. Андрон мәдениеті қай аймақта кеңінен таралды?
2-деңгейдің сұрақтары (1-7 ұпай) Орталық және Батыс Қазақстанда сумен жабдықтаудың жаңа тәсілі – құдықтардың пайда болуына не себеп?
Қола дәуірі тұрғындарының өмірінде малшарушылығы мен металлаургияның дамуы қалай әсер етті?