Лекция конспектісі университеттің барлық білім беру бағдарламасы үшін



бет19/30
Дата20.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#108985
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Жаулап алудың зардаптары.
Шыңғысхан әскерлерінің шапқыншылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ауыр апат болды; ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік және этникалық дамуын ұзақ уақытқа тежеді. Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқанданып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айдалды.
Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғысхан жаппай қырып-жою тәсілдерін қолданды. Шыңғысханның Орта Азияға барар жолында орналасқан Онтүстік Қазақстанның сыр өніріндегі қалалары мен қоныстары бұл тәсілдердің алғашқы құрбандары болды. Араб және парсы деректерінде түрлі елдердің халқын монғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған, отызға тарта қалалардың аты атап көрсетілген, олардың ішінде Оңтүстік Қазақстанның Отырар, Сығанақ және Ашнас қалалары айтылады.
Отырар тұрғындары мен оның гарнизонының алты ай бойы қарсыласқаны үшін қаталдықпен кек алынды – монғолдар қаланы тонады, қамал мен қорғаныстың дуалын қиратты, қаланың тірі қалған тұрғындарының көпшілігін қырып тастады. Отырар тұрғындарының шағын бір бөлігі, «қылыштан қашып құтылғандары» ғана тұтқынға алынып, қаланы қоршауға алған кезде пайдалану үшін Самарқанд маңына айдап әкетілді. Сығанақты жеті күн бойы үздіксіз шабуыл жасап алғаннан кейін басқыншылар оның халқын түгел қырып тастады. Сырдарияның төменгі ағысындағы Ашнастың халқы да осындай жағдайға душар болды. Бұл ауданның басқа қалаларында – Жентте, Үзкентте және Баршынлыкентте халықты мұншалықты қыру болған жоқ, бірақ бұл қалалар да монғол әскерлерінің талап-тонауына берілді. Оңтүстік Қазақстанның басқа отырықшы-егіншілік орталықтарының халқы да зардап шекті. Папа IV Иннокентийдің Күйік ханға жіберген елшісі 1245-1247 жылдары Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан арқылы жүріп өткен Плано Карпинидің байқаулары осыны дәлелдейді. Атап айтқанда, Сырдария ауданында ол және оның серіктері жермен жексен болған көптеген қалаларды, қирап қалған бекіністерді және қаңырап қалған қыстақтарды көрген. Шапқыншылықтан қалалармен олардың төңірегіндегі халықтар ғана емес, көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың халқы да зардап шекті. Сол Плано Карпини былай деп атап көрсетті: «Біз қағанаттардың жеріне аяқ бастық... Бұл жерден, сондай-ақ Команиядан біз аяқ астында тезекше шашылып жатқан сансыз адамдардың бас сұйектерінің қанқаларына тап болдық... Бұл адамдар, командар да, қанғиттер де, жер өңдемеген, малмен күн көрген, олар сондай-ақ үй салмастан, шатырларда орналасқан. Татарлар оларды да қырып жойған, енді өздері солардың жерінде тұрады, ал тірі қалғандарын құл қылып алған». Монғол басқыншыларына қарсы күрескен халықтың тағдыры осылай болған.
Бақылау жұмысы
1.Моңғол империясының құрылуы
2.Моңғолдардың қазақ жеріне енуі
3.Қазақ жеріндегі моңғол ұлыстары
4.Хайду мемлекеті, Бату хан тұсындағы Алтын Орда
5.Моңғол шапқыншылығының зардаптары


Әдебиеттер
1.Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. 4.1. Тексты. СПб., 1898;
2. Исследования. СПб.,1900; Сочинения. Т.1. –М.,1963;
3.Султанов Т.И. Письма золотоординских ханов. Тюркоязыческий сборник. –М.,1975, 234-285 б.
4.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан – летопись трех тысячалетиий. –А., 1992.
5.Захир ад-дин Бабур. «Бабурнаме». –Ташкент,1960.
6.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. Т. 2, -А., «Атамұра», 1998;
7.Алибек С.Н., Мырзабеков Қ. «Қазақстан тарихы».-Алматы, 2002;
8.Алиев У. Қазақстан тарихы. –Ташкент, 1998




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет