Лекция конспектісі университеттің барлық білім беру бағдарламасы үшін



бет24/30
Дата20.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#108985
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Бақылау жұмысы
1.«Қазақ» атауының шығу тарихы
2.Қазақ халқының этногенезі
3.Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы
4.Қазақ жүздері
5.Қазақ руларының шаруашылығы
Әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 2002.
2.Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 1979.
3.Тынышпаев М. История казахсого народа.-А.,1993,79-б.
4. Тынышбаев М. Великие бедствия (Ақтабан шұбырынды).-А.,1992, 146-б.
5. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. –Алматы, 1994, 67-б.
6.Қозыбаев М. Аңырақай шайқасы- Отан тарихының жарқын белесі. //Егемен Қазақстан, 1999, 25 тамыз.
7.Қозыбаев М. Қазақтың данқын асырған. //Егемен Қазақстан, 2000, 1 ақпан.
8. Әлиев Ө.Ә. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы. – Шымкент, 2005, 85 б
Лекция №11
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (ХҮ-ХҮІІІ ғғ)
Жоспар:
1.Қазақ хандығының құрылуы
2.Қасымханың тұсында қазақ хандығы
3.ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ хандығы

Қазақ хандығының құрылып, тарих сахнасына көтерілуі қарсаңында, яғни XV ғасырдың орта шенінде бұрынғы Алтын Орда жерінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер - ­ Қазан, Астрахан, Қырым хандықтары пайда болып, Хорезм Темір әулеті мемлекетінің құрамына енді.


Саяси және әлеуметтік-экономикалық талас-тартыстың шиеленісіп шегіне жеткен жері, Әбілхайыр хандығы болды. Билік үшін күрес барысында Дешті Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері Керей және Жәнібек сұлтандар 1456 жылы көшпелі және жартылай көшпелі халықтың өздеріне тәуелді тайпалар топтарын біріктіріп Шу өзенінің бойына көшіп кетті.
Моғолстанда қалыптасқан саяси жағдай қазақ хандары билігінің нығаюына және дербес саяси бірлестіктің құрылуына көмектесті. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына, Жәнібек пен Керейдің билігінің нығаюына бөгет жасауға ұмтылуынан ештеңе шыққан жоқ. 1468 жылы қыста Әбілқайырдың Жетісуға жасаған жорығы оның өліміне байланысты үзілді.
Қазақ хандығының нығаюы ұлғаюына «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырған көрнекті қазақ хандарының бірі Қасымның ролі зор болды. 1509/10 жылдарда Мұрындық хан бола тұрса да, хандықты билеу және бүкіл билік Қасымның қолында болды. 1511 жылда биліктен айрылған Мұрындық Дешті Қыпшақтан кетті де, Самарқандқа барып, сонда өлді. Осы кезден бастап Қазақ хандығындағы жоғары хандық билік Жәнібек ханның ұрпақтарына ауысты.
XVI ғасырдың екінші он жылында Қасымхан қазақ территориясының ұлан-байтақ далалық өңіріне өз үстемдігін түпкілікті орнықтырды. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жақ жағалауына шығып, Түркістан қалаларының көпшілігін қамтыды, оңтүстік-шығыста ол Жетісудың тау баурайы мен алқаптарының едәір бөлегін алып жатты, солтүстікте және солтүстік-шығыста Ұлытау таулары мен Балқаш көлі төңірегі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларына дейін жетті, солтүстік-батыста Жайық өзені бассейніне дейін барды. Қасымханның қол астындағы адамдардың санын замандастары бір миллион адам деп мөлшерлеген.
Қасымхан кезінде Қазақ хандығы едәуір нығайғанына қарамастан, әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады. Мұның өзі Қасымхан өлгеннен кейін бірден байқалды, сұлтандар мен басқа да феодалдардың сеператизмі сезіліп, қырқысу басталды. Өзара қырқысу кезінде Қасымханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасымханның немере інісі Тақыр (1523-1533) хан болды. Өз бодандары жөнінде өте қатал болған оның айрықша дипломатиялық және әскери дарыны да нашар болған. Тақырдың інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқтаған жоқ. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығыйтып, біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) әрекет жасады. Сырдария бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар 70-ші жылдардың аяқ шенінде Абдулла ханның, Ташкент үлестік әміршісі, Бұхара хандығынан бөлінгісі келген Бабасұлтанға қарсы күресін өз мүдделері үшін пайдаландып қалуға тырысты. Хақназардың мұрагері Жәдіктің баласы (Жәнібек ханның немересі - Ә.Ө.) қартайып қалған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598) бірге Бабасұлтанға қарсы күресінде өзбек ханы Абдулланы қолдап отырды, бұл үшін «Хажант жерін иқта ретінде» сыйға алды. 1582 жылдың маусымда Тәуекел Ясы қаласының маңында Баба сұлтанның әскерлерін талқандап, оны өлтірді. Абдулла бұл үшін Самарқанд өңіріндегі Африкент уәлаятын (қазіргі Самарқанд област Жамбай туманы) үлес қылып сыйға тартты.
Қазақ хандарының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі Түркістан мен оның қалаларын және – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды.
XVII ғасырда Қазақстан саяси жағынан бытыраңқы ел болды. Қазақ жүздері арасында тұрақты экономикалық және саяси байланыстар қалыптаспаған еді.
Жекелеген ірі қазақ сұлтандары іс жүзінде Есімханнан тәуелсіз болды. Бұлардың ішінен әсіресе Тұрсын Мұхаммед айрықша ерекшеленді. Есім хан Түркістанда билік жүргізіп тұрған кезде ол Ташкентте отырып өзін хан деп жариялады. Қазақ хандығының шығыс және солтүстік шығыс шептерінде ойрат феодалдарының агрессиясын тойтарудан қолы босамаған Есім хан біраз уақыт бойы Тұрсын ханның әрекеттеріне көнуге мәжбүр болды. Бұл кезде қазақтардың екі ханының арасындағы қатынастар бірте-бірте шиеленісіп, әскери қақтығыстарға дейін барып жүрді.
Есімханнан кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қырқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлегін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра тұрса да, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұхара әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасау қажеттігіне оның көзін жеткізді. Жәңгір өз өмірін жоңғарларға қарсы күреспен өткізіп, оларға қарсы жорықта қаза тапты.
1680 жылы хандықтың тағы Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718) көшті. Ол феодалдар табының айтарлықтай тобын құрайтын билер сияқты әлеуметтік тіректің көмегі арқалы өз билігін нығайтуға тырысты. Хан билігін күшейтуде, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық дәстүрлер мен нормаларды регламенттеуде, ішінара жаңартып, бір ізге түсіруде, Тәуке хан үлкен рол атқарды. Бұл жұмыстың нәтижесі «Жеті жарғы» болды.
Бұл кезде руаралық және жүз аралық дауларды шешуге қабілеті бар билер қарсы күресуші тараптардың ымыраға келуіне қол жеткізе отырып, әдетте көшпелілер арасында біршама бедел алып, қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси өмірінде едәуір ықпалға ие болды. Мұның бәрі Қазыбек, Төле, Әйтеке, Есет және тағы басқалары сияқты билердің жоғарғы билікке зор ықпал жасауына мүмкіндік берді; олардың көңіл-күйімен, пікірлерімен және шешімдерімен тіпті ең беделді қазақ хандары (Тәуке, Әбілқайыр, Абылай) санасып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет