Бақылау сұрақтары 1.Үйсін, Қаңлы туралы дерек көздерінің түрі
2.Үйсіндердің қоғамдық құрылысы
3.Үйсін мен Қаңлылардың шаруашылығындағы ұқсастықтар
4.Үйсіндер мен Қаңлылардың тілі
5.Үйсіндер мен Қаңлылардың қазақ тарихында алатын орны
Әдебиеттер 1.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том. –Алматы, 1996.
2.Гумилев Л. Хунну-М., 1994.
3.Гумилев А. Хунны в Китае. Три века войны Китая со степными народами III-II вв. -СПб., 1994.
4.Краткая история уйгуров. — Алматы, 1998.
5.Акишев К.А. Курган Иссык - М, 1978.
6.Акишев КА., Кушыев Г.А. Древняя культура саков средней долины реки –Алматы, 1963.
7.Акишев К.А. искусство и мифологии саков. — Алматы, 1984.
8.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. – Алматы, ”Ана тілі”. 1995. –176 бет.
9.Әлиев Ө.Ә. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы. – Шымкент, 2005, 85 б
Лекция № 5
Қазақстан орта ғасырларда Ерте ортағасырлық мемлекеттер (ҮІ-Х ғғ.).
Жоспар 1.Түрік, Батыс Түрік және Түркеш қағанаттарының құрылуы.
2.Қарлұқ, Оғыз, Қимақ мемлекеттерінің қоғамдық және этникалық құрамы.
3. ҮІ-Х ғғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса кұрделі өзгерістер болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанатыатты феодалдық мемлекет құрды. Бұл мемлекет аумағы Шығыс Кореядан басталып Орта Азияның жерін де толық қамтыды. Бүгінгі Қазақстан территориясы да осы қағандықтың құрамында болды.
Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік тайпаларының өз тілінде жазылған "Үлкен Күлтегін", "Кіші Күлтегін", "Тоныкөк" құлпытастарындағы жазулардан белгілі. Бұдан біздің білетініміз түркі сөзінің алғашқы айтылған (542ж.) және пайда болған жері Моңғолиядағы Орхон өзенінің жағасы. Бір тілде сөйлеп түрік халқы деп аталған оғыз, қарлұқ, қырғыз, түркеш, үйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру-тайпалар шығыстан батысқа қарай жылжып, қәзіргі қазақ жеріне орын тепкен.
Түрік ордасының алғашқы қағаны Түмын болған, оған Елхан деген атақ берілген. Оның бұл атаққа ие болуы, түрік елінің ата жауы болып келген авар қағаны Анағойды талқандап, оны біржола жеңуінен еді. Міне, осы кезден бастап Түрік қағанаты өзінің саяси билігі жағынан дамыды. Түмынның саяси іс-әрекетін оның мүрагерлері Қара-Еске, Мүқан ( 553-572 жж.) қағандар жалғастырды, ал қағандықтың батысқа қарай шекарасын кеңейту ісін оның інісі Иштеми жүргізген.
Қытай деректері 555 жылы Иштемидің Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының бірінде Арал теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал “Күлтегін” үлкен жазуында Мүқан мен Иштеми қағандардың өз халқын “Темір қақпаға” дейін орналастырған деген дерек бар. Мұндағы Темір қақпа деп отырған жері Соғды елі мен Тохарстан елінің арасындағы Байсүн тауындағы өткел. Бұл деректер VI ғасырдың ортасында Түрік қағанаты Орта Азияның жеріне еркін жеткендігін көрсетеді.
Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде Түрік қағаны Иштеми Эфталиттерді өздеріне толық бағындыруға әрекет жасайды. Алайда, бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтүстік Үнді ойпатына дейін Орта Азияда ұлан-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қойматынын білген Түрік қағанаты Иран шахы Хусраумен келісімге келуге әрекеттер жасайды. Қағанның жоспары ойдағыдай болып келісім жасау сәтті аяқталады. Эфталиттермен болған соғыстарда Түрік қағанаты жеңіске жетеді. Алайда осы жеңістен соң Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы достық ұзаққа созылмайды. Оған басты себеп, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан керуен жолының барлығы дерліктей түрік қағанының қолында қалып, Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғыза бастайды.
Түрік қағанаты Орта Азиядағы өзінің саяси билігін біржола нығайту үшін, Византияға соғд саудагері Маниях бастаған елшісін аттандырды. Бұл елшілік Иран шахының бұйрығы бойынша сәтсіздікке ұшырап, кері қайтады. Түрік қағаны Иран шахының бұл әрекеті соғдтарға қарсы жасалған әрекеті болуы мүмкін, бізбен қарым-қатынас дүрыс болуға тиісті деген оймен, қүрамы тек түріктерден түратын өзінің елшілігін аттандырады. Алайда ол елшілігі де толық сәтсіздікпен аяқталады.
Түрік қағаны Иран шахының өзімен қарым-қатынасын бұзып отырғандығын сезіп, енді олардың бүрыннан көршілес ата жауы болып отырған Византиямен келісім жасау үшін соғд саудегері Маниях бастаған елшісін екінші рет аттандырды. Елшілік бұл жолы Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы жүреді. Елшіліктің алдына қойған басты мақсаты, біріншіден Иранға қарсы әскери одақ жасау болса, екінші басты мәселе сауданы жандандыру. Әсіресе, Византияға жібек шығару. Екі елдің арасында бірінші мәселенің барысында өзара келісушілік болғанмен, “Жібек саудасы” жайлы мәселе шешілмей қалды. Оған себеп, византиялықтар өздері де жібек өндіре бастаған еді. Дегенмен, екі елдің арасында саяси- одақтастық келісім шарты жасалады.
Жазба деректерге қарағанда, VI ғасырдың аяғында түрік қағандығының саяси жағдайы нашарлайды. Өз ішінде саяси билік үшін талас, тартыс басталып, үлан-байтақ жерді алып жатқан қағандық VII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы және Шығыс түрік қағандығы болып екі дербес мемлекетке бөлінді. Шекара Алтайдан болған.