Аналитикалық шот бойынша деректер Шот бойынша қалдық-айналымдық ведомостісі тек қана аналитикалық есеп жүретін шоттарда қолданылады. Онда айналымдарды бөлу мен аналитикалық есептің нақты объектілері бойынша шот қалдықтары көрінеді. Сонымен, 1300 «Қорлар» шоты үшін бұл ведомость материалдардың нақты түрлерінің қозғалыстары бойынша, ал 681 «Қызметкерлермен есеп айырысу» шоты - әрбір қызметкермен есеп айырысу мәліметерін және т.б. деректерді алуға мүмкіндік береді.
Субконто бойынша шотты талдау қалдық-айналым ведомостісіне қарағанда толығырақ мәліметтер береді. Бұл құжат аналитикалық есептің (субконто) әрбір объектісінің таңдалған шоты бойынша осы объектінің басқа барлық синтетикалық шоттарымен корреспонденцияларының қорытынды сомалары, және де субконто бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықтар (натуралдық және құндық көріністе) көрінеді. Осылай, «Субконто бойынша от талдау» құжаты «Шот талдауы» құжатының аналитикалық есебінің (субконто) нақты объектілері бойынша түсіндірмесі болып табылады.
Субконто талдауы бірнеше синтетикалық шоттарымен байланысы бар субконто түрлерімен қолданылады. Қалдық-айналымдық ведомость айналымдар және субконто қорытындылары туралы толық ақпарат бермейді. Мысалы, контрагент сатып алушы немесе жеткізуші орнында да болуы мүмкін, яғни бұл ұйымға байланысы бар операциялар 1210, 3310 шотында есептеледі, сондықтан қалдық-айналымдық ведомость субконто қиысында бұл шоттардың біреуі де бұл ұйыммен есеп айырысуларын көрсетпейді.
Субконто арасындағы айналымдар субконталардың арасындағы бір түрімен басқа бірнеше түрлері арасындағы айналымдарды талдауды алуға көмектеседі. Бұл құжат, мысалы, әрбір тұтынушының түрлі түрдегі тауарлардың қаншасын сатып алғандығы туралы мәліметтерді біліп отыруға мүмкіндік береді.
Субконто бойынша операциялар карточкасы шот бойынша операциялар туралы максималды толық көрінісін алу керек болғанда қолданылады. Ол берілген шоттың барлық операцияларын проводкалардың реквизиттерін, әрбір операциялардың шот бойынша кезең бойынша алғашқы және соңғы қалдықтарын, шот бойынша айналымдарын хронологиялық кезектілікте көрсетеді. Деректер құндық және натуралдық көрсеткіштер түрінде көрсетіледі.