пайдалы кезең қызметі - бұл кезен ішінде негізгқұралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
нормативтік қызмет кезеңі — бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
2. Негізгі кұралдардың есебі"Негізгі құралдар" бөлімшесінің мынадай мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі:2411-ші "Жер, 2412-ші "Ғимараттар мен құрылғылар",2413-ші "Машиналар мен жабдықтар, өткізгіштетіктер", 2414-ші "Көлік құралдары", 2415-ші "Басқа да негізгі кұралдар". Сонымен бірге, 2416-шы "Аяқталмаған құрылыс" шотында аяқталмаған күрделі салымдар, көпжылдық өсімдіктерді есіруге кеткен шығындар, жас малдарды өсіруге және бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас есімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз (тегін) алынған негізгі кұралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан (келісімді құнын толық төлегеннен кейін); жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру(орнын ауыстыру) актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құраддарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға косқан үлестерді, сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі кұралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдыктардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизитгермен қоса, комиссия қызметету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызметету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылык жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен (визуально) анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі — есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдардың алыс-беріс (орнын ауыстыру) актісі келесі бетте келтірілді. Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдіс яғни обьектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы оның қызмет ету мерзімінен ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген және ол бухгалтерлік есептің отандық тәжірибесінде қолданылып жүрген әдіс.
Амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу өндірістік тәсіл.
Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы тек пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт бөліктері ешқандай роль атқармайды деген пайымдауға негізделген.
Амортизацияны есептеудің жеделтілген әдістері. Бұл әдістер өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері пайдаланудың алғашқы жылдарында тиімдірек жұмыс істейді немесе жоғарғы өнімділік қабілетін көрсетеді деген пайымдауға негізделген. Амортизацияны есептеудің жеделтілген әдістері:
а) Кумулятивтік әдіс.
б) Азайып отыратын қалдық әдісі.
Кумулятивтік әдіс - латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу деген мағынны білдіреді, яғни сандарды қосу бойынша табылатын, объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.
Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амотизациялау нормасын қолдану арқыл азайып отыратын қалдық әдісі деп те атайды.
Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеен кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады.
5. «Жалдау есебі» деген №17 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қаржылық жал – бұл мүлікке берілетін меншік құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдің едәуір бөлігін жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүліктерді өзінің баласында көрсетеді. Меншік құқының өзі жал мерзіміне берілуі де, берілмеуі де мүмкін. Жалданған негізгі құрал объектілері белгіленген келісім бағасы бойынша немесе жалдау мерзімі аяқталғанға дейін өтемі төленіп алынған жағдайда жалгердің меншігіне берілуі мүмкін.
Егер тәуекел мен сыйақы пайдалану құқымен біршама байланысты болса және жалгерге табыс етілген болса, сондай-ақ:
Жалгер жалдан мүлікті тіркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің соңында белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқысы болса;
Жалдау мерзімі жалданатын мүліктің ұтымды қызмет крсету мерзімінің 80%-інен астам болса;
Жал мерзімінің соңында жалданған активтің қалдық құны жалдаудың бас кезіндегі оның ағымдық құның 20%-інен кем болмаса;
Жал ақысының барлық кезеңіндегі дисконтталатын құны жалданған мүліктің ағымдағы құнының 90%-інен асатын болса;
Жал мерзімінің соңында жалданған активті меншіктену құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса жал қаржылық болып табылады.
Жалгердің бухгалтерлік есебінде жалданған мүлік актив ретінде, ал тленуге тиісті жалдау ақысы міндеттеме ретінде ескеріледі. Жал мерзімінің басында жалдау ақысы жөніндегі міндеттемелер өткізу бойынша немесе егер, ол өткізу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталған құнымен жазылады. Жалдау ақысы:
Қаржыландырғаны үшін төлемнен (процент төлеу шығындарынан);
Жал мерзімінің соңында меншіктену құқы жалгерге өтетіндігіне онша сенімділік жоқ болса, екі мерзімнің неғұрлым қысқасының ішінде мүлікке амортизацияның барлық сомасы есептеледі: 1-шісі – жалдау кезеңі, 2-шісі – ұтымды қаржыландыру мерзімінің кезеңі. Есепте жалгер мынадай жинақтамалы шоттарды қолданады: