Лекция мақсаты : 1С: Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру



бет2/29
Дата15.12.2022
өлшемі264,98 Kb.
#57482
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Анықтамалықты қарап шығу
Аныктамалықтағы жолдың екі түрі болуы мүмкін: анықтамалықтың элементі және акықтамалық тобының атауы. Анықтамалықтағы топты ашу келесі тәсілдердің бірімен орындалуы мүмкін:
- Кестедегі керекті топ атауының таңбасына маустық көмегімен екі рет басу
немесе
- Курсорды керекті топ атауына қойып CTRL+
немесе
-Курсорды керекті топ атауына қойып программанын басты менюіндегі «Әрекет (Действш)" пунктінің «Келесі деңгей (Следующии уровснь)" командасын таңдау.
Осы топ атауы және жоғарғы деңгейдегі барлық топтардың атауы кестенің бірінші жолында көрсетіледі. Алдыңғы деңгейге қайта оралу үшін CTRL+ пернесінің қосыңдысын басыңыз. Егер бірінше деңгейді аттап өткіңіз келсе, керекті жолдағы топ атауының таңбасна маустың көмегімен екі рат басыңыз.
Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шыгу
Топтың бұтақ тәріздес түрінің құрамы анықтамалықтағы топтың атауынан тұрады және ол біріншіден, анықтамалықтың құрылымын қарап шығу үшін, екіншіден, анықтамалықтың нақты тобына кіретін элементтерге тез өту үшін ыңғайлы. Бұтақтағы "+" таңбасы осы бұтақтың ішінде қосалқы бұтақ барын білдіреді. Топты ашу маустың көмегімен таңбаға екі рет басу арқылы орындалады "+" таңдасы "-" ке ауысады. Ал топты жабу ушін "-" таңбасын маустың көмегімен екі рет басу жеткілікті.
Анықтамалық элементтерін реттеу
Анықтамалық терезесі көруге немесе элементтерді таңдауға ашылғанда оны коды, элементтердің атауы немесе кез келген деректемесі бойынша реттеуге болады. Реттеуді программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктінің "Реттеу (Сортировка)" командасын таңдау арқылы орындалады. Реттеуді жылдамдату үшін келесі пернелер қосындысы қолданылады:
CTRL+1 элементті коды бойынша реттеу;
СTRL+2 элементті атауы бойынша реггеу;
CTRL+3 кез келген деректеме бойынша реттеу.
Аиықтамалыққа жаңа элемеит енгізу
Анықтамалыққа жаңа элемент енгізу үшін келесі амалдар орындалады:
- Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз
немесе
- INS пернесін басыңыз
немесе
- Программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктіндегі "Жаңа (Новый)" командасын таңдаңыз.
Анықтамалықтағы элементтерді түзету үшін курсорды түзетілетін ұяшыққа қойып ENTER пернеcін басыңыз немесе маустың көмегімен сол элементке екі рет басыңыз. Егер түзету элементтерді таңдауға ашылған анықтамалықта болса, онда түзету режимінен ұяшықтарға өту SHIFT+ Enter пернелерінің көмегімен орындалады. Деректемелерді түзету барысында жолдың басқа бағанасына өту үшін Таb және SHIFT+ Enter пернелері қолданылады. Деректемелердегі өзгерістерді аяқтау үшін құралдар тақтасындағы кнопкасын немесе Enter пернесін басу керек. Ал, түзетуден бас тарту үшін ЕSC пернеcін басыңыз. Қарап шығу көппайдаланымды режимде, яғни бір ақпарат қорымен бір уақытта бірнеше пайдаланушы жұмыс істеген кезде қолданылады. Анықтамалық элементтерін қарап шығу үшін курсорды жолдың керекті элементіне қойып, келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
- Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз
немесе
- Программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пункті бойынша "Қарау (Просмотр)" командасын таңдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет