Лекция мақсаты : 1С: Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру



бет20/29
Дата15.12.2022
өлшемі264,98 Kb.
#57482
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
5 -Тақырып


Стандартты және еркін нысандағы есептемелер

Стандартты есептемелер жалпы кез келген ұйымда және қандай да болмасын кез келген бухгалтерлік есептің бөлімдерінде қолданылады. Олар берілген шоттың, субконто түрлерінің, валюталардың бухгалтерлік қорытындыларын береді. Стандарттық есептемелерге «Қалдық-айналымдық ведомость», «Шахматка», «Шот талдауы», «Шот карточкасы» және т.б. есептемелер жатады.


Стандартты есептемелер - бухгалтерлік қорытындыларды әр кезеңде және бөлшектелінген проводкалар шоттары, аралық шоттар, валюталар, аналитика объект дәрежесіндегі талдау жүргізу үшін бухгалтерлік есепті енгізу барысында өте кең көлемде қолданылады.
Қажет стандартты есептемелерді программаның басты менюіндегі «Отчеты» пунктін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.
Қалдық-айналымдық ведомость
Есептеме әр шот үшін кезеңнің басындағы және соңындағы қалдықтар туралы және таңдалған кезеңнің дебеті және кредиті бойынша айналымдар туралы ақпараттарды қамтиды.
Жиынтық проводкалар
Есептеме шоттар арасындағы нақты кезеңіндегі айналымдарды (бір шоттың дебетін басқа шоттың кредитінен) қамтиды.
Шахматка
Бұл есептеме - нақты таңдалған кезеңдегі шот аралық айналымдардың кесте түріндегі мәліметтер көрінісін береді.
Шот бойынша қалдық-айналымдық ведомость
Есептеме аналитикалық есеп бойынша жіргізілетін шоттар үшін аналитикалық есептің (субконто) нақты объектілерінің қалдықтары мен айналымдарын бөлу туралы ақпараттарды қамтиды.
Шот айналымдары (Бас кітап)
Есептеме әр ай үшін шот айналымын және қалдықтарын шығару үшін қолданылады.


Журнал-Ордер және шот бойынша ведомость
Есептеме (бастапқы қалдық, басқа шоттармен айналым және соңғы қалдық), уақыты (кезеңі) бойынша бөлшектелген немесе проводкалар (операциялар) бойынша шоттағы қозғалыстар туралы.
Шот талдауы
Есептеме таңдалған кезең ішіндегі шоттың басқа шоттармен айналымы туралы және кезеңнің бастапқы және соңғы қалдықтары туралы ақпараттарды қамтиды.
Шот карточкасы
Есептеме берілген шоттың барлық проводкаларын немесе осы шот бойынша аналитикалық есептің объектілерінің нақты мәндері бойынша (материал, ұйым-жеткізуші аты) қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет