Лекция мақсаты : 1С: Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру


Регламенттелген және арнайы есептемелер



бет23/29
Дата15.12.2022
өлшемі264,98 Kb.
#57482
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Байланысты:
БЕАжБ лекция 2021

Регламенттелген және арнайы есептемелер.
Нақты және арнайы есептемелердің тізімі нақты баптауларға байланысты болып келеді. Бұл есептеме түрлерімен жұмыс жасау стандартты есептемелермен жұмыс жасаудан оншалықты айырмашылығы жоқ.
1C:Бухгалтерия бағдарламасында деректердің маңызды бөлігі сілтеме түрде сақталады. Мысалы, құжатты енгізу барысында құжаттың көптеген реквизиттерін анықтамалықтан алынған мәліметтерді, құжаттардың тізімінен алынған құжаттарды таңдау арқылы толтыруға болады. Бұндай реквизиттер сәйкес анықтамалықтардың элементтеріне сілтеме болып табылады.
Сілтемелерді қолдану әр жерде орналасқан бірдей ақпараттарды қайта-қайта түзетудің болуын алдын алады. Мысалы, құжаттардың бірқатарын басып, енгізгеннен соң осы құжаттар арналып жазбаланған ұйым-контрагент атауы дұрыс көрсетілмегені анықталды. Контрагент аты құжатқа контрагент анықтамалығынан таңдау жолымен енгізілгендіктен, контрагент атын тек қана анықтамалықта өзгерту жеткілікті, себебі өзгертілген атау құжаттарда автоматты түрде көрінетін болады, тек печаттық формаларын жаңадан құру жеткілікті болады.
Бірақ, егер контрагент-ұйымды анықтамалықтан жойса, онда ол қолданылған барлық құжаттарда «рұқсат етілмеген сілтемелер» атты жоқ нысандарға сілтемелер болып қалады.
Бұндай жағдайларды болдырмау үшін 1C:Бухгалтерия бағдарламасында сілтемелік тұтастықтың бақылау механизмі бар. Сілтемелік тұтастықтың бақылау механизмі деректер нысанын жою процесін 2 кезеңге бөліп қарастырады.
1 – кезеңде қолданушылар нысанды жоюға арналған белгіні қояды. Бірақ жоюға белгісі бар нысанның қолданыстағы нысаннан ешқандай айырмашылығы байқалмайды.
2 – кезеңде жүйе басқарушысы немесе сәйкесінше құқы бар өзге тұлға белгісі бар нысандарды жою арнайы процедурасын орындайды. Бұл процедура жүру барысында белгісі бар нысандарға сілтемелердің барлығына толық анализ жүреді де, тек сілтемелері жоқ нысандар ғана жойылып отырады.
Жалпы белгіленген нысандарды жою процедурасы регламенттік болып табылады. Оны белгісі бар нысандар жиналғанына қарай белгілі бір кезең сайын орындау ұсынылады. Бұл процедура тек монопольді режим түрінде орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет