Тема 6
Есептік кезеңді жабу. Басқа да есептемелер.
Есептік кезеңді жабу, амортизация есептеу, валютаны қайта бағалау, НҚ қайта бағалау, салық есептеу тағы да басқада есептемелерге қол жеткізу үшін программаның басты менюінің Документы → Регламентные командасын таңдап экранда пайда болған терезеден керекті құжаттың түрін таңдаңыз
Салықты есептеу үшін Расчет налогов жолын таңдап керекті деректемелерін таңдап Заполнить командасын басыңыз.
Амортизация есептеу
Амортизация есептеу үшін Начисление амортизации ФА жолын таңдап. Экранда ашылған терезеден амортизация есптелінетін керекті күнді (айдың соңғы күні) қойып ОК басыңыз.
Негізгі құралдар үшін бухгалтерлік есептің әртүрлі шотында жеке амортизация есептеу мүмкіндіктері қарастырылған. Ол үшін тізімнен шоттарды таңдау үшін керекті жалаушаны белгілеу қажет.
Амортизация есептеу анықтамалықта көрсетілген белгілер бойынша негізгі құралдар объектісі арқылы есептелінеді. ОК кнопкасын басу арқылы құрылған құжатты сақтаймыз және терезені жабамыз. Программа құжатты сақтап проводкасын құрады. Мұнда амортизацияны есептеу барлық белгіленген жалауша бойынша ФА объектісі арқылы есептелінеді. Есептеу нәтижесін қарап шығу және баспаға шығару үшін басты менюдің Отчеты → Специализированные → Ведомость начисления амортизации ФА командасын таңдаңыз.
Есептік кезеңді жабу
Экранда ашылған терезеден Закрытие периода бөлімшесін таңдап, экранда пайда болған терезеден жабылатын кезеңнің бастапқы күні мен соңғы күнін көрсетіп ОК басыңыз (ай, тоқсан, жыл).
Құжат кезеңді жабу үшін мүмкін болатын барлық операциялар тізімінен тұрады, яғни сегізінші бөлімше шотары, өндірістік шығындар шоттары, табыс (залал) есептеу шоттары және т.б. Құжатты сақтау үшін керекті жұлдызшаны таңдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |