Лекция мақсаты мен міндеті: Философияның қоғамдағы алатын рөлін түсіндіру Лекция жоспары


- Лекция. Тақырыбы: Дін философиясы



бет32/36
Дата20.10.2022
өлшемі325,68 Kb.
#44437
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
13- Лекция. Тақырыбы: Дін философиясы
Лекция мақсаты:Дін анықтамаларын, діннің алғашқы формаларын, алғашқы діни формалардың мәселелерін ашып көрсету
Лекция жоспары:
1.Дін туралы түсінік, оның құрылымы мен қызметі
2.Дін және конфессия ұғымдары
3.Діни ағым және секта ұғымдары
Лекция мәтіні:
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos-халық, logos-ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология (көне грек тілінде teos-құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.
Дінді философиялық-әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз – оны қоғамдық сана мен дүнитанымның нысаны (формасы), діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және “діндарлық генінің” болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялық анықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақ та оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.
Дін этностардың оқшаулану факторларының бірі болып табылады және этнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.
Жоғарыда айтылғандар – дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері. Бірақ, жеке-жеке алғанда дін деген не, ол қалай пайда болды, хақ дін деп қайсысын айтамыз, деген тәрізді сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Теология мен философияның өзі көзқарастар қайшылығы болып табылады. Сондықтан дінді әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен түсіндірудің, әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы, жеке адамдардың және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі немесе мәдени феномен тұрғысында қарстыру бізді діннің шын табиғатына бір қадам жуықтата түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет