Лекция мақсаты: пайда мен зиян туралы қаржылық есептіліктін аудитін жоспарлау мен аудитінің әдістемесімен таныстыру


Пайда мен зиян туралы есептіліктін аудитін жүргізу әдістемесі



бет3/3
Дата08.02.2023
өлшемі30,84 Kb.
#66159
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
Лекция 5

3. Пайда мен зиян туралы есептіліктін аудитін жүргізу әдістемесі
Аудитор жоба бойынша команда мүшелері жұмысының сипатын, мерзімдері мен ауқымын бағыттау, бақылау жəне шолуы қажет.
Жоба бойынша команда мүшелері жұмысының сипатын, мерзімдері мен ауқымын бағыттау, бақылау көптеген факторларға байланысты, ол субъектінің күрделілігі мен көлеміне, аудит баптарына, маңызды бұрмалаулар тəуекелділігіне, аудиторлық жұмысты орындайтын тұлғаның компетенттігіне байланысты. 220 АХС аудиторлық жұмысты бағыттау, бақылау жəне шолу бойынша нұсқаулықтан тұрады.
Жоба бойынша команда мүшелері жұмысының сипатын, мерзімдері мен ауқымын бағыттау, бақылау маңызды бұрмалаулар тəуекелділігіне негізделеді. Аудиттің белгілі бір бабы бойынша маңызды бұрмалаулар тəуекелділігі жоғарылаған кезде жоба бойынша команда мүшелері жұмысының сипатын, мерзімдері мен ауқымын көбейтеді. Яғни бұл жоба бойынша команда мүшелерінің қабылеттері мен компетенттігіне негізделеді.
Кішігірім субъектілер аудитінде аудитті толықтай жоба бойынша серіктес (жеке тəжірибесі бар кəсіби бухгалтер) орындайды. Бұл жағдайда жоба бойынша команда мүшелері жұмысының сипатын, мерізмдері мен ауқымын бағыттау, бақылау қажеттілігі қарастырылмайды. Себебі ол барлық маңызды аспектілерді білдіреді.
Алайда аудит келісімі бойынша серіктес (жеке тəжірибесі бар кəсіби бухгалтер) аудиттің АХС талаптарына сəйкес өткізілгендігіне көзін жеткізуі қажет. Аудиттің орындалуы барысында күрделі жəне қиын сұрақтар орын алған жағдайда жеке тəжірибесі бар кəсіби бухгалтерден, басқа тəжірибелі аудиторлардан немесе кəсіби аудиторлық ұйымдардан кеңес алу жоспарлануы тиіс.
Құжаттама
Аудитор аудиттің жалпы стратегиясы мен аудит жоспарын құжаттауы тиіс. Оған аудит келісімін орындау барысында жасалған барлық маңызды өзгерістер енгізіледі.
Аудиттің жалпы стратегиясын құжаттауда аудиттің қажетті деңгейде жоспарлануына жəне команда мүшелерін ақпараттауға қажетті барлық шешімдер қамтылуы керек. Мысалы аудитор аудиттің жалпы стратегиясын меморандум түрінде түйіндейді.
Аудит жоспарын құжаттау операциялар сыныбы, айырым есеп шоттары жəне ашулар жөніндегі аудиторлық шаралар мен тəуекелділікті анықтау шараларының жоспарланған сипатын, мерзімдері мен ауқымын көрсетуге жеткілікті болып саналады. Аудитор аудиттің стандарттық бағдарламаларын пайдалана алады. Алайда мұндай стандарттық бағдарламалар қолдануда аудитор оларды келісім шарттарын көрсетуге бейімдеуі керек.
Аудиттің бастапқы жоспарланған жалпы стратегиясындағы маңызды өзгерістерді құжаттау аудиторлық шараларға қатысты шарттар мен жағдайлар кезіндегі аудитор əрекетін түсіндіруден тұрады. Мысалы аудитор қаржылық есептіліктің маңызды бұрмалауларын анықтау арқылы аудиттің жалпы стратегиясы мен аудит жоспарын өзгертуі мүмкін. Аудиттің жалпы стратегиясы мен аудит жоспарында ерекше өзгерістер жасау жəне бұдан шығатын аудиторлық шаралардың жоспарланған сипатындағы, мерзімі мен ауқымындағы өзгерістер аудиттің аудит үшін белгіленген түпкілікті жоспарын көрсетеді.
Құжаттаудың ауқымы мен үлгісі субъектінің көлемі мен күрелілігіне, маңыздылығына, басқа құжаттаманың ауқымына байланысты. Басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды хабардар ету;
Аудитор жоспарлау элементтерін басқару өкілеттігіне ие тұлғалар жəне субъект басшылығымен талқылайды. Бұл субъектінің басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды міндетті түрде хабардар ету үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың талқылауы əдетте аудиттің жалпы стратегиясын, аудит мерзімін, барлық байланысты шектеулерді немесе қосымша талаптарды қамтиды.
Басшылықпен талқылау аудит келісімін басқару, орындауды қамтамасыз ету үшін жиі өткізіледі. Бұл талқылаулар жиі өткізілгенімен де аудиттің жалпы стратегиясы мен жоспары бойынша жауапкершілік аудиторларға жүктеледі. Аудитің жалпы стратегиясы мен жоспарына енгізілген сұрақтарды талқылауда аудитор аудиттің тиімділігіне нұқсан келтірмеу үшін бар мүмкіндікті жасауы тиіс.
Аудиттің бастапқы келісімін қосымша қарастыру
Аудит басталғанға дейін аудитор келесі жұмыстарды орындауы керек:
а) клиентті жəне аудиттің арнайы келісімін қабылдауға қатысты шараларды орындау (220 АХС-н қараңыз)
б) аудитор алмастырылған жағдайда этикалық талаптарға сай алдыңғы аудиторға хабарлау.
Аудитті жоспарлау мақсаты бастапқы аудит үшін жəне ілеспелі аудит үшін біреу ғана. Бірақ бастапқы аудит те аудитор жоспарлау жұмысының көлемін ұлғайтады.
Алдыңғы аудит бойынша аудитор аудиттің жалпы стратегиясы мен жоспарын жасауда мынадай қосымша сұрақтарды қарайды:
- егер заңға жəне нормативтік актілерге қайшы келмесе, алдыңғы аудитормен əрекеттесу, мысалы жұмыс құжаттарын шолу жүргізіледі.
- басшылықпен талқыланған барлық негізгі мəселелер (бухгалтерлік принциптер немесе стандарттарды қолдану) жəне осы мəселелер туралы басқару өкілеттігіне ие тұлғалар жəне осы мəселелерді аудиттің жалпы стратегиясы мен аудит жоспарына əсері.
- алғашқы айырымға қатысты жеткілікті жəне сəйкес аудиторлық дəлелдер алуға қажет жоспарланған аудиторлық шаралар (510 АХС «Бастапқы келісімдер - алғашқы айырымдар» 2 тарауын қараңыз).
- қабілетті жəне компетенетті фирма тұлғасын тағайындау.
- фирма жұмысының сапасын бақылауға арналған басқа да шаралар.
Толық кіріс жөніндегі есептілік. Ұйым кезең ішінде танылған кіріс жəне шығыстардың барлық баптарын ашып көрсетуі тиіс:
(а) толық кіріс жөнідегі бір есептілікте; немесе
(b) екі есептілікте: пайда немесе шығынның құрағыш бөліктерін көрсететін есептілікте (бөлек қаржылық есептілік) жəне пайда немесе шығыннан басталатын жəне басқа толық кірістің компоненттерін көрсететін екінші есептілікте (толық кіріс жөніндегі есептілік). Толық кіріс жөніндегі есептілікте ұсынылуға тиiстi ақпарат.
Пайдалар мен шығындар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсететін кем дегенде мынадай желілік баптар болуы тиіс:
(а) табыс;
(aa) амортизациялы құнда өлшенген қаржылық жағдай туралы есептен шығарудан келіп туындайтын кіріс пен шығыс;
(b) қаржыландыру бойынша шығындар;
(с) қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен ұйымдардың пайдалары мен залалдарына үлес қосып қатысу бойынша есептеу əдісіне сəйкес ескерілген ұйымның үлесі; (ca) егер қаржылық акция əділ құнда өлшенгендей қайта жіктелген болса, алдыңғы сома мен қайта жіктеу мəліметіндегі əділ құн арасындағы айырмашылықтан туындайтын кез-келген табыс немесе залал (9 (IFRS) ХҚЕС-та анықталғандай);
(d) салық бойынша шығыстар; (е) төмендегілердің жалпы сомасын құрайтын бірегей сома:
(і) салық салудан кейінгі пайда немесе залал (іі) тоқтатылған қызметті құрайтын шығу тобы немсе активтерді сату немесе шығару үшін ең төменгі құнның нақты шығынын бағалауда танылған салық салудан кейінгі табыс пен шығын (f) пайда немесе залал. (g) басқа толық кірістің сипатына қарай жіктелген əрбір құрағыш бөлігі ((h)тармағындағы сомадан басқасы)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет