6.Тақырып. Мүлік салығы
Лекция мақсаты : Мүлік салығын төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңдерін, және жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығын есептеу тәртібін қарастыру болып табылады.
Лекция сұрақтары:
Мүлік салығының экономикалық мәні мен табиғаты.
Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салудың экономикалық мазмұнына жалпы сипаттама.
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер.
Лекция мазмұны:
Жалпы меншікке салынатын салықтың мейлі жер салығы, мүлік немесе көлік құралдарына салынатын салық болсын, олардың мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру, өйткені салықтың мөлшері меншіктің көлеміне, сапасына қарай белгіленеді. Алайда, көлемінің ірі болуы табыстың көбеюуіне кепілдік бермейді: егер салық салынбаса ірі меншік иелерінің артықшылықтары молаяды да, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмайды. Осылайша мүлік салығы, жер салығы қоғам алдында салық жауапкершілігін көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады. Бұл салықтардың әрқайсысы өздерінің салық салу базаларымен, ставкаларымен, есептеу әдістерімен, төлеу мерзімдерімен бір- бірінен өзгеше екеніне қарамастан бір функционалды топқа біріктіруге болады:
Төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынасына және салық салу объектісіне қарай тікелей салықтарға жатады. Өйткені белгіленген ставкаларды негізге ала отырып, салық мүліктің құнына тікелей салынады. Пайдалану белгісіне қарай меншікке салынатын салықтар жалпы салықтарға жатады. Яғни, бұл салықтар түрлері бойынша салық сомасы мемлекет қорына түсіп, пайдалану барысына ғана негізделеді.Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай бұл салықтар нақты салықтарға жатады. Нақты салықтар мүліктің сыртқы белгісіне байланысты нақты табыстың түсуі есептелместен салынады. Сонымен бірге, аталмыш салықтар тобын қазіргі кезде жеке салықтар қатарына жатқызып жүр, себебі олар, табыс салығы сияқты жеке салықтармен бірге алынады.Меншікке салынатын салықтар салық салу әдістерінің кадастрлық және декларациялық түрлерімен алынады да, жергілікті бюджетке түседі.Меншікке салынатын салықтарды “санитарлық” (сауықтыру) салықтар деп те атайды, өйткені мемлекет аталған салық ставкасын жоғары көтерген кезде, салық төлеушілер өз меншік құқығындағы, оралымды басқаруындағы және иелегендегі кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын немесе пайда әкелмейтін, тиімсіз салық салу объектлерінен құтылуға асығады. Әрине, пайдасы жоқ объектге босқа салық төлегісі келмейді.
Енді осы меншік салығы тобына жататын салықтардың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері мен айырмашылықтарына жеке жеке тоқталып өтетін болсақ.
Оның ішінде, мүлікке салатын салықты қарастыратын болсақ, әртүрлі шаруашылық субъектлері мен жеке тұлғалар үшін күрделі, әрі жалпы салықтардың біреуі болып мүлік салығы табылады. Өйткені оны жеке азаматтар да, кәсіпкерлер де төлейді. Қазақстан заң актлеріне сәйкес оның төлеушілері меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды және жеке тұлғалар. Салық төлеушілердің оны төлеу кезіндегі негізгі міндеті салық салу базасын тиімді анықтау және мүлікті дұрыс бағалау болып табылады. Мүлік салығы жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау орталығы жүргізген мүлікті бағалауға сәйкес аумақтық салық органдарымен есептеледі.
Бұл жағдайда құрылымдық бөлімшелер бойынша мүлік салығының сомасы жалпы заңды тұлғалар бойынша мүлік салығымен сәйкес келуі керек.
Қазіргі кезде өкілдіктерді пайдаланушылардың категорияларының саны азаюда, өйткені Қазақстанда қолданыстағы салық кодексі бойынша жеңілдіктер келесі субъектлерге қолданылады:
Коммерциялық емес ұйымдар;
Әлеуметтік ұйымдар;
Ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы мемелекеттік кәсіпорындар;
Негізгі қызметі кітапханалық қызмет көрсету болып табылатын ұйымдар;
Мемлекеттік меншікке жататын және мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрлыстарының объектлері бойынша заңды тұлғалар;
Ауылшаруашылығы өнімін өндіруші- жерді тыңайтуға арналған гидромелиоративті құрылғылар объектлері бойынша заңды тұлғалар бойынша жеңілдікті салық ставкасын пайдаланылады.
Жоғарыдағы мәліметтердің келтірілу себебі, қаржылық қызметтер мүлік салығының жеңілдіктер категориясын дұрыс анықтамауына байланысты дұрыс есептелмеуі де мумкін. Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткеніндей көптеген қателер кетуі мүмкін.
Жеке тұлғалардың мүлік салығына келетін болсақ, “Салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы” заңда бұл салықты жеке тұлғалардың бөлек төлеуі жөнінде жеке көрсетілмеген болатын.
Бұл салық жергілікті болғандықтан, ол мүлік орналасқан аумақтың жергілікті бюджетіне төленеді. Егер жеке тұлғаның саяжайы қаланың сыртында болса мүлік салығы аумақтық салық комитетінен алынған хабарламасына сәйкес осы аумақта төленеді.Тұлға меншік құқығын сату, ауыстыру және беру кезінде салық салу объектісін іс жүзінде иелену кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Салық жылының сомасын салық салынатын объектіге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) бюджетке енгізуі мүмкін Бұл салықты төлеу жөнінен жеңілдіктер бар. Қолданыстағы салық кодексіне сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайтындар төмендегілер:
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту кезінде;
Салық салу объектілерінің бір мың есептік көрсеткішке тең құны шегінде мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:
Социалистік Еңбек Ерлері, “Халық Қаһарманы” атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және “Отан” орденімен наградалған адамдар ;
“Ардақты Ана”атағын алған , “Алтын алқа”алқасымен наградталған көп балалы аналар;
Салық салу объектілерінің бір мың бес жүз есептік көрсеткішке тең құны шегінде мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:
Кеңес Одағының Батырлары, Ұлы Отан Соғысына қатсушылар, соларға теңестірілген адамдар, І және ІІ- топтағы мүгедектер;
Осы аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты Салық Кодексінің 36-бабына сәйкес есептейді және төлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |