Лекция мәтіні: «Адамзаттың тарихқа дейінгі тарихы»


Тақырып: Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы пәнінің теориялық және методологиялық аспектілері



бет2/17
Дата21.06.2023
өлшемі106,07 Kb.
#102757
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Тақырып: Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы пәнінің теориялық және методологиялық аспектілері


Жоспары:

1. Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясының проблемалары және маңызы


2. Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясының дерек-көздері
3. Алғашқы тұрмыс тарихының шежіресі мен дәуірленуі
4. Алғашқы қоғам тарихнамасы


Лекция мақсаты: Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, рулық қоғамның шығуы, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының алғы шарттары, дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Лекция мәтіні:
1. Алғашқы тұрмыс коғамы тарихының дерек-төркіндері мейлінше сан алуан. Адамзаттың өткен шағы туралы көрсететіндердің, адамның жасағандарының, оның ыкпал еткендерінің, адам ісі-әрекеттеріне ықпал етіп әсерін тигізгендердің бәрі, - міне тарихи ғылым үшін дерек-теркін жиынтығы осындай. Алғашкы тұрмыс тарихының ерекшелігі сол, ол түгелдей, жазу-сызуы жок дәуірге қатысты бол келеді; тарихи ғылымдар үшін асамазды жазба дерек-төркіндер оның ақырғы дәуірін қоспағанда. Алғашқы тұрмыс тарихы үшін негізгі көздердің басқа түрлерімеи салыстырғанда олшеусіз аз роль атқарады. Көне замандардан сақталған заттың деректөркіндердің немесе оларды басқаша атап жүргендей археологиялық ескерткіштердің зор маңызы бар. Заттық деректөркіндер, яғни еңбек құралдары, көне құрылыстардың қалдықтары, сәндык бұғымдар, ыдыс аяқтар, тағы сондайлар - бұл оны жасаған қоғамның материалдық мәдениетінің қалдықтары.
3аттар - аса бағалы тарихи деректөркін, өйткені бұлардың бәрі өз дәуірінің өнімі болып саналады, тек сол дәуірге ғана тән болып келеді, әрі олардын өздері өндірілген сол кездің тіршілік жағдайын бейнелеп көрсетеді. Алғашқы тұрмыс қоғамының заңдылық түсіну адам эволюциясының ен бойында, адамның өзінін, физикалық типінің өзгерістердің, осы езгерістердің қозғаушы күштіп антропогенездің осы заманғы теориясымен таныспайынша мүмнін емес. Тарихтын тең сәрісінде, Лениннін айтуы бойынша қалыптаасып келе жатқан адамдарды физика типі көп жағынан әлі де олардың мүмкінді анықтайтын еді. Сондықтанда тарихи дамудын қуатты факторлары ретінде алға шықты. Сол себептен де еңбек қызмет ен көне кезеңде әлеуметтік үйымдардың қаралуы адамның өзінің биологиялық тарихынана бөлуі болмайды. Табиғат тұралы мәселе Карл Линней оны жануарлар патшасы системасын енгізеді. Әрі адамды сол кездеге белгілі маймылды бірге қосып сүтпен қой ктеьушілер кұрамына приматтарды XVIII ғасыр орта шенінде тұнғыш рет ғылыми негізге қойылды. Айтылғандарды қорытайық. Қазіргі заманғы адам приматтар отряды гоминидтер семьялығына жататын Ното текті түрін құрайды. Осы заманғы адамзаттың нәсілдері арасындағы морфологиялық айырмашылықтар жай кезге көрінгеніне де қарамастан. Бірақ олар өмірлік маңызы жоқ екінші дәрежелі белгілерден де керінеді. Сондықтан де қазіргі кезде, тіпті шетел ғылымы әдебиетінде таралып жүрген нәсілдік концепцияларға қарсы әлі күнге дейін өмір сүріп отырған нәсілдер толық негізделе отырыл, бір түрге жатқызылуын мүмкін.
2. Алғашкы тұрмыс қоғамын зерттеуде бұрын аталып та өткен көрнекті американ ғалымы Льюиус Генри Морганның (1818 - 1881 жж.) аса маңызды еңбегі бар. Ол өзінің ілімін «Көне қоғам» деген еңбекте (1877 ж.) неғұрлым толық баяндаған; сондай-аң Морганның «Туысқандық және қасиет системасы» (1870 ж.) және «Американ жергілікті халыктарының үйлері және үй іші тіршілігі» (1881 ж.) деген еңбектерінің маңызы зор болды. Онын қорытындылары этнографиядан, археологиядан, әрі жер шарының барлық бөліктерінің тарихынан көптеген фактілерге негізделді, бірақ солтүстік америка үндістер ирокездеріндегі коғамдық қатыкастарды Морганнын зерттеуі мен ирокез руының реконструкаиясы ерекше маңызға ие болды. Морган ілімінің негізіне адамзет пен оның мәдениеттнің прогрессивті дамуының тутастық принципі алынған, бірақ басқа эволюционистерден айырмашылығы, Морган әрқашан да дәйекті болмағанымен бул прогрестің себептерін қоғам дамуының материалдық жағдайларыны деп білді, бұл ол жасаған алғаш тұрмыс тарихының дәуірленуінен керінеді. Морган идеализмнен толык қол үзейалмайды (ол, мәселен, меншіктіктің емес, «меншіктік идеясының» дамуы болып жатады деп сатады), бірақ оның ақырғы қорытындылары стихиялық материалистік қорытынды еді. Морған алғашқы тұрмыстық қауымдык, құрылыстың негізгі ұясы ең арғы аналық формадан ал кейінгі әкелік формаға карай дамыған ру екендігін көрсетті. Ол алғашқы тұрмыстық қоғамның экономикасы қауымдық меншікке негізделгенін және коллективизмнің бұл принципі алғашқы тұрмыс халықтарынын, қоғамдык өмірінін, басқа жақтарын да, соның ішінде олардың семьялық некелік үйымдарының бастапқы формаларын да анықтағаны тапты. Ұлы географиялық жаңалықтар ашылулар дәуірінде және кейінгі ғасырларда тез жинақталып, қорланған әрі өсе түскен этнографиялық материал табиғи түрде алғашқы тұрмыс қоғамның қалыптасуының түрлі теорияларымен туына әкел соқты.
Алғашқы турмыстық адам қоғамын тарихи реконструкциялау, сірә, алғашқы тұрмыс тарихының ең күрделі проблемасы болып табылады. Қандай да болсын тура параллель жоқ болғандықтан, ол жөнінде тек жанама деректердің негізінде ғана пайымдауға болады. Бұл, біздің деректеріміз, бір жағынан, маймылдардағы табындық қарымқатынастар, екінші жағынан, археология мен антропологияның кейбір фактілері, сондай-аң азды-көпті ықтималдық үлесімен адамзаттық өте ертедегі, рұлык күйге дейінгі сарқыншақтары ретінде қарала алатын этнография фактрлері. Осы деректердің барлығын салыстырып және талдау сол заманнын қоғамдың тіршілігі туралы көп жағынан гипотездік ұғым болғанымен, жалпы ұғым жасауга мумкіндік береді, бірақ толып жатқан анық емес таза логикалык болжауларға даулы. болжамдарға, әрине, орын қалады. Л. Г. Морган өзінің «Көне қоғамында» некелік жыныстың қатынастардың алғышқы (ең көне) формасы қандас-туыстың семья, дейтін болды деген жобаны ұсынды. Морган қандас-туыстың семьяда некелік ортақтың тек бір ғана ұрпақты барлық туыстарды екі-үш аталық т. б. бақырларды және қарындастарды, олардың түыстарының бүкіл ұрпағын қамтыды, деп санайды. Түрлі ұрпақтардың арасындағы некелік қатынасқа жол берілмеді. Бұл гипотезаны ұсына отырып, Морган этнографтар Полинезийдағы Гавай аралдары халықтарынан тапқан малайя, немесе гавай туыстық жүйесі рейтіннің анализіне сүйенді. Туысқандықтың бұл системесында анасы мен әкесі тек өзінің балаларын ғана емес, соңдай-ақ өзінің барлық бауыры мен қарындастарының балаларын өз балам деп атайтынын, ал балалар өз кезегінде тек өзінің туған ата-аналарын ғана емес, сондай-ак барлық өздерінің қарындастары мен бауырлары ата-аналарымыз деп атайтын фактілеріне сүйеніп, ол некелерді реттеп отырудың ең көне формасы, таяудағы еткен шақта әлі гавайлықтарда сақталып отырғандай, қандас-туысқандық семья болды, деп қорытынды жасайды.
Ойлау мен сөздің шығуы алғашкы тұрмыстық қоғам тарихында асе күрделі проблема болып табылады, мұны шешудін, қиындығы осы процестің негізгі кезеңдерін көрсетіп беретін біздің қолымызда тура емес, тек жанама деректердің болуы қиындата түседі.
Ойлау мен сөздің дамуының ең көне сатыларының шығуы мен реконструкциясын анықтау үшін, негізгі төркіндер бірнешеу. Ең алдымен бұл — салыстырма психология, салыстырма физиология мен тілі білімі, сондақ-ақ этнография мен археология. Бірақ бұл мәселелерді шешу үшін антропогенез процесіндегі сөзбен ойлаудың материалдыіқ аппараты төменгі жақ сүйектің, мидың т.б. дамуы туралы деректері бер антропология аса маңызды материалдар береді. Антропогенездің еңбек теориясы тұрғысынан алып, осы матерналдардың барлығын комплексті қарастыру ғана адамның ойлауы мен сөз функциясының дамуы тарихында негізгі кезеңдерді белгілеп алуға комектеседі.
Ойлау мен сөз адамның қалыптасу процесі еңбек қызметінің шығуы мен даму процесі, өндірістік даму процесі бір процестін екі жағы екені мүлде айқын дүние. Сондықтан да ең көне адамзат тарихында ой бұрын шыққан ба, оны білдіретін сөз бе, деген сұрақ беру дұрыс болмас еді.
3.Ерте және орта плейфстоцен бойында гоминид семьялығының эволюциясы адамның осы заманғы түрінің пайда болуы үшін қолайлы алғы шарттар жасады. Шынында да Homo тегінің көне заманғы өкілі – неандертальдық адамның интенсивті еңбек үкметі үшін барлық қажетті органдарды – үлкен миы, тік жағдайда жүргендегі, орнықты жүріс-тұрысы туралы айтпағанның өзінде оңтайлы қолы болған іспетті еді. Бірақ жоғарыда аталып өткендей, оның ми құрылысы көптеген тұрпайы белгілерінің болуымен сипатталатын, ал қолының оңтайлылығы шеші болатын, бұл ойлау мен сөзді дамуы басқа неандертальдық адамның формологиялық ерекшеліктері, атап айтқанда оның құрылысы, өзінің агресивтігімен тежеулі басқаратын миы орталықтарының шамалы дамуы арқасында коллективтін қоғамдық тіршілігі жағдайларына, оның жеткілікті бейімделген тіршілік иесі екендігін делелдейді. Неандертальдын бас миы қабығы қызметіндегі қозу тежеуден айтарлықтай басым болатын, бұл неандертальдық табында ашыңған қатты ашу тудырып ауыр, кейде мүмкін өлім-жітіммен тынатын соқтығысуларға жиі әкеп соғатын.
Адамның осы заманғы түрлерінің пай-да болуы ерте палеолиттен кейінгі палеолитке көшу кезіндегі өндірігіш күштердің дамуындағы қуатты секіріспен тығыз байланысты. Бұл секіріс сонымен бір мезетте биологиялық эволюцияның аяқталу процесінің салдары да, сондай-ақ оның аса маңызды шарты, оның өзінше бір кажетті қоректік ортасы да болып табылды.
Алғашқы тұрмысты қауым құрылысына өндіргіш кұштер дамуьшың өте-мөте төменгі дәрежеде болуы тән. Оның бүкіл дамуы бойында дерлік карулар, жасау үшін басты материал болып тас қала берді, бұдан жетудіруге зорға дегенде кенетін тек қаңа ең қарапайының ғана жасауға болатын еді. Сондай-ақ алғашқы тұрмыс адамдырының еңбек дағдылары мен өндірістік тәжірибелері де мейлінше жетілдірі еді. Техникалық жағынан нашар жабдықталған, өзінің жеке басының күшін нашар білетін алғашқы тұрмыс адамы табиғат алдында бір өзі қорғаныссыз болды. Осыдан келіп алғашқы тұрмыс адамдары тіршілік ету жолында бірігіп күресуі үшін коллективтік еңбек пен еңбек құралдарына және өнімдеріне коллективтік меншіліктін сөзсіз бірігу қажеттігі туды. Алғашқы жеке меншікті адамды адамның қанауын және халықтан бөлінген күштеу, өкіметін білмеді. Бұл тапқа дейінгі мемлекетке дейінгі немесе оны сондай-ақ В.И.Ленин атағандай, алғашқы тұрмыстық коммунистік қоғам еді. Алғашқы турмыстык кауым қурылысының осы аса маңызды ерекшелігін оны зерттеудің неге тек танымдық қана емес сондай-ақ үлкен дүниеге көзкарастық манызы да болатынын түсінікті етеді.
4.Әуел бастапқы эйкумендердің кеңінен тарауы адамзаттың нәсілдік жіктелуіне мүмкіндік берді. Кейінгі палеолит дәуірі адамдарының бас сүйектерінін табылуы, осы кездегі адамзаттың нәсілге бөлінуінің негізгі ерекшеліктері, сол кейінгі палеолит дәуірінін, өзінде-ақ жеткілікті айқын білінгенін, дегенмен де қазіргі кездегіден оның аз болғаның көрсетіп берді. Нәсілге бөлінушілік материктер шекараларымен біршама дәл келіп отырды. Европеодиктік нәсіл көбіне - Европада, монголоидтық - Азияда қалыптасты, негроидтық нәсілдердің өкілдері Африка мен Авсралияны мекендеді. Бұдан өзгеше шекаралық аймақтарда — Жер орта теңізінде оның, Европалық жағалауында негроидтық нәсіл өкілдері кездеседі, ал Африкалық жағалауында европоидтік топтар, Кавказ, Орта Азияны негізінен европеоидтік нәсілдір өкілдері мекендеді. Оңтүстік және Онтүстік Шығыс Азияда негроидтар монголоидтармен және европеоидтермен араласып кетті. Сонымен, адамзаттың ең үлкен үш нәсілерінің, арасында морфологиялык айырмашылықтын пайда болуында немесе антропология деп аталып жүрген бірінші қатартағы нәсілдік айырмашылықта негізгі рольді екі фактор атқаруы ықтимал, сөзсіз әр материкте әр тұрлі болып келетін ортаға бейімделушілік жане материктер арасындағы өте айқын көрінетін табиғи шектердің, болуынан пайда болған тұтас материктердің кең байтақ даласындағы оқшауланушылық болды. Бейімдеушілік мәні бар нәсілдік белгілерге мысал келтірейік. Негроидтік нәсілдердің классикалың өкілдерінің терілері өте қара, шаштары бұйра, мұрындары өте жалпақ, еріндері қалық, дүрдиген болады. Белгілердің бұл комплексі негроидтардың өмір сүрген орта жағдайларына физиологиялың бейімделуінің сәтті үлгісі болып табылады, ол бұл орта, ең алдымен, өте жоғары температурамен және аса ылғалдылығымен сипатталады. Европалықтар тропикалық климат жағдайларына төзе алмайды, күннің ыстықтығынан және ауаның ылғалдығынан жиі ауырып қалады. Ал Африканың байырғы турғындарын алатын болсаң, бұндай климатта олар тамаша сезінеді. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады: африкандықтардың сол сияқты австралиялыктардың да жақсы көңіл күйін сақтауына, олардың жоғарыда аталған морфологиялық ерекшеліктері кемектеседі. Негроидтардың терісінің қара түсі терінің бүркеніш қабаттарында теріні күйіп кетуден сақтайтын меланиннің — ерекше пигменттің болуы арқасында түзіледі. Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстын дамуында тұтас дәуір бола отырып, аналық рулық кауым тарихи дамудың ұзақ жолынан өтті. Осы дәуірде алғышқы тұрмыстық адамзат жеңіп шыққан ең манызды меже табиғаттын дайын өнімдерін иемденуден, оларды өндіруге, яғни иемдениетің шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу болды. Бұл аңшылар мен балық ауалашылардың ер тедегі аналық-рулық қауымы ажыратуға негіз береді.
Ертедегі аналық-рулық қауымдық шектерде иемденуші іс-әрекеттің екі дәйекті кезеңте: археологиалық кезеңге және бірқатар аудандарда балық шаруашылығы ен де ұштасып келетін неғұрлым дамыған аңшылық шаруашылық кезеңге бөлінеді. Әдетте, аңшылықтың жаңа, өте тиімді қаруы-жебелер мен садақты қолдану бұлардың арасындағы шек деп санайды. Бұл ескерте кетуді керек етеді. Этнография садақты пайдаланбаған, бірақ аулаудың басқа, пәрменділігі азырақ қаруларын, мәселен духовой, жебе лақтыратын түтікті пайдаланған аңшылар тайпасын, атап айтқанда, Амазонка бассейнінің көптеген тайпаларын біледі. Дегенмен, археологиялық және этнографиялық материалдарға қарап пайымдағанымызда, жетілдірілген аңшылық қаруы ретінде нақ садақ неғұрлым кеңірек тарағандығы хақ өйткені, бұдан ертедегіден неғұрлым кейінгідегі аңшылық шаруашылығына көшудің белгілі бір дәрежеде шартты болса да, өзіне тән белгісін көруге болады.
3 лекция




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет