Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы


ТРАНСКРИПЦИЯ ТЕТІКТЕРІ (МЕХАНИЗМДЕРІ)



Pdf көрінісі
бет20/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
ТРАНСКРИПЦИЯ ТЕТІКТЕРІ (МЕХАНИЗМДЕРІ) 
 
Транскрипцияның ең алғашқы және маңызды кезеңі – оның инициясы: РНҚ-полимеразаның 
промоторымен байланысуы және алғашқы нуклеотидтераралық (фосфодиэлектірлік) байланыстың түзуі.
РНҚ поимераза мен промотордың байланысуы қалайша жүзеге асады.
Бактерияларда РНҚ полимераза промотор құрамындағы белгілі бір нуклеотидтер жұптарының 
бірізділігін тікелей таниды, мыс: Прибнов боксын. Бактерияның РНҚ полимераза ферментінің корферменті 
3 түрлі субъеденицадан – α, β, β
1
, құрылған тетромер болып табылады. Ол өздігінен промотормен байланыса 
алмайды, ал егер оған ерекше ақуыз – σ – фактор жалғанса онда σ – фактордың қатысуымен РНҚ-
полимераза ферменті промотордың Прибнов боксын танып, онымен байланысады да транскрипцияны 
бастайды.
Эукариоттарда промотормен көптеген ақуыздар байланысады, мыс: ТҒІІD, ТҒІІА, ТҒІІС, ТҒІІН 
кешендері, сонымен қатар ген транскрипциясының инициялануы үшін осы генннің энхансерлерімен 
байланысатын басқа да транскрипциясының инициациялануы үшін осы генннің энхансерлерімен 
байланысатын басқа да транскрипция факторлары (мыс: Р-53) қажет.
РНҚ полимераза промотормен байланысып, ДНҚ молекуласының локальды денотурациялануын, яғни 
ДНҚ тізбегінің 1,5-2 ширатпа ұзындығында бір – бірінен ажырауын туғызады. Осылайша транскрипциялық 
«көзше» пайда болады және «көзшедегі» ДНҚ-ның матрицалық тізбегінде орналасқан нуклеотидтердің р → 
НМФ- тармен комплиментарлы жұптасуына мүмкіндік туады.
Жаңадан синтезделуші РНҚ тізбегіне алғашқылардың бірі болып пуриндік нуклеотид – АТФ не ГТФ 
қосылады және ол өзінің фосфат қалдығын сақтап қалады. Содан кейін екінші нуклеотидпен алғашқы 5 
1
- 3 
1
– фосфаттық байланыс түзеді. Осыдан кейін бактерияларда б- фактор РНҚ-полимеразасымен байланысын 
үзіп, түсіп қалады.
Инициациядан кейінгі кезең – элонгация: синтезделуші пре-РНҚ тізбегінің жайлап ұзаруы 
терминациялық учаскеге дейін жалғасады. РНҚ синтезінде 1 секундта шамамен 30 нуклеотид жалғанады.
Жалпы алғанда транскрипция қателіксіз жүреді, себебі ол матрицалық (қалып), комплиментарлық 
принциптерге негізделеді, бірақ кейде 2х 10 

нуклеотидтен біреуі қате жұптасуы мүмкін. Бұл қателіктер 
мутацияға алып келеді, сондықтан олар дер кезінде эндонуклеозалар арқылы жөнделіп отырады.
Транскрипцияның соңғы кезеңі терминация, немесе транскрипцияның аяқталуы. Терминацияға сигнал 
болып геннің аяқ жағындағы ГЦ-га бай учаскелері саналады. Г – Ц байланысы (3 сутектік байланыс) мықты, 
берік болғандықтан ДНҚ – ның осындай учаскелерінің локальды денатурациялануы (екі жіпшесінің 
ажырасуы) қиындай түседі. Бұл РНҚ полимераза ферментінің жылжуын баяулатады және транскрипцияның 
тоқталуына алып келеді.
Синтезделген пре- РНҚ-ның ДНҚ молекуласынан босанып шығуын бактерияларда ерекше ақуыз Rho- 
фактор қамтамассыз етсе, эукариоттарда жаңадан синтезделген пр-РНҚ – ның аяқ жағындағы ГЦ – бай 
учаскесіндегі нуклеотидтер арасындағы әрекеттесулер салдарынан пайда болатын «ілмешекшелер» 
(шпильки) атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет