Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы


ДНҚ МОЛЕКУЛАСЫНЫҢ РЕТТЕУШІ УЧАСКЕЛЕРІМЕН БАЙЛАНЫСАТЫН АҚУЫЗДАР



Pdf көрінісі
бет18/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
ДНҚ МОЛЕКУЛАСЫНЫҢ РЕТТЕУШІ УЧАСКЕЛЕРІМЕН БАЙЛАНЫСАТЫН АҚУЫЗДАР 
 
ДНҚ –мен байланысатын ақуыздар саны өте көп. Құрылымдарына қарай оларды топқа топтастырады:
а) «Ширатпа – бұрылым - ширатпа» мотивтері болатын ақуызда.
Бұл ақуыздардың ДНҚ-ны танитын, онымен байланысатын учаскелері ілмек арқылы қосылған екі α – 
ширатпадан тұрады. Олардың біреулері белгілі бір нуклеотидтер бірізділігімен спецификалық әрекеттесіп, 
ДНҚ молекуласымен тікелей байланысады.
б) Гомеодомендері болатын ақуыздар.
Бұларға эукариоттардың эмбриональдық дамуына жауапты гемейотикалық гендердің өнімдері жатады. 
Осы ақуыздар арқылы кейбір гендердің өнімдері жатады. Осы ақуыздар арқылы кейбір гендерді іске қосып, 
кейбірулерін істен шығарып ағзалардың дамуы реттелінеді.
Бұл ақуыздардың ерекшелігі – гомеодомендер деп аталатын біртипті домендердің болуы.
Гомеодомен, шамамен 60- тай аминқышқылдарынан құралған, құрылысы жағынан прокариоттардың 
ақуыз – репрессорларына ұқсас болады.


в) «Мырыш саусақтары» болатын ақуыздар.
Бұл ақуыздардың саусақтәрізді құрылымдары болады. Олар мырыш томының 2 цистеин және 2 гистидин 
аминқышқылдарының қалдықтарымен 4 байланыс пайда ету арқылы тұрақтанады.
Саусақтың сыртқы бетінде ДНҚ-ның белгілі бір нуклеотид бірізділігін арнайы танитын α – ширатпа
орналасқан. Саусақтардың саны әртүрлі ақуыздарда түрліше болады.
Бұл топқа эукариоттардың көптеген реттеуші ақуыздары, атап айтқанда стероидтық гормондардың 
жасушаішілік ақуыз – рецепторлары жатады.
г) Лейцин «ілдіргіші» бар ақуыздар. 
Бұл топқа бір – бірімен Лейцин қалдықтары арасындағы гидрофобтық байланыстар арқылы қосылған 2 
субъеденицадан (бөлшектен) тұратын ақуыздар кіреді.
ДНҚ мен байланысатын учаскеде негіздер қасиетіне ие аминқышқылдар – аргенин және лизин көптеп 
кездеседі.
Бұл топқа эукариоттардың көптеген транскрипциялық факторлары кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет